Бастау алып ағады Қытай жерінен, Бұрынғы атақоныс қазақ елінен, Көп өзендер суымен молығып, Тоғысады Қара Ертіс Зайсан көлімен. Зайсан көлінен ұзын Ертіс ағады, Қалың тоғай көк майсалы жағалы. Өскемен, Семей, Павлодарды қақ жарып, Солтүстік Мұзды мұхитқа құяды,- дегендей, бастауын сонау Қытай жерінен алатын Ертіс өзенінің өз өлкеміздегі жағдайымен таныстыру. Жұмыстың мақсаты: Мен бұл жұмысымның негізгі тақырыбын экологиялық тұрғыдан қарап, көбінесе Ертіс өзенін ластаушы көздерге тоқталуға тырыстым. Қойылған мақсатқа жету әдіс - тәсілдері: Жұмысты бастамас бұрын Ертіс өзені жайлы жазылған еңбектерді, яғни әр - алуан кітаптар мен энциклопедияларды қарастырып, жұмысымның негізгі тақырыбына арқау бола алатын материалдар жинастырдым. Жетекшіммен бірге жыл мезгілдеріне байланысты өзен температурасын өлшеп, судың жылдамдығын, ағындық мөлшерін анықтап отырдық. « Семей водоканал» зертханасында болып, судың құрамын, сапасын анықтадық. .....
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңдағы халық бастан кешіп отырған дағдарысты жеңудің ең маңызды шарттарының бірі ― біздің қоғамымыздың интеллектуалды ресурстарын белсендіру қажеттілігі болып отыр. Жекелеген жағдайда, ол адамның өзін-өзі және өзге адамдарды, қоршаған адамдармен қарым-қатынасын түсіне алу қабілеті, тұлғааралық қарым-қатынастарды болжай алу қабілеті ретінде қабылданатын қоғамдық интеллекттің даму мәселесін болжайды. Заманауи ғылыми білім тұлғаның мазасыздану мәселесіне асқан қызығушылық танытуда. Бұл қызығушылық ғылыми зерттеулерде көрініс беруде, онда бұл мәселе психологиялық және өзге де көптеген аспектілерде талданып, негізгі мәселе болып отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуымен тығыз байланыста болатын жеке тұлғаның эмоционалды-еріктік аумағының қалыптасуы ― психикалық дамуды анықтайтын ұзақ және қиын үрдіс. Ол қоршаған адамдар, әсіресе бала тәрбиесімен айналысатын ересектер тарапынан болатын ықпалдың әсерімен жүзеге асады. Баланың эмоционалды аумағының ерекшеліктерін біле алмайынша, олардың әрекеттеріне тиісінше жауап қайтару, сәйкесінше жазалау мен мадақтау таңдау, тәрбиені мақсатқа сай басқару қиын. Мазасыздану ― біздің заманымыздың өте кең тараған психологиялық феномені. Ол көбіне невроздар мен функционалды психоздардың симптомы болып табылады және де басқа аурулардың синдромологиясына енеді немесе жеке тұлғаның эмоционалды аумағының бұзылуының негізгі түрткісі болып табылады. Мазасызданудың әлеуметтік шарттандырылған фактор ретіндегі мәні Американдық психологтар мен психопатологтар ассоциациясы өткізетін жыл сайынғы симпозиумдардың ең алғашқыларында атап өтілді. Ол зерттеу тақырыбын таңдау мен оны жүргізуге негіз болып отыр. Зерттеу мақсаты: жеткіншек жастағы эмоционалды мазасыздануды қалыпты жағдайда және ауытқуда зерттеу. Зерттеу пәні: жеткіншек жаста мазасызданудың көрініс беруі. Зерттеу объектісі: жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беру ерекшеліктері. Зерттеудің негізгі болжамы: жеткіншектердің қалыпты жағдайдағы және ауытқудағы мазасыздануының сандық және сапалық ерекшеліктері бар деп болжанды. Жеке болжамдар: 1) Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларда мазасыздану деңгейі қалыпты жағдайдағы балаларға қарағанда төмен. 2) Сөйлеуінің қарқыны, ырғағы және жатықтығы бұзылған балаларда мазасыздану деңгейі қалыпты жағдайдағы балаларға қарағанда жоғары.....
Әлеуметтік педагогика тәрбиелеу процесі және жеке адамның теориялық және қолданбалы бағыттары тұрғысынан қарастырылады. Негізінен әлеуметтік педагогика қоршаған ортадағы адамға қажетті тәлім – тәрбиені беруді басты мақсат тұтады. Бұл жеке адамның әлеуметтенуінен анықталады. Ұлы ғалымдардың ойынша әлеуметтік педагогика – педагогиканың саласы, ол әр – түрлі топтағы адамдардың әлеуметтік тәлім – тәрбиесін белгілі бір орталықтарда, кәсіпорындарда, ұйымдарда қарастырады. Әлеуметтік педагогика педагогиканың тарихына жүгінеді, ол яғни тарихи кезеңдегі оқыту мен тәрбие берудің тәжірибесі және басқа мемлекеттердегі тәжірибелік тәрбие мен оқыту болып келеді. Бұл негізінен педагогиканың басты салалары болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік педагогиканың салаларына: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, кәсіби білім педагогикасы, қоршаған орта педагогикасы, әлеуметтік жұмыстың педагогикасы жатады. Мына айтылған әлеуметтік педагогиканың әр бір салаларының өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Әлеуметтік педагогика әлеуметтік тәрбиемен, әлеуметтік психологияның педагогикасы мен басқару психологиясымен және әлеуметтік біліммен белгілі бір маңызды бағыты ретінде өзара байланыс жасайды. Сондай – ақ әлеуметтік педагогика философия тәрбиесін, қазіргі адамдар арасындағы тәрбиелеуді қарастырып, өз іс - әрекеттерін байланыстыра отырып жүзеге асырады. Қазіргі кезде әлеуметтік педагогиканың басты ерекшеліктеріне: гуманизмдық бағыт, ынтымақтық, достық тәрбиеның қалыптасуы жатады. Көмектесуде ең алдымен адам өз - өзіне көмектесе білу керек, яғни өзін жан – жақты көрсетіп, өзіндік ерекшеліктермен не өзгешелігімен көрініп, алдыға қойған басты мақсаттар мен міндеттерге жауапкершілікпен қарау керек. Әлеуметтік тәрбиедегі гуманизм жеке адамға көмектесуге негізделеді. Әлеуметтік тәрбиедегі гуманизмнің негізгі принципі: адам қандай да болмасын қандай бар солай қабылдау. Оның басына туған проблемалардан қашпай, керісінше бұндай қиын сәттерде көмектесу керек. Қазіргі әлеуметтік педагогиканың басты шарты – бұл өзіндік педагогика бөлімдері. Бұл бөлімдерде әлеуметтік тәрбиелеумен оқытудың әдістері қалыптасқан. Әлеуметтік педагогиканың әдісі: өзіндік тәрбие, өзіндік ұйымдасуға, өзіндік қызметтерді орындауға бағытталады. Әлеуметтік орта дегеніміз – бұл біріншіден өте кең әлеуметтік болмыс, мемлекет, халық. Ал, екіншіден адамдарды қоршап тұрған орта, әрі адамның қалыптасуына өз септігін тигіэетін орталықтар мен ұйымдар. Оларға мысал ретінде мектептегі, жоғары оқу орнындағы арнайы тәлім – тәрбие беруді де жатқыза аламыз. Әлеуметтік тәрбие – көпмағыналы мәнге ие. Бұл адамдардың өздерінің болашақтары үшін қамқорлық, адамдардың қоғамға деген жәрдем жасауы, яғни қиын кездерде көмек көрсету, адамдардың ұйымдарға, орталықтарға қолдау көрсетуі. Бұл адамдардағы көмек көрсету, адамның отбасындағы, халық арасында, құқықтық нормаларда, экономикалық, азаматтық және тұрмыстық қарым – қатынастарда қалыптасқан. ....
Алматы облысы республиканың оңтүстік шығысындағы өсімдік шаруашылығы саласымен айналысатын ірі аймақ. Облыста егіншілікпен қатар, сүтті және етті ірі қара малдар шаруашылығы дамыған. Сондықтан, өңірде мал шаруашылығын жеткілікті мөлшерде мал азығымен қамтамасыз етуде жоғары өнімді, сапасы жоғары дақылдарды өсірудің практикалық маңызы зор. Кербұлақ ауданының көптеген шаруашылықтары шөл-далалы жерлерінде орналасқан. Ауадан экономикасын көтеріп, жергілікті халықтың әл-ахуалын жақсартуда жетекші роль мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Әзірге ауданда мал шаруашылығын өркендетудің мүмкіндіктері толық қанды пайдаланылмай отыр. Сол себепті, ірі қара малдың тұрақты берік мал азығы қорымен қамтамасыз етуде, мал азығы рационында сүрлемдік дақылдардың үлесін арттыру қажет. Себебі, олардың қорытылғыштығы жоғары, сүт қуғыш өсімдіктер. Өңірдегі негізгі сүрлемдік дақыл – жүгері. Дақылдың дәнін қамырланып пісуге дейін апару, құрғақ заттар үлесін дәнінде 50%, ал жалпы өсімдікте 28% жеткізеді. Әзірге ауданда сүрлемдік жүгерінің өнімділігі төмен. Дақыл өнімділігінің төмендегінің басты себебі, оның қарапайым технологиямен өсіріліп, ерте орылуы, яғни сүттену сатысында сүрлемге салу. Қазіргі кезде, өндірісте қолданылып жүрген жүгері сорттары мен будандары ерте және орташадан ерте мерзімде пісетіндер. Сондықтан, олардың дәнінің қамырлану сатысында әбден жинауға болады. Аталған сатыда жүгеріні сүрлемге жинау өнімділікті көтерумен бірге, оның сапасын жоғарылатады. Өңір диқандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі, сүрлемдік жүгеріні қарқынды технологиямен өсіру арқылы собығын қамырлану сатысына жеткізіп ору. Қарқынды технологиямен өсіруде күтіп-баптау шараларына үлкен мән беріледі. Себебі, вегетация дәуірінде, әсіресе оның бастапқы сатысында жүгері баяу өседі де, танаптар арамшөптермен күшті ластанады. Жүгері танаптарында арамшөптер күресу қатараралықтарды өңдеу арқылы жүзеге асырылады. Танаптың арамшөптермен ластану көрсеткіші өңдеу саны мен сапасына тікелей байланысты. Сондықтан диплом қорғаушы шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойып, онда ол сүрлемдік жүгері қарқынды технологиясының негізі буыны – қатараралықты механизациялау әдісімен өңдеудің сүрлем өнімділігіне және оның сапасына әсерін зерттеп, эксперимент нәтижелері бойынша дипломдық жұмыс орындады.....