Бата-тілек: Бауыржан Момышұлының ақ батасы!

Е, Жаратушы, Жасаған!
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Тозақтағы оттан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта.
Парақор соттан сақта.
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек батылдан сақта,
Дәйексіз тіл тақылдан сақта.
Адалдықты арбаған ақыннан сақта,
Ашу жеңген ақылдан сақта,
Қайырымсыз жақыннан сақта.....
Баталар
Толық
0 0

Жаман ой жанды аздырады

Адам баласы туылған сәтке дейін, таза ақ парақтай періште болып келеді. Өмірге келгенен кейін өмірдің түрлі кезеңдері мен қиындықтары адамды құлазуға жалғыздыққа итермелейді.Соның салдарынан жаман ойлар мен үмітсіздік ұялап жанын азаптап аздыруға және соңы түрлі қиындықтарға соқтырады. Ойыңызды жаман әдеттен арылтып жақсы ойлауға тырысу үшін, психологтың көмегіне құлақ салыңыз:

Әр күннің бастауын түн кезінде жоспарлап ертеңгі күнге қадам басыңыз.
Таңды әдемі күлкіден бастаңыз.
Күніңіз жақсы өтсін десеңіз бір жақсылық жасауға тырысыңыз.
Адамдардың сізге жаман айтқан пікірін қабылдамауға тырысыңыз.
Адамдармен сөйлесу барысында, жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
Ойыңыздағы жаман ойды арылту үшін де, спортпен айналысуға тырысыңыз.
Ренжіген болсаңыз мән бермеңіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

"Жанымдағыларға қиын": Мадина Сәдуақасова мінезінің жаман жақтарын жайып салды

Отандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова мінезі туралы бар шындықты айтты. Әнші көңіл күйі қалыпты емес болғандықтан қасында жүрген адамдарға ауыр тиетінін жасырмады. Өнер иесі өзінің ел білмейтін қырларын тізіп шықты деп жазады NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасындағы оқырмандарына ерекше ашылып, өз мінезінің жаман жақтарын жайып салды. Шоу-бизнес жұлдызы құбылмалы көңіл күйі жолдасы екеуінің арақатынасына қалай әсер ететінін де айтты.

"Мадина Садуақасова туралы бәрін білетін сияқтысыз, бірақ сонда да өзім жайлы, өмірім жайлы қысқаша айтып берейін. Мен Алматыда дүниеге келгенмін, атымды әжем Мекке-Мәдине болсын деген, бірақ мамам қысқартып Мәдина деп жаздыртқан. Мектепте ән айтқанмен бірге дзюдо секциясына екі жарым жылдай қатыстым бапкерім Ишанбек аға, мықты болатын. .....
Жаңалықтар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ МЕКЕН ОРТАСЫ

ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ МЕКЕН ОРТАСЫ
Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі ортада тіршілік етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-ауада – өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі тіршілік ортасы болып саналады .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлардың айлакерлігі (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың айлакерлігі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А4 Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.
ӘТН2 Пікіралмасу кезінде сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Көптеген оқушылар:
Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды. Сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Кейбір оқушылар:
Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Жан жарасы жанартау боп атылған


Жан жарасы жанартау боп атылған...



(Шәкірттер үшін жазылған. 1996 жылы Желтоқсанның 10 жылдығына байланысты жазылған).

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы...

Осы бір ән жолдарын сан мәрте естіген сайын, жып-жылы көңіл шуағын бір ызғар қаритыны несі?! Әлде бұл ақын дарындылығы мен сазгер таланттылығының астасқан құдіреттілігінде ғана жатыр ма?! Тек онда ғана емес секілді. Әйтеуір, қайткенде де өзге түгілі өзіңе де беймәлім бір сезімнің кеуде сарайыңа келіп орнығып алары сөзсіз.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Роза Әлімханова Сейітқалиқызы

Әлімханова Роза Сейітқалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор.

30 жылдан астам уақыт ерте жастағы балалардың тірек-қимыл аппараты патологиясын (майтабан, буын кемістіктері, ортан жіліктің сынуы) отасыз емдеумен айналысып келеді. Балалармен көп жылғы жұмыс істеуінің және туа бітті деформация мәселесін зерттеу нәтижесінде әлемде ұқсастығы жоқ емдеудің ғажайып әдісін ойлап тапты.

Қазақстандық зерттеушінің жұмысы әлемдік қоғамдастықтың назарынан тыс қалған жоқ. Роза Сейітқалиқызы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымның Алтын медаліне лайық деп табылды. Оның осы саладағы жетістіктері мен жаңалықтарын Қитай және Еуропаның тәжірибелі дәрігерлері мен ғалымдары мойындады. Ол – 30-дан астам өнертабыстың, 120 ғылыми еңбектің, 5 оқу әдістемесінің және 6 монографияның авторы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жанқожа Нұрмұхамедұлы

Өмірбаяны
19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.[1]
Осындай зорлық–зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған .....
Рефераттар
Толық
0 0