Өмірбаян: Гульмира Абдрашева

Гульмира Абдрашева – «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы.

2015 жылы құрылған «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысы қазір еліміздің Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Ақтөбе сияқты ірі қалаларында жұмыс істейді. Бірлестікті Астана тұрғыны Гульмира Абдрашева басқарады.

Биография
Гульмира Абдрашева Қостанай облысының Лисаков қаласында дүниеге келген. Әкесі – энергетик, анасы – медицина қызметкері. Отбасында екі қыз тәрбиеледі. Үлкені – Гүлмира. Қыздарды ата-анасы жастайынан үлкенге құрмет көрсету, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тәрбиеледі. Жергілікті № 5 гимназияны тәмамдаған Гүлмира Бизнес және басқару институтына оқуға түсті. Оқуын аяқтағаннан кейін Астанаға қоныс аударды. «ҚазМұнайГаз» компанисында 9 жыл қызмет етті. Былтыр өз еркімен жұмыстан кетіп, бизнеске бет бұрады, көп уақытын «Клуб добряков» қызметіне бөледі.
Тари ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Жаркент оязында


Жаркент оязындағы Албан қонысында Қарқара деген жәрмеңке бар еді. Бұл жәрмеңкеге күнбатыс Қытай мен Ресей саудасы тоқайласатын еді. Жәрмеңкенің саудаға салынған сомасы кей жылы миллионға жететін. (Көтеріліс туралы сол күнде баяндама жазған әскербасы Нэдзбецкий деген Жетісудағы көтерілістің Герман, Түрік агенттерінің Қытай арқылы азғыруымен болды дейтіні бар. Онда ол: Герман, Түрік агенттері Қашқар, Құлжа маңайында тұрып, Қарақолдан, Жаркенттен апиын кесуге келген қытай жұмысшылары және Қарқара жәрмеңкесіне қатынасқан қытай саудагері қырғыз-қазақ ішіне орысқа қарсы көтеріліс жасауға құтыртты дейді. Онысы шылғи жорамал.)

Жаркент оязы Қытайға шектес болған соң оған өкімет өте сақ болған. Казак-орыс, хохол қалаларын қаруландырған. «Маусым жарлығы» жарияланарда Кравченко дегенді бас қылып Қарқараға отряд жіберген.

Жаркенттегі алғашқы төңкеріс ұшқыны тамыздың 12-сінде ұшқындады. Бұған дем берген Алматы оязындағы Қызылбөріктердің көтерілісі. Шелек, Меркі және басқа болыстардың қазақтары жиналып, тамыздың 12-сі күні шет Меркідегі Нащепкин деген крестьянның диірменін талап (диірмен қазақ жеріне басып салынған), өзін өлтіріп, аялын байлап, диірменді өртеп жіберді. Онан Жалаңаш қаласына соқтықты. Қаладағы казак-орыстар мылтық атып, кіргізбеді. Егіннен ұстап алып екі казак-орысты өлтіріп, қаланың малын тиіп әкетті және сол күні Шелек басына салынған Ново-Афон қалашығына қазақ тиіп, қаланың бәрін өртеген. Қала адамдары старостаның қорасына жиналып, кешке дейін айтысқан. Жалаңаштан шыққан прапорщик Берг отряды қаланы арашалаған. Қазақтар тауды бауырлай Кегенге қарай жүріп, жолдағы орыс қыстауларының, зайымкелерінің барлығын өртеген. Бұл жолда Спецевский деген поселкені отқа жағып, қазақ қолы со бетімен Қарқарадағы Албанға қосылған.

Тамыздың 13-і күні Қарқараға шабуыл жасалды. Жәрмеңкені қамады. Бірақ күні бұрыннан дайындалып тұрған отряд қазақтың түтінін тұман қылды. Бергтің отряды қазақтың артынан Кеңсу өрлеп түсіп, Кравченконың отряды Қарқарадан, бір жағынан Қырғызстанның қазағы — үшеуі тоқайласып, қазаққа ойнақ салды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Аяджан Майя | Өмір шындығы

Біз адамдар ауырып, аурудан айықпасақ дəрігерлерді кінəлəйміз, а олардың жазып берген дəрілерін қымбат деп, көмектеспейді деп қабылдамаймыз. Соңында ауруымыз асқынса сол дəрігерлерді қаралаймыз,оларды дым білмес етіп шығарамыз...

Дəл солай баламыз екі алса,баламыздыкі дұрыс болмай, мұғалімдікі дұрыс болса да, баламыз сабақты меңгере алмай тұрсада Оқытушыны білімсіз, ештеңе білмейтін оңбаған адам етіп шығарамыз.

Біздің осы бір əлсіз, жаман тұсымыз мамандық иелеріне деген құрметімізді,сыйластығымызды жояды. Дəрігер мен Ұстаз деген өмірде ең қажетті маман емеспе? Ендеше неге олардан кінəрəт іздеп отырамыз? Ұстаз болмағанда дəрігерде; шахтерда, батырда, адвокатта т.б мамандық иелері де осы өмірде болмас еді ғой. Дəрігер болмағанда ауыр дерттерден халқымыз сауықпас еді ғой.

Осы екі мамандық болмаса білімсіз, денсаулықсыз жатарма едік бəлкім бір жерде... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Ілияс Жансүгіров

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетім- сіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Табиғатынан дарынды жаратылған зерек бала ел даналығы дариясында еркін жүзіп, уызғажарып, асыл байлықты ьойына сіңіре білген.
Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Қарағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп, шаруа күйттеп, тіршілік қарба- ласына араласып кетеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Гүлжамал Қазақбаева Мұқажанқызы (1949 жылы 7 ақпан)

Гүлжамал Мұқажанқызы Қазақбаева (1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Құрмет орденінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Гүлжамал Мұқажанқызы 1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Көксай ауылында дүниеге келген.
1966 - 1968 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы студияның актерлік бөлімін тәмамдады
1994 - 1996 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр көркем сурет иниституты) "драма және театр актрисасы" мамандығы бойынша....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау №2 (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Әдеби шығарманың жанрын анықтау №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтап, мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Көптеген оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшелігін анықтап түсіндіруде өз пікірлерін айтады
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіріп, талдау жасай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жанашыр

Сіз Мәшһүр Жүсіп Көпеевті білесіз бе? - Иә, дедім мен, ол кісі біздің жерлесіміз ғой. Бейіті қай жерде?

- «Жаңажол» совхозында.

- Жоқ, дәлірек атасаңызшы.

- Онысын онша біле қоймадым.

- Менің біршама қысылып, қолайсызданып қалғанымды аңғарған ол:

- Ол кісінің бейіті өзің айтқан «Жаңажол» совхозының Ескелді деген жерінде. Басында болмағаның көрініп-ақ тұр. Тек шыныңды айтшы, қазірде сен қатарлылардың көбі атеистер ғой, Мәшекеңе деген көзқарасың қалай.

- Шынымды айтсам атеистігім шамалы. Алла мен аруақты ауыздан тастамай келе жатқан жай бар, аға. Ал аруағыңнан айналайын Мәшекеңді... .....
Әңгімелер
Толық
0 0