Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы ) (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
ТАҚЫРЫБЫ: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы )
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді үлгі негізінде қолдана алады;
• үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың көбі жасай алады:
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді қолдана алады;
• сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді еркін қолдана алады;
• сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Қарлығаш Мұхамеджанова Төлегенқызы (1982 жылы 22 шілде)

Қарлығаш Төлегенқызы Мұхамеджанова (1982 жыл, шілденің 22-ші жұлдызында дүниеге келген, Қарағанды қаласы, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан актрисасы.
Өмірбаян
Әкесі – белгілі композитор әрі сенатор Төлеген Мұхамеджанов, шешесі – әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева.
Білімі
2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық қатынастар саласындағы заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Кейін тілдік бағдарлама бойынша Бостон колледжінде білім алған. АҚШ-та екі жыл магистратурада оқып, тәжірибелік сынақтан өткен.
Мансабы ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бернияз Күлеевтің шығармашылық өрісі және лирика жанры

Кіріспе

"Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі" [1] делінген Елбасының 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында. Бұл жолдау Қазақстанды келешекте биік белестерден көрінуіне себепші болады деген сенімдемін. Соған орай мен диплом жұмысын осы жолдауды басшылыққа ала отырып жаздым.
Қазақ өлеңі туралы байсалды әңгіме қозғайтын уақыт әлдеқашан жетті. Қазақ поэзиясы, қазақтың қара өлеңі Абай мен Ыбырайдан бастау алып, оның жалғасы әсіресе, XX ғасыр басындағы поэзия әлемінде ерекше көзге түсе бастаған еді. Себебі, осы тұста асқақ жырларымен, жалынды үніменен халыққа танымал бола бастаған ақындар қатары көбейе түсті.
«... XX ғасырдың басында қазақ поэзиясында... Сұлтанмахмұт пен Сәкеннің, Мағжан мен Бернияздың кейіпкердің ішкі жан сырына үңіліп, оның қалың қатпарын аздап болса да, ашуға тырысатын өлеңдерімен бірге қазақ өлеңіне лиризм келе бастағанды» [2. 146 бет] деп өз мақаласында Бекділдә Алдамжаров 20 ғасырдың басындағы ақындар жайлы, олардың қозғаған тақырыптары мен өлеңге әкелген жаңалықтарын ауызға алады. Сөз жоқ, аты аталған ақындардың ішінде Сұлтанмахмұт, Сәкендерді, олардың мол туындыларын кешегі мен бүгінгі қазақ баласы түгел дерлік білері анық. Әйтсе де сол ақындар қатарында оқырманға есімі таныс емес, шығармалары халыққа таралмаған, әлі де болса филолог-ғалымдардың тарапынан зерттеуді қажет ететін ақын бар. Ол - Бернияз Күлеев.
Б.Күлеев XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, жалынды жырлар жазып, кезінде қоғам ісіне де араласып, өмірден жастай өткен ақын.
Бернияздың өмірбаянына қатысты деректер өте мардымсыз, тапшы. Жиырмасыншы жылдардағы қазақ газеттеріне шыққан замандастарының бірлі-жарым естеліктері мен бірді-екілі монографиялық еңбектердегі ақын өміріне қатысты айтылған деректер ғана.
«Ақын өмірбаянының алғашқы, негізгі биографы - ақынның замандасы жақын жолдасы Мерғали Ешмухамедұлы. М.Ешмухамедұлының ақын өмірбаянына қатысты алғашқы дерегі оның өмірі мен шығармашылық жолына байланысты жазылған «Еңбекші қазақ» газетінің 1928 жылғы 30 наурыз күні шыққан №72 санында жарияланған «Күлейұлы Бернияз» деген мақаласында берілген.
Бұдан кейін «Еңбекші қазақ» газетінің 1923 жылғы №19 санындағы ақын қазасына байланысты берілген «Бернияз Күлеев» деген азанама - мақаласын, «Тілші газетінің» 1923 жылғы 20-наурыздағы №28 санындағы Мағжан Жұмабаевтың «Бернияз Күлеев» деген мақаласын ақын өмірбаянына қатысты аздап деректер алуға болатын нұсқаларға жатқызуға болады.
1976 жылы шыққан Қазақ Совет энциклопедиясының 6 томында ақын өмірбаянынан қысқаша мәліметтер берілген. Сондай-ақ Қазақ Совет әдебиетінде Бернияз есімі қысқаша айтылып өтсе, «XX ғасырдың басындағы әдебиет» (Хрестоматия. А., 1994), «Екі мыңдық дала жыры» атты жинақта (А., 2000 ж.) өмірі жайлы қысқаша дерек беріп, бірді-екілі өлеңдерін «Қазақ әдебиет» энциклопедиясында сөз етсе, А.Нұрқатов өзінің «Жалғасқан дәстүр» (1980, А.) еңбегінде ақынды Абаймен салыстыра талдау жасайды, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1997, 1990, 2000, т.б. жылғы сандарында мақалалар жарияланып тұрды.
Б.Күлеевтің өмірі мен шығармаларына тереңірек тоқталған Ы.Дүйсенбаевтың «Эпос және ақындар мұрасы», Жәмбеков Сәбит Нұрмухамбетұлының «Бернияз Күлеевтің ақындық мұрасы» деген тақырыпта 1997 ж. қорғалған диссертациясы, т.б. деп атауға болады.
Б.Күлеев 1899 жылы бұрынғы Торғай облысы, Ақтөбе уезіне қарайтын Бөрте болысының №1-ші ауылында (қазіргі Орынбор облысының Бөрте ауданы) Бекен деген шаруаның үйінде дүниеге келген. Жанұясында оқыған, көзі ашық адамдардан тәрбие алған болашақ ақын жастайынан зейінді зерек болып өседі. Талапты да зейінді, Бернияз көркем әдебиет нұсқаларын құштарына оқып, орыс, қазақ татар классиктерінің шығармаларымен жете танысуды мақсат етіп, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Абай, Тоқайлардың өлең-поэмаларын ерекше ынтамен оқиды. Кейінірек С.Торайғыров, С.Дөнентаев тағы басқа өзінің замандас жазушылардың шығармаларына ерекше назар аударып, солардың жеке жинақтарын басып шығару жүмысына белсене атсалысады. Сонымен қатар, М.Жұмабаев, М.Дулатов, А.Байтұрсыновтардың шығып жатқан дүниелеріне зер салып, ерекше назар аударып отырады. Әсіресе, ақын лирикасының болашақ сипатына әсер еткен М.Жұмабаев, С.Дөнентаев және Бөртеде оқып жүргенде Ресейдегі болып жатқан дүниежүзілік маңызы бар әртүрлі қоғамдық сілкіністер ақын сана-сезіміне әсер етіп отырған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Қорғансыз жан


Түнде құяңы қатты ұстап, тұла бойы көтертпей тұрса да, Кистунов таңертең қызметіне барып, арызшылар мен банк клиенттерін қабылдай бастады. Оның реңінде қажыған, қиналған кісінің сыңайы бар еді, демін зорға алып, әрең-әрең сөйлеп отырды.

Көне салоп киген, сырт бейнесі сасық қоңызға ұқсас бір арызшы әйелге:

— Не керек еді сізге? - деді. Арызшы әйел судырай жөнелді:

— Мәртебелі мырза, назар аударсаңыз екен, менің күйеуім коллеждік асессор Шукин, бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз, емделіп үйде жатқанында оны себепсізден -себепсіз отставкаға шығарыпты, мәртебелі мырза, ал оның айлығын алғалы барсам, олар, назар аударсаңыз екен, оның айлығынан жиырма төрт сом отыз алты тиын ұстап қалды! "Не үшін?" деймін. "Ол жолдастық кассадан ақша алған, оған басқа чиновниктер кепіл болған", дейді. Қалай болғаны бұл? Ол менің ризалығымсыз ақша ала алатын ба еді? Бұл болмайтын іс, мәртебелі мырза. Мұның өзі неліктен? Өзім бейшара жанмын, пәтер жалдап қана жан сақтаймын... Әлсіз, қорғансызбын... Жұрттың бәрі ренжітеді мені, ешкімнен жақсы сөз естімеймін... — деді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Шаруа күні


Бүгін және «Шаруа күні» деген мейрам еді. Жақсы өсірілген шаруа өніміне өкімет бүгін бәйге бермек.

Әркім-ақ өз шаруасының бір-бір нұсқасын алып келіп, көрмеге қойған. Көрген комиссиялар барлығын жазып- сызып, үлгілі шаруаның алдыңғы бәйгесі мен мақтау қағазын Бадыраққа тағы әкеліп берді.

Жұрт жалпағынан құттықтап жатыр.

Бұларға Бадырақ пен Жеңсік ақ шатырдың астында тұрып, бас иіп ризашылығын білдіреді. Дәл осы кезде Бадырақтың көңілі тасқындап кетіп жан-жағына қарады.

Айналаның бәрі де қалалы қазақ шаруасы. Жұрттың бәрінің өзің ажарлы, киім киісі салтанатты. Біреуден біреудің дәулет артықшылығы жоқ секілді. Баяғы «бай, жалшы» дейтін қазақ ұғымы мұнда жоқ. Бәйгеден келген екі аттың үстіндегі екі пионер немересі жұртқа көсемдік қылып тұр. Қуанышқа кенелген Жеңсігі қасында, автомобилі астында.

Осыны көріп Бадырақтың көңілі тау суындай тасып кетті. Жүрегі ойнақтап тайдай тулады. Өткен бұлдыр күннің азабынан жүректің түкпіріне бұғып қатқан шер-мұңы босанып, бусанып, тас балқып, мұз жібіткендей болды. Өмірдегі бейнет теперішінде темірленген денелерде сіңірлер сықырлап жұмсарып, кедейлікте кепкен жүйкенің жүйесі босады.

Тасқындаған жүректің әлегімен алапты шарасынан алған екі ескі көз жаутаң қағып, кірпіктен қуаныш әсерімен жылым жас жерге төгіліп-төгіліп кетті.

Бұл жас біріншіден — өмірдегі денеде қалған жан жарасының ертедегі езгіндігінің шайындысы еді.

Екіншіден — жаңа дәуірдегі дәулетке тасыған жүректің тамшысымен көпірген көңілдің көбігі еді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Кәкімжан Қазыбаев | Толғаулар

1. Көктем

Көктем! Айнала жұпар атып, тіршілік атаулы түлеп тұр. Ажарында мың арудың сыны бар, кеудесінде мың ақынның тұнып жатқан жыры бар, көмейінде сұлулықтың үні бар, көкірегінде табиғаттың таусылмайтын жан тебірентер күйі бар. Бұл — біздің көктем.

Бұлақ сылдырап ағады, бұлбұл тамсана, тамылжыта, үзілте ән салады. Ақ балтыр қайыңдар, тәкаппар, бойшаң теректер жапырағын жайып, самал желмен сыбдыр қағады. Далаға шықсаң, гүл исі, нұрын төккен күн иісі. Жер-ана өзінің апай төсіндегі алып анарымен Тіршілік атты перзентін емірене емізіп жатқандай. Бәрі мамырлап, бәрі балбырап, тамылжып тұр.

Көктем көркі осындай. Оны көрікті жырға да, күйге де сыйғыза аларсың ба! Бұл көрік қанша қарасаң да тойғызған ба! Тарих қартайып, замана жаңарған сайын ол тіршілікке деген ынтызарлықты, болашаққа деген үміт отын лаулата береді.

Көктем көркіне адам еңбегінің шабыты, адам көңілінің қуанышы келіп қосылғандығы сурет — керемет сурет. Ол қуаныш арнасынан аса шалқыса, бірінен-бірі биіктеп ән де аспанда қалқыса, болаты мен шойыны мартенінде балқыса, даласында егіні толқын болып туласа, өңірінде сан түлік шұбырып - шұбап шуласа, шырқ үйіріп барлығын, адамы қарап тұрмаса! Бақыт деген осы емес пе!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Үндістан-Қытай арасындағы қарым-қатынастарын жан-жақты сараптау

Үндістан мен Қытай елдері өз тәуелсіздігін алғаннан кейін және халықаралық аренаға жеке субьект ретінде шығуына байналысты, экономикалық, әскери және ғылыми-техникалық потенциалды қайта құруды және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына түзетулер енгізе отырып, сыртқы саясатта белсенділік көрсетіп, халықаралық қатынастарда өз елінің беделін жоғары көтеру мақсатында әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстар орнатуды көздеді. Сонымен қатар, Үндістан мен Қытай өзара екіжақты қарым-қатынастардың орнауына да ат салысып, екі ел арасындағы байланыстардың даму барысында пайда болған бірқатар күрделі мәселелерге шешім табуға тырысты. Алпауыт елдер арасындағы қатынастар достық қарым-қатынас пен жауласу кезеңдерін өткеріп, қазіргі заманғы серіктестікке бағыт алды.
Қазіргі уақытта да Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың жалпы дамуындағы өзгерістер тек Азия құрылығына ғана емес, бүкіләлемдік стратегиялық саясатқа да өзіндік ықпалын тигізуде. Сондықтан да осы екі алпауыт елдер арасындағы қарым-қатынастардың даму үрдісін зерттеу заман талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны даусыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Бала мен құс)

-Жыршы құс, тілімді алып, келші мұнда,
Жасыл шөп, жасыл ағаш қалсын онда.
Қапаста жаның тыныш отырасың,
Жазы-қыс жейтін ұрық бәрі қолда.
Мен сені жан досымдай қадірлеймін,
Ерінбей, тамағыңды әзірлеймін.
Мөп-мөлдір саф күмістей, тәп-тәтті су
Күнде ерте, жалғаны жоқ: «Әзір!»- деймін. ....
Өлеңдер
Толық
0 0