Өмірбаян: Жандарбек Садырбаев Алайдарұлы (1977 жылы 24 қыркүйек)

Жандарбек Алайдарұлы Садырбаев (1977 жылы 24 қыркүйекте Жамбыл облысы, Луговой ауданында туған) — актер. Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2010). Құрмет орденінің иегері (2016).
Жандарбек Алайдарұлы 1977 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданында дүниеге келген.
1994 -1998 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультетін «Театр және кино актері» мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
2015 - 2018 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Балпық, «Абайында» Көпбай, «Қарагөзінде» Сырым, «Еңлік-Кебегінде» Қодар, «Қилы заманында» Түнқатар, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Еркін, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Қалтан, Ә.Кекілбаевтың «Абылай ханында» Әмірсана, Әбілмансұр, Шахимарден, Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Қазақ, Шахимарденнің «Томирисіндегі» Ардашир, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Айбар, Ө.Боранбаевтың «Көкбөрісінде» Байшаур, Ә.Таразидің «Ақын… Періште… Махаббатында…» Дүниенің тұтқасы, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Сұлтан, «Жаужүрегінде» Троицкий, Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Бизнесмен, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Иса, С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Әлібек, «Империядағы кешінде» Айдар Сейтқалиұлы, Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында» Түнқатар, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Мейірбек, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Абзал, Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Қарасартов т.б. бейнелерді сомдайды....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Қол бастаған батыр)

Жүректе оты жанған жігіт едің,
Атаның алып қалған үміт – кегін,
Жөнелдің қарсы бастап қалың жауға,
Қазақтың қайсар ноян жігіттерін.
Еріндей ертегінің қайта туған,
Ашуың атқан толқын айбатыңнан;
Кегінен қалың қазақ қайнап жігер,
Тасыған қайратыңмен жауға атылған. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Құм жорығы)

Құрымдай қап-қара бұлт түр көгінде,
Қорғандай құм төбелер түнеруде.
Келеді керуендеп бір қалың топ,
Мамырлап Маңғыстаудың түбегінде.
Керуен атты және түйелі де,
Келгені кеше ғана құм еліне.
Артқаны, асынғаны қару-жарақ,
Өзгеше бұл әскери бір бөлімде.
Теңделген түйелерге зеңбіректер,
Қақиған қапты тиеп теңбіл көктер.
Әскери — орыс, қазақ, татар, башқұрт,
Жау көрсе жалындаған ер жүректер. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Қайрат Молдасеитов Құсейінұлы

Молдасеитов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген. Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда.

Қайрат Құсейінұлының жалпы еңбек өтілі – 24 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан астам.
Еңбек жолын 1992 жылы «Күнгей» ЖШС-тың директор қызметінен бастады. Одан кейін 1995-2000 жылдар аралығында Ақтөбе қаласының «Трансмарс» ЖШС-та және 2002-2004 жылдары Шымкент қаласының «КИТ Со» ЖШС-та директордың орынбасары болса, ал
2004-2009 жылдар аралығында «КИТ Со» ЖШС мен «Отау құрылыс» ЖШС-та басшылық етті.

2007-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан обласының Мәслихат депутаты. Содан 2009-2012 жылдары Түркістан қаласының әкімі және 2012-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Ал қазіргі таңда «Отау Групп» компаниясының Президенті және Оңтүстік Қазақстан обласының Мәслихат депутаты қызметін атқаруда. Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласындағы Мажарстанның құрметті консулы лауазымына тағайындалды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Кеңес жалауы)

Ұшқыр жыр,
Құстай ұмтыл,
Қанатын қақ!
Қақ, заула,
Шық аспанға,
Талпынып бақ!
Шықты жаз,
Бауырың жаз,
Ескек жырым!
Желдей ес,
Әлі де қыс
Мұз мұхит жақ.
Борап кар,
Тұрған шығар
Қыс жылынбай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сағыну)

Жан-жағыма қараймын,
Жалғызбын мен, жалғызбын.
Серігі бар талайдың,
Бар сүйгені әркімнің.
Жан жабырқау қиналам,
Қызғанам, жаным, өзгеден,
Бар бір кісім қимаған,
Алыста сол сүйгенім......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Белсенділерге)

Жолдастар! Мен де өзіндей белсендімін,
Айтайын маған бір сөз берсең бүгін.
Қаңбақтай желді күнгі қалбаңдаумен,
Барады - ау, бастан асып мөлшерлі күн.
Кейде оңай, кейде қиын белсенділік,
Белсенділік - көпті ерту, ел сендіріп......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жылы 6 қазан)

Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жыл 6 қазанШығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек аулы) - ақын.

1976 жылы көршілес Шыңғыстай аулындағы орта мектепті бітірді. 14 жасынан өлең жазып, әдебиетке деген ерекше құштарлығымен көзге түскен.

1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты тәмәмдаған .

1976 жылы Бақытжан Раисова С. М .Киров атындағы (қазір Әл Фараби атында) Қазақ Мемлекеттік университетіне қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түседі. Университеттегі ұстаздары Р.Нұрғалиев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, А.Оразбаева Бақытжанның әдебиетші - маман ретіндегі жан-жақты білімін, табиғи берген ақындық дарынын ұштауға, тереңдете түсуге сәулелі жол ашқандай болады ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.2.2.3 - жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуін сипаттау;
2.1.2.5 - құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау
Сабақтың мақсаттары: Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу ,тіршілік ортасына бейімделуі туралы түсіндіру.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0