Ер елім, көрсет тағы еңбек күшін, Еңбекпен қас дұшпанның өрте ішін. Түр білек, түс еңбекке ту астында, Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін Н. Байғанин «Жеңіс үшін» өлеңінен Мәңгілік өшпес отты жылдар. Бұл адамзат тарихында өткен күндер белгісі. Еліміздің осы бір өткен тарихына үңілсек, осыдан 75 жыл бұрын 1941 жылы неміс фашистері елімізге тұтқиылдан шабуыл жасаған. Сталинград, Москва, Ленинград қалаларында, Днепр өткелінде болған ұрыстарда жауынгерлер ерен ерліктер көрсетті. Елбасына төнген бұл зұлмат соғыс жиырма миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. Қаншама қала, өндіріс орындары, ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылып, 23 сағаттың жұмыс күні бекітілді. Демалыс күндері мүлде болмады. Бірақ ешкім де қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. Осындай ұрыс даласында, тылдағы еңбек майданында бәріне бірліктің арқасында еліміз жеңістерге қол жеткізеді. Осы бір отты жылдарда шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк еді. Сол кездерде нәзік жанды әйелдер кез келген батырдың өзін қайыстыратын жүк көтерді. Олар өздеріне ешқандай жеңілдікті талас етпестен, қашан да жауынгерлермен бір сапта тұрды. Тіптен дәл осы қыздардың бар болуы жауынгерлерді рухтандырып, оларға күш-қуат берді. Ерліктің қос қанаты деп білемін ......
Шведтың ұлы режиссеры Ингмар Бергман әйгілі «Үнсіздік» деп аталатын фильмінде адам ары мен нәпсісі ортасындағы күресті қарама-қарсы типтегі екі кейіпкер арқылы көрсеткен болатын. Ең қызығы осы фильмді көрген кез-келген есті көреремен экраннан екіге жарылған өз кейіпін көре алатыны хақ. Өйткені пенденің ішкі қайшылықтарымен күресі ол бітпейтін және ең үлкен күрес. Алайда біздің айтпағымыз «Бергманның кейіпкерлері» спетті бүгінгі ұлттық болмысымыздың қарама-қарсылығын дәл көрсете алған кинотуынды туралы еді. Дәлірек айтсақ, Бегарыс Елубаевтың «Оазис» фильмі жәйлі болмақ.
2 ақпан күні Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қазақтың белгілі жазушысы Сымағұл Елубаевтың сценариі бойынша түсірілген «Оазис» көркем фильмінің арнайы көрсетілімі өтті. Кинокартина осыдан бір күн бұрын ғана қазақстанның барлық кинотеатрларынан прокатқа шыға бастаған болатын. Көрсетілімдік кешке Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова және Асаналі Әшімов, Есмұхан Обаев, Сымағұл Елубаев сынды өнер ұжымының ақсақалдары арнайы келіп қатысты. Режиссер Б.Елубаев бастаған Фильмнің түсірілімдік тобының өкілдері де көрсетілімде болып, көрермен сұрақтарына жауап берді. .....
Димаш Құдайберген жаңа клипінің тұсауын бүгін кеспек. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz порталы Sputnik-ке сілтеме жасап.
Қазақстаннан шыққан әлемдік жұлдыздың су жаңа бейнебаяны 1 мамыр күні астана уақытымен сағат 20:00-де әншінің YouTube арнасынан көрерменге жол тартпақ.
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология Сабақ тақырыбы: Өсімдік және жануар жасушасы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: Өсімдік және жануар жасушаларын ажырату Сабақ мақсаты: Өсімдік және жануар жасушаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау....
Отан – Отбасынан басталады. Отбасы. Бала. Мектеп. Бір –бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар. Бала бар жерде мектеп бар. Бұл суретте Отбасы – бала – мектеп арасындағы байланыс үзілген. Ата – ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезілмеген жасөспірімдер өмірінде өзім ешкімге қажетсіз деп есептеп, уайымға шалдығады. Ұзаққа созылған қайғыру, ренжу, жүйке ауруларына шалдықтырады. Мектеп пен отбасы бала тәрбиелеудің мақсаты қолданатын әдіс – тәсілдерді бірге ойлап іске асырмау салдарынан яғни әртүрлі талаптардан оқушы отбасына, мектептің ықпалынан шығып кетеді. Өскелең ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазір қоғамымыз әлеуметтік – рухани дағдарысты басынан кешіруде. Қазақстан 1989 жылы Б.Ұ.Ұ. қабылдаған. «Бала құқы туралы конвенцияны» мақұлдады. Конвенция мазмұны негізгі 4 талап қояды. Баланың қорғау, дамуына жағдай жасау қоғамдық өмірге белсене араласу құқын құрметтеу. ....
Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. И.Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қалаларының бектері Отыншы, Сушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуін өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. ....
Алдымда тұр көрініс жан шошырлық, Ошағы бұл дозақтың жаңа сөнген. Мұнда өртелген жас өмір, миллион тірлік... Жандар рухын бұл жерге күлмен көмген. Күнәсіз қандар иісі мұнда аңқыған, Құпия ыңырсыған мұнда өліктер. Адамдардың сүйегі шала жанған .....