Өлең: Қалижан Бекқожин (Күте бер мені келер деп)

Күт мені, сәулем, ұзақ күт,
Қайтармын, сау келермін,
Көңіліңе сеуіп ой күңгірт,
Өтсе де күт, нелер күн.
Қар жауар мүмкін бұрқырап,
Өрті бар мүмкін кез келер,
Күте түр, сәулем, сен бірақ,
Ұмытса да өзгелер.
Хат келмей менен қажытар,
Кетер талай күн ұзап,
Ұмытса мейлі басқалар,
Күте бер мені өзің - ақ......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Көркемжан туғанда)

[quote]Отыр едім үй алды төбесінде,
Ән-күйдің мініп алып кемесіне.
Жарқ етіп Жамбыл өзі келіп қалды,
Болсашы келет деген тегі есімде!
Қарсы алдым сәлемдесіп, құшақтасып,
Қуанып «Киров» колхоз дабырласып.
Ауылдың ақсақалы, басшысы да
Шулады Жамбыл, Жамбыл,
Жамбылдасып!..
Үйіме Жамбыл келіп кеште түсті,
Ұмытпасам, дәл сағат бесте түсті.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Октябрь елесі)


Қызбалықты, қызықты,
Қызылды - жасыл кең дала.
Бұл күн қай күн, неткен жұрт
Қиқу салады қыр мен ой?
Қызыл туын қолға алған,
Қолына орақ, балға алған,
Жұмысшы, қара шаруаның
Октябрь - ұлы той. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Жас баланың жанарына қараңдар)

Ай мен күннің тұтылғанын кім құптар?
Айтылуға тиіс бүкіл шындықтар.
Ай нұры мен күн сәулесі қоршаған
балалық деп аталатын құрлық бар.
Балалықтың тәттілігін ұққанмын,
бастауы сол — әлемдегі мықты әннің.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Заводта)

Қабат - қабат салынған,
Бөлек - бөлек болат үй,
Электр шамы жағылған,
«Тұр, жұмысшы, киім ки!»
Деп, гудогі гүрілдейді.
Ұршықтар ойнап, билеп би,
Дөңгелектер дүрілдейді.
Машинада қоңыр күй... .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Бақытжан Мұсаханұлы Қанапиянов (1951 жылы 4 қазан)

Бақытжан Қанапиянов - 1951 жылы 4 қазанда Көкшетау қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын 1974 жылы бітіріп, Қазақ КСР ҒА жанындағы Металлургия және кен байыту институтында инженер болып істеген. Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. «Жалын» баспасында аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. 1991 жылдан бері «Жібек жолы» баспа үйінің президенті. Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Простор» журналында басылған. Бірнеше жинақтардың авторы. Абай өлеңдерінің еркін аудармасын жасап, Жамбыл, Кенен дастандарын, «Қыз Жібек» эпосын орыс тіліне аударды.

1986 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998), Қазақстан Журналистер одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлығының иегері (1999), «Алтын лираның үміткері» атты Дүние-жүзілік ақындар байқауының лауреаты (2003), Тәуелсіз Тарлан сыйлығының лауреаты (2003), Махамбет сыйлығының лауреаты (2003). Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). «Парасат» орденімен (2006), Қазақстан, Ресей, Украинаның медальдарымен, «Чернобыль апатына 20 жыл» құрмет белгісімен (Ресей, 2006 жыл) марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2005) лауреаты....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Сембек Сейдазимов

Сембек Сейдәзімов – нағыз атымтай жомарт азамат. Өзі түлеп-ұшқан киелі Жамбыл топырағына аянбай еңбек сіңіріп, талай қайырмды істерге ұйытқы болып жүрген нар тұлға.

«Қолы ашықтың – жолы ашық» деген жақсы сөз бар қазақ халқында. Кемел елдің келісті келешегі, ұлағатты болашағы дегенде, ішкен асын жерге қоятын аптал азаматтар жетерлік ортамызда. Асылы, «Байлық – мұрат емес, жоқтық – ұят емес» дейтін қазақ мақалы байлықты мақсат-мұрат санамаған, оны тек басқаға жанашырлық танытып, көмек көрсету мүмкіндігі деп қарайтын жандар жөнінде айтылған ғой.
Қазақ ұғымындағ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0