Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Кемпірі бар үйдің


Балалар өте көңілді... Жұбайым түске дейін бес рет жылады. Мен оған түсінбей отырмын...

Менің әкем төрт рет үйленген кісі. Тірі болса ол кісі 107-ге толар еді. Ол кісінің кейінгі жұбайы биыл жетпістің сегізінде. Ол кісіні мен шеше тұтамын. Шешем алжи бастаған кемпір. Бұрын билеп үйреніп қалған кісі, «ауру қалса да — әдет қалмайды» дегендейін, осы уақытқа дейін үй ішінде үстемдігін жүргізгісі келеді...

Бірнеше мысал.

Қарт адамның ұйқысы сергек болады. Ол кісі тұра салысымен таң сәріде самаурын қояды. Біз ұйықтап жатамыз. Самаурыны біресе өшіп, біресе жанып жатады... Сиырын сауып, сүтін сепараторға бұрап қаймақ, май істеп қояды... Біз ұйықтап жатамыз... Самаурынын кемпір қайта тұтатады. Біз әлі тұрмай жатырмыз...

— Жаға берсең, самаурынға отын да шақ келмейді екен, — депті кемпір бір жолы азанғы шай үстінде. Оны менің жұбайым көңіліне ауыр алады.

Біздің балалардың ауылда жаңа өспірім туысқандары көп.

— Пошли к нам ужинать! — деп кеш сайын балаларын ертіп келеді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жанерке)

Сонау-сонау Алматыдан алып-ұшып хат келді,
Хат келді де Бапа апайға бір қуаныш aп келді.
Секілденген жанарының ағы менен қарасы,
"Демалысқа барып қайтам", — деп жазыпты баласы.
Шүкір-шүкір, жалғыз ұлы қазір елге мақтаныш,
Ержетті де, арман қуып туған жерден кетті алыс. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Игілік)

Самал жел, шалғын, жапырақ, балаусалы,
Ұшқан құс, жайылған мал, таудағы аңы.
Жапырлап қатар қонған халық пормы,
Ыңыранып жатқан мезгіл жайлаудағы.
Жайылған үйездемей қой мен қозы,
Жусаған құлын мен тай байлаудағы.
Таутеке, қоян, киік, қоймен бірге,
Қойшылар «қорықтық» қылған тау - таудағы.
Құс жырлап, су сылдырлап, күн шуақтап .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысын біледі.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы өмір және өлім мәселесі

Жиырмасыншы ғасырдың басы — қазақ философиясының даму тарихы тұрғысынан әлі күнге дейін толық және терең зерттелмеген кезең. Бұл кезеңде әйгілі ақындар мен жазушылардан, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құралған демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ерекше шоқжұлдызы: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов сынды алыптар өмір сүрді. Олардың бізге жеткен шығармашылық мұрасын қайта жүйелі зерделеу кезінде бұл ойшылдардың сол заманда-ақ көтер¬ген мәселелерінің мәні өте терең екенін және айтқан ойларының мағынасын енді ғана толық түсіне бастағанымызды байқаймыз. Шын мәнінде олар өз заманынан озық туған тұлғалар еді.
Жалпы, Шығыстың бай философиялық және әлеуметтік ойы, оның ішінде қазақ халқының философиялық ойы Батыстағыдай қалыптасқан философиялық жүйелерде емес, поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз әдебиетінде, мифологияда, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр. Әлемді, адамды, оның өзін-өзі тануын, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық және этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы — шығыстық философиядағы, ең алдымен, толық, рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан философия ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Жануарлар физиологиясы | Малдардың тұқымын асылдандыру

КlРlСПЕ
Жалпы, халқымыздың өмір бақиғы тіршілік көзі болған мал шаруашылығы Қазақстандағы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып есептелінеді. Ауыл шаруашылығының бұл саласының бірден-бір ерекшелігі жыл бойы өнім өндіруге бағытталғандығы. Мал шаруашылығы халықтың жылдың төрт мезгілінде етпен, сүтпен және маймен, ал өндірісті – жүнмен, қаракөл елтірісімен, мал терісімен, т.б. қамтамасыз етеді. Сала екі бағытта өркендейді; оның біріншісі жылдам өркендеу – сүт пен етті ірі қара мал, шошқа және құс шарашылығы, екіншісі жайбарақат қоркендеудегі-жайылым мал шаруашылығы – оған қой, түйе, жылқы және ешкі шаруашылықтары. Сондықтанда, мал шаруашылығын өркендету жолдарын таңдағанда мал өнімдерін өндірудің бағытын ең алдымен есепке алған жөн.
Адам баласы мен жануарлар әлемінде экологияның әсері қазір жалпы халыққа белгілі. Ал, жайылымда жүрген мал адам баласы пайдаланатын мал өнімдерінің бірден-бір сүзгіші десек болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау»
Оқу мақсаттары: 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
Көпшілік оқушылар: нақыл сөздерді пайдаланып, туған жер туралы ойын айтады;
Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы өз кезегінде жүйке торшаларынан – нейрондардан және жүйкелік глеядан - нейроглядадан тұрады. Нейроглия торшалары нейрондар аралығында орналасады да, оларды біріктіре, дәнекерлей отырып, тіректік, қорғағыш және нәрлік қызмет атқарады.
Жүйке торшалары жүйке жүйесінің құрылымдық және әрекеттік негізі болып табылады. Нейронның ядролы денесі және одан жан-жаққа тарайтын бір ұзын, көптеген қысқа өсінділер болады. Қысқа өсінділер – дендриттер, ал ұзын өсінді – нейрит немесе аксон деп аталады. Дендриттер сырттан келетін тітіркендіргіштерді қабылдап, нейрон денесіне өткізеді, ал нейриттер нейрон денесінде пайда болған тітіркеністі басқа нейрондар дендриттері ұшына, немесе атқарушы мүшеге жеткізеді. Нейрон өсінділері сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса келіп, жүйке тамырларына айналады. Бір жүйке тамырдың құрамында бірнеше мың немесе миллион талшықтар болады. Осыдан жүйке тамыры жүйке талшықтарының будасы болып табылады. Жүйке тамырларының негізгі қызметі – нерв импульстерін өткізу. Тітіркеніс деп тітіркендіру нәтижесінде нерв жүйесінде туындаған процесті айтады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0