Өлең: Қалижан Бекқожин (Қарындас)

Көп күн болды сен кеткелі,
Қайдасың сол қарындас?
Мендей ешкім іздеп сені,
Мендей және сағынбас!
Онда майдан ішінде мен —
Қатулана жүгірдім:
Қанды найза үшіменен,
Жау түйреді... жығылдым.
Бұрқыраған отпен бірге
Кетті достар, жаттым мен,
Сар жапанда, жалғыз түнде .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Зульфия Габидуллина Раухатовна

Зульфия Раухатовна Габидуллина – қазақстандық спортшы, жүзу бойынша халқаралық класстағы Қазақстан Республикасының спорт шебері

1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1971 жылы жол апатына ұшырап, омыртқабас, қол және аяқ жарақатын алған.
2013-2015 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс және 3 мәрте қола жүлдегері, Бүкіләлемдік ойындардың бернеше мәрте жеңімпазы, әлемнің 12-мәрте рекордсмені.

Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиялық жазғы ойындарда 100 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуден Қазақстанға алғашқы алтын медалді әкелді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Аға берсін жанардан жас бастан қан)

Аға берсін жанардан жас, бастан қан,
Алайда мен қиянаттан жасқанбан.
Ал сен болсаң төркініңді жасырып,
Түскендей боп көрінесің аспаннан.
Аңыз емес,
Ертегі емес,—
Сыр тыңда:
Мен қырған мұрт — анау сенің мұртың да......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Халықтық педагогика идеяларының жанұя тәрбиесіндегі психологиялық негіздері

Кіріспе
Халықтық педагогика отбасындағы тәрбиенің негізі болып саналады. Өйткені адамның жеке басының мінез – құлқын қалыптастыру, оның бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру көбіне отбасында ата-ананың тікелей әсерімен жүзеге асады.
Халқымыздың ұлттық ерекшелігі саналатын үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, бауырмалдық, кеңпейілділік қасиеттердің біразынан ажырай бастағаны шындық. Енді заманымыздың қайта өркендеуіне байланысты жас ұрпақтың бойына осынау қасиеттерімізді қайта сіңіріп өсірсек, сонымен бірге жастарды халықтық педагогика идеясы арқылы жанұяда тәрбиелеу мен сол тәрбиені жүзеге асырсақ деген мақсат әсіресе, ата-аналардың, тәрбие саласы қызметкерлерінің алдындағы кезек күттірмейтін мәселесі болып тұр.
Отбасында ата-ана езінің баласын қалай тәрбиелеуді, қандай бағытта, кандай амал-тәсілдермен тәрбиелеуді ездері алдын-ала белгілейді. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдеті, кұмарлығы мен кызығулары калыптасады.
Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты кажет етпейтін карапайым әрекет сияқты болып көрінеді. Бұл кепшілік қауым-нын, көзқарасы екені рас. Бала тәрбиесін қай кезден бастап колға алу керектігі туралы аз да болса зерттеулер бар. Отбасы тәрбиесінін ғылыми-теориялық тәжірибесінің барлығына қарамастан олар осы уақытка дейін практи-када көп колданылмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар 1937 жылы)

Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар, 1937 жылы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған) — әнші. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

Нұрғали Нүсіпжанұлы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келді. Оның ата-бабалары ежелден осы өлкенің күңгейтеріскейін мекендеген. *Қоғалыдағы орта мектепте оқыған жылдарында әнге құмартты. Көркемөнер ұйымының құрамында үшінші сыныпта жүрген шағында сайлау алдындағы ата-аналарға арналған концерттердің бірінде «Қызыл бидай», «Қыздар-ай» әндерін орындағаны үшін мақтау қағазын алды. Нұрғали студенттер мен жастар арасында Мәскеуде өтетін фестивальге жолдама алу үшін ауылдық, облыстық конкурстардан өтеді. Ақыры Алматыдағы қорытынды байқауға қатысты. Әділқазылар алқасы Нұрғалидың ән салушылық қабілетін көріп, консерваторияға қабылдауға ұсынды. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда, КазГУ - 2008

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әр ғасыр адамзат тарихында өзіне ғана тән ерекшеліктерімен із қалдырып келген. XX ғасыр әлемде бейбітшілікті сақтау және қауіпсіздік туралы жаңалықтар енгізді. Ғылым мен техника, мәдениет пен рухани саласындағы жетістіктерден тыс халықтардың әлеуметтік, саяси, экономикалық, денсаулық жағдайындағы өзгерістерді және ғаламдастыру, оның әлемге енген бағыттары туралы атаған дұрыс.
Соңғы жылдары ғаламдастыру термині адамның күнделікті тұрмысына тез қарқынмен еніп, бұқаралық ақпараттар құралдарында жиі қолданылып жүр.
Ғаламдану – ұлттық экономикалардың бүкіл әлемдік жүйеге бірігуі.ол соңғы онжылдығында пайда болған капиталдың еркін қозғалысына,әлемнің ақпараттық жаңалықтарға ашытылығына,те [1].
Ғаламдану – бірмезгілде мемлекетаралық және трансұлттық формаларды дамытатын екі жақты процесс. Ғаламдастырудың бағыттары: мемлекеттер, мемлекеттік одақтар, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар. Бұлар олигополистикалық бағыттар.
Ғаламдану – бұл нарықтық процесс, өмірді гомонегизациялау [2]. Оның жүйесіне азық-түлік, оның бағасы, денсаулықты сақтау деңгейі, нарықтық табыстардың деңгейі, банктік проценттік баға жатады. Бұл принциптер әлем деңгейіндегі беталысты теңдестіруге және әлемдік экономика процесінің құрылымына өзгерістер еңгізуге бағытталған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Асқақтаған кірпіштер Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Асқақтаған кірпіштер Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
Оқу мақсаты: 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, кейіпкерге хат жазады.
Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және сұрақтардың негізінде ой бөліседі, кейіпкерге хат жазады.
Кейбір оқушылар: мәтін бойынша ашық сұрақтар құраыстырады, кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Азербайджан халқының ұлы ақыны Физули

Орта ғасырда өмір сүріп, артына өшпестей мұра қалдырған шығыс поэзиясы алыптарының бірі, азербайжан халқының ұлы ақыны - Мухаммед Физули. Шығыстан жарқырап туған ғажайып жыр жұлдыздары қатарында азербайжан халқының ұлы ақыны Физули есімі де тұр. Қазақ халқына Фердауси, Рудаки, Низами Омар Хайям, Хожа Хафис, Жәми, Сағди, Набон есімдерімен бірге Физули атыда баяғыдан таныс. Өйткені, Таяу және Орта Шығыс әдебиетінің тарихында аса айтулы құбылыс болып саналған Физули поэзиясының қазақ халқының әдебиеті мен рухани өміріне біраз әсер-ықпалы тигені даусыз. Ол
(шамамен 1448 жылы туып, 1556 жылы өлген) араб Ирагының Кербале (қазақ ұғымында кер бала) дейтін қаласында, өзінің оқымыстылығымен аты шыққан Сүлейменнің семьясында дүниеге келген. « Физули » - білімдар, өз тілді, орақ ауызды деген мағынаны білдіретін сөз болса керек. Ақынның бүкіл табиғаты бұл есімнің дәл табылғанын, барынша лайық есім екенін айғақтайды. Ол соншалық көп білетін, оқымысты, ойшыл адам болған. Физули жас кезінде-ақ поэзия сипаттары мен шарттарына кәнігі жетіккен араб, парсы, түркі тілдерін үйреніп алған.
Ақынның әкесі Сүлеймен Бағдадқа азербайжаннның Арша округінен көшіп барған көрінеді. Оны кейбір зерттеушілер муфти болған деседі. Бірақ Физули өз шығармаларында әкесінің кім болғандығы туралы ештеңе айтпайды. Физули әуелі Кербаледегі мектепте, кейін Бағдадтағы медреседе оқиды. Ол мектепте оқып жүрген кезден бастап-ақ махаббат жайында қысқа-қысқа өлеңдер жаза бастайды. Бірақ ғылымсыз поэзия бос сөз екенін түсінген ақын өз поэзиясында философиялық ойларға да ерекше мән берді. Физули шығармалары өзінің көзі тірісінде және кейінде қол жазба күйінде тараған. Сондықтан да оны халық « біздің білімпаз »деп атап кеткен. Шынында да Физули өз кезінде көп нәрседен хабары бар өз заманының озық идеяларын берік ұстанғанында, ізгілік үшін күреске бел буып түскенін де жақсы білеміз. Оның бүкіл поэзиясы адамгершілік уағызына толы. Ақын әманды адам еркімен ар-ожданын қорғауға шақырды: қарапайым бейнет кештердің мүддесін орындауға жан сала кіріседі, зорлық пен қанау ауыртпалығынан жаны күйіп, белі бүгілген, қабырғасы қайысқан қалың бұқараға қайсарлықпен ара түсіп отырады.
Ол байлық пен әкімдіктен, аз күнгі « өткінші рахаттан » бас тартып, кішіпейілділік пен қарапайымдылықты қадір тұтады, қан төгер қатал соғыспен әділетсіздікке, әлеуметтік езгімен теңсіздікке қарсы тұрады. Өз
замандастарын төзімділікке шақыра отырып, ол болашаққа үлкен үміт артып сеніммен қарайды.
Физули творчествосы сезімді баурап алатын шыншылдығымен, шынайы адамгершілік қасиеттерімен дараланды. Физули шығармаларында суфизмге тән қарамақайшылықтармен пантеизм идеясы да бар. Ол азербайжан, араб, парсы тілін жақсы білген және сол тілдерде көркем шығармалар жазған. Сондықтан да ол өз шығармаларында Абу Новастың,
Хасанның, Хаганидің, Низамидің, Әлішер Науаидің, Ахмеди Шейхының аттарын жиі атап, шығыс мұсылмандарының әдеби өмірімен таныс екенін аңғартып отырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0