Ғалым Арыстанбаев Қазбекұлы – полиция сержанты, көпбалалы әке, үлгілі отағасы. Қазіргі таңдам 11 бала тәрбиелеп отыр, 6-ы ұл, 5-і қыз. Олардың 8-і жетімдер үйінен алынған әр түрлі ұлт өкілдерінің балалары, олардың ішінде қазақ, әзербайжан, қытай, өзбек, сыған, орыс, ұйғыр, татар бар. Ол әйелімен отбасы типіндегі балалар үйін ашқан. Ғалым өз әйелінің керемет қолдау көрсететінін айтады. Әйелі Әлиямен 10 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп келеді.
Ғалымның айтуы бойынша олар бір-бірін түсініп, толықтырып отырады, сол үшін де олардың отбасы түсіністікпен бақытта өмір сүріп жатыр.....
Қазақ халқы ел басына күн туған қасіретті шақта Отанды қорғауға аттанды. «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай, Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды», - деп Баубек Бұлқышев айтқандай, жаратылысынан ақкөңіл, ақжүрек, батыр, намысты халық өз мүддесінен Отан мүддесін артық қойып, өмірін құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ екенін, Отанға деген махаббатын оыслай дәлелдей білді. Қазақ деген – батыр халық. Ол еңкейгенде еңкейеді, шалқайғанда шалқаяды. Шірене қалса, асқар – асқар тауларына сүйенеді, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда қаншама ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңші! Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді. Сол кездегі Кеңес Одағы халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Басынан аяғына дейін құрыштай қаруланған гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 –дей танкті, 50 мыңнан астам қару мен минометті шабуылға шығарды. ССРО жеріне басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны бес жарым миллион адамға жетті. Оған дейін 12 мемлекетті басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренцов теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықтағы зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер Кеңес елін «тұтқиыл» шабуылмен талқандап,әлемдегі тұңғыш социалисті мемлекетті құртып жіберуді, совет адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін герман империализмінің отарына айналдыруды ойлады. Бірақ совет халқы міз бақпай, анталап келген жауға айбындылықпен қарсы тұрды......
Жәния Әлиханқызы Журинская (Джуринская) 1990 жылы 6 желтоқсанда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Анасы Бақыт - медбике, әкесі Әлихан - ғарыш айлағының қызметкері. Өзінен алты жас кіші Аида есімді сіңлісі бар. Журинская деген тегі әзербайжандық әжесінен қалған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Журналистика" факультетін бітірген. Университет қабырғасында оқып жүріп кастинг арқылы "Shine" дуэтіне қабылданады. Топтың "Бір шанс бер" әні көптің есінде қалады. Қазірде топ тарап кеткен. Өмірбаяны "Мен Байқоңыр атты кішкентай қалашықтанмын. Менің ата - анам мені Алматыға жібергісі келмеді, бірақ та, мен үйден қашып кетемін дедім. Сөйтіп мен Алматыға кегенімде журналисттердің факультетіне оқуға түстім. Мен екінші курста оқып жүргенімде мен бір кастинг жайлы естідім. Содан кейін мен сол кастингке барғанда маған рөл жетпеді. Бірақ та, маған Баян Есентаева Shine атты топта ән салуды ұсыныс қалды. Әрине, мен бірден келістім. Сол кезде маған болып жатқан жайдың бәрі мүмкін емес сияқты көрінді. Мен кеше ғана қарапайым қыз едім ал енді әлемге танымал жұлдыз болуға таяп қалдым. Маған әкемнің "Жоқ! Бұл өтірік емес! Олар екеуі де сені сатқысы келеді!".....
Сәуле Мағазбекқызы Досжан (1959 жылы 2 қыркүйекте Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ақтам ауылында туған) — ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер Одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі.
Өмір жолы 1974 жылдан бастап аудандық және облыстық Жетісу газетіне өлеңдері мен мақалалары жарық көре бастады. 1982-1984 жылдар аралығында Социалистік Қазақстан газетінде тілші. 1987 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1995-2000 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" газеті журналы Бас редакторының орынбасары, "Ұлағат" журналының тұңғыш редакторы. 2000-2002 жылдар аралығында Қазақ радиосында журналист. 2003-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі Аппаратында жауапты қызмет атқарған. 2018 - Әдебиет саласындағы беделді сыйлықтардың бірі «Букер»-2019 конкурсына қатысуда. Қазіргі уақытта зейнетке шығып, шығармашылықпен айналысуда....
Мақпал Тәжмағамбетова – ақын, жазушылар және журналистер Одағының мүшесі. "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін" және "Аспантаудың көктемі" атты үш кітап авторы. Ақсу ауданының 80 жылдығы және Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдығына арналған республикалық байқауларда бірінші орын алған. Молықбай қобызшы, Майра Уәлиқызы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы сыйлықтардың иегері. Былтыр Ресей жазушылар Одағының шешімімен білікті аударма үшін балқар ақыны Керім Отаров атындағы алтын медальмен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» Республикалық байқауының бас жүлдегері атанған.....
Мыңжылдықтар тоғысында, индустриялы қоғамның постиндустриялы қоғамға айналып, барлық халықтар мен өркениетті елдер өздерін шырмауықша орап ғаламдастырудың құшағында қалып қойған бұлтарысы көп тарихи кезеңде ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер алдында бұрын соңды болмаған күрделі де аумақты мәселелер туындады. Бұл түбегейлі өзгерістің мәнін түсіну, әрі қарай дамудың үрдісін көре білу, оңдаған, жүздеген миллион адамдардың мүддесіне сай келетіндей ең тиімді қайта құру стратегиясын таңдай білу өмірдің өзекті талабына айналды. Дүниежүзілік қауымдастықтың мүшелері арасында өзінің лайықты орнын алу үшін әрбір мемлекет өз әлінше алға ұмтылып жатқан кезеңде Оңтүстік Азия субконтинентінің кеңістігіне орналасқан Пәкістан сияқты мемлекеті де әлемдік және аймақтық істерге белсене қатысты. Пәкістан Ислам Республикасы – Оңтүстік Азия субконтинентінің солтүстік-батысында орналасқан. Оңтүстік батысында Иранмен, батысында және солтүстік батысында Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, шығысында Үндістанмен шектеседі. Территориясы – 803 943 мың кв. км, халқының саны – 140,7 млн (2001 ж.). Астанасы – Исламабад қаласы. Әкімшілік жағынан: Пенджаб, Синд, Белуджстан, Солтүстік-Батыс Шекаралық провинцияларға бөлінеді. Халқының 97%-ы – мұсылмандар. Тақырыптың өзектілігі. Пәкістан Еуразия континентінің Азия бөлігіндегі маңызды мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл осы елдің географиялық жағдайы мен экономикалық потенциялына ғана емес, сонымен бірге оның геосаяси процестерге әсер ету дәрежесімен де байланысты. Соңғы кездері Пәкістан аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне көптеп көңіл бөлуде. 1998 жылы Пәкістан үндістан ядролық сынағына жауап ретінде өзінің ядролық қаруларын пайдаланды,
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Пәкістанның сыртқы саясатындағы ұстанған бағыттары мен принциптерінің әлемдік деңгейдегі қызығушылықтарын ғылыми жағынан ашу; елдегі ішкі және сыртқы саяси жағдайлардың шиеленісуі, мемлекет арасындағы қайшылықтарды реттеу, елдің саяси және әлеуметтік өмірін, халықаралық жағдайды және ұлттық аймақтардағы халықтардың жалпы жағдайын негізге ала отырып, жан-жақиы зерттеп, Пәкістан мен Үндістанға қатысты Кашмир мәселесі, және де Ауғаныстан қатынасындағы қайшылықтардың себептерін, оның аймақтық мәселеге қатысы, сыртқы саясатқа әсерін анықтау. Аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойдық: - қарастырып отырған кезеңдегі Пәкістан мемлекетінің сыртқы саясатына қатысты қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасау; - Пәкістан, Үндістан ұстанған факторларын салыстыра отырып талдау жасау ....
Келдім міне ауылға, Ауыл жиын қоныпты. Қонғанының мәнісі Ауыл колхоз болыпты. Колхозының есімін «Жаңа тұрмыс» қойыпты. Жұлдыз - жұлдыз қараша үй Шиі қияқтан тоқыған, Ауыл ада болыпты .....