Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – өмір аясы Тәрбие сағат мақсаты: 1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру; 2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу. 3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету. Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары. Тәрбие сағатының барысы. Серік Арайлым «Аққу» биі
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы - өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер! 1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді. 2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді 1-жүргізуші: Әке деген - биік шыңы адамның, Әке деген - тірегі ғой ғаламның, Әке деген – бойыңда аққан қаныі да, Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Астанадағы тіс емдейтін клиникалардың біріне барып, 1 миллионға жуық қаражат жұмсаған тұрғын қызмет сапасы сын көтермейтінін айтып, жанайқайын жеткізді. nur.kz редакциясына хабарласқан тұрғынның айтуынша, клиника дәрігерлері тісіне зақым келтіріп қана қоймай, ем-домға кеткен қаражатты қайтарудан да бас тартып отыр екен.