Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ ЖАНАМА САЛЫҚ ТҮРІ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы бүгінгі таңның маңызды мәселелерінің бірі – Қазақстан Республикасындағы қосымша құн салығын есептеу мен салу мәселесіне арналған. Осы еңбек мазмұнында салық түсінігі мен түрлері, салықтық құқықтық қатынастар, қосылған құн салығын есептеу мен салу ерекшеліктері, қосылған құн салығын салудағы дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстан Республикасының жағдайында қосылған құн салығын есептеу тетігін жетілдіру жолдары қарастырылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі мемлекеттің қаржылық-кредиттік механизмінің негізі, экономиканы ретке келтіруші маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесі қаншалықты дұрыс құрылса, шаруашылық қызметінің тиімділігі соған байланысты дамиды. Батыс елдерінде салық салу мәселелеріне қатысты әдебиеттер де көп, бірқатар тәжірибе де жинақталған. Алайда, Қазақстанның тәуелсіз салық жүйесінің дәл бүгінгі шынайы жағдайына бейімделген теориялық тұжырымдар мен салық теориясын түпкілікті зерттеген отандық ғалымдар қатары аз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ақын мен Мақым)

Мақым деген бақсы болды,
Тамыршы, құмалақшы болды.
Ақ тоқымды жаяр еді,
Бір ысқырып қояр еді.
Қырық бірді шашар еді,
Бір сарынға басар еді.
Бұлдыр тұман бірдемені
Отырар еді тантып тегі......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында

ауыржан Момышұлының өмірбаяны
Момышұлы Бауыржан – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ол 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде туған.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қара теңіз)

Ассалаумағалайкум, Қара теңіз,
Әкелді бізді сізге мінген поезд.
Дүниенің сен бір жатқан ұжмағысың,
Теңізің - меруерт, маржан, тауың - мейіз.
Атақты алып дария шалқып жатқан,
Тұнжырап Азияны салқындатқан.
Тепсініп телегейің қара ала боп,
Жынданып күнің екен толқып жатқан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Күнделік мемуарлық әдебиеттің ішкі жанрлық бұтағы

Жазушының немесе саяхатшының өз көзімен көріп білгенін тізіп жазудан пайда болған жанр. Былайша қарапайым жай күнделіктерде көбіне жеке өмір фактілері, кісі назарын аударған көріністер сөз етіледі. Онда авторлық фантазия да болады. Ал көркем күнделіктерде жазушының әр алуан ой- сезімдері , алған әсерлері, қызықты оқиғалар бейнеленеді. Дүние жүзінің көптеген жазушылары өздерінің кейбір шығармаларын күнделік формасында жазған. Мысалы, олардың қатарына М.И.Тургенев, М. Салтыков- Щедрин, В. Короленко және басқаларды жатқызуға болады. Өзіміздің қазақ-ғалым арасында жазушылары күнделікті алғаш қолданған Ш.Уәлиханов еді. Оның «Құлжа күнделіктері» ғылыми көркем публицистикалық шығарма. Сондай – ақ қазақ қаламгерлері ішінде осы әдіспен жазылған шығармалардың бірі Ә.Сәрсенбаевтің «Офицер күнделігі» болып табылады.
Орыстың ұлы жазушысы Л.Толстойдың күнделіктері тағылымдық жағынан теңдессіз маңызға ие, мол пішілген дүние екендігін де гәп бар ма? Ол кейбір сәл үзілістер мен күнделігін ғұмыр бойы 63 жыл жүргізген. Яғни , 18 жасар студент шағынан бастап жазып, 82 жастағы атағы әлемге жайылған данышпан жазушы атанғанға дейін күнделігін тынымсыз толтырып отырған. Сол күнөрім шежірелері біздің қолымызға том- том кітап болып тигені мәлім. Сондай – ақ ол «Дневник одного себя » аталған түрін де жүргізіп келген . Онда мынандай жазулар бар: «... Чтоб жить честно, надо рваться, путаться, биться , ошибаться, и вечно бороться и мишаться. А спокойствие душевная подлость» [1,86 ] немесе жазушының жеке хатшысы В.Булгаковтың «Л.Н. Толстой өз өмірінің ақырғы жылында» деп аталатын күнделік кітабында күрделі өмірдің бізге беймәлім тұстары шыншылдықпен бедерленген. Оны оқып отырғанда мына «бес күндік қонақ» өмірінің теңдессіз тұлғаға да кей сәттерде қадірсіздеу болғанын, оның да күйкі пендешілкпен істеген оғашықтардан ода еместігін, тіпті отбасылық қарым-қатынастағы трагедиялық қайшылықтар өрбігенде қайран қалмасқа лажыңыз жоқ. Кезінде Толстойдың зайыбы Софья Андреевна өз басының келеңсіздіктері жазылған тұстарын күнделіктен өшіріп тастауды күйеуінен қатты талап етіп және де айтқанын орындатқанын да нақты дерек арқылы білеміз.Аталған күнделік кітап- ғажап бір дүние , мәңгілік әлемі деуге де тұрарлықтай Авторы жоғары оқу орындағы оқуын тастап ұлы жазушыға көмекші болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ СОҒЫС ШЫНДЫҒЫ МЕН АДАМ ТАҒДЫРЫНЫҢ КӨРКЕМДIК ТАНЫМЫ

Адамзат тарихынан өзiндiк орнын алып, кейiнгi ұрпағының жадында мәңгі қалар тұлғалар аз емес. Осынау ел ардағына айналған азаматтар жайлы халық аузында аңыздар айтылады, хикая - дастандар туады, өлең - жырлар жазылады. Олардың бiр парасы ел қамын ойлаған ерлер, Отанын, жерін қорғаған батырлар, жауға қарсы жорық жасаған қаһарман қолбасшылар, т.б. болып келедi. Бұлардың қайсар жүрегі, қайыспас қайрат-жiгер, адами парасаты, ұлттық сезімі – өз кезеңiнде де, кейiн де әдеби шығармаларда көрiнiс тауып, өлең-жырдың, көркем шығарманың кейiпкерлерiне айналып жатады. Осындай тұғырлы тұлғаның бiрi және бiрегейi – даңқты батыр Бауыржан Момышұлы.
Халық көкірегін ұланына деген ыстық сезім толғандырмай тұрмақ емес, сондықтан ел аузында айтылатын әңгiмелердегi Бауыржан Момышұлының бейнесі, жауға көрсеткен қайраты, қара қылды қақ жарған әділдігі, шыншылдығы, батырлық қасиеттері ұлт әдебиетінен де өз орнын алмауы мүмкiн емес едi. Өз кезiнде:
“Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,”
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен”.[1, 3б.], - деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзiнiң адами, азаматтық болмысын бiрауыз өлең жолымен танытқанды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу “Табиғат” Ақселеу Сейдімбек (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу “Табиғат” Ақселеу Сейдімбек
Оқу мақсаттары: 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп,теріп оқу;
4.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.
4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, өз ойын көркем-бейнелі сөздермен жеткізеді;
Көпшілік оқушылар: өз ойын ауызша және жазбаша жеткізеді, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады.
Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдер келтіре отырып жазады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0