Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек көз жұмды. Бейсен Құранбектің қазасы күллі қазақтың қабырғасы қайыстырды. Желіде тележүргізушінің соңғы жазған естелігі жария болды.
"Білу - бөлек, түсіну - басқа. Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім... Бірінші, Ұстазым жиі айтатын "бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол- ниеттің, тілектің, батаның күші" деген сөздің рас екенін.
Ақын Ринат Зайытовтың өзі қатаң сынға ұшырады. Ұстаздарды қолдау орталығының жетекшісі Сержан Қасен ақынның “Айтуға аңай” бағдарламасында айтқан сөздеріне қарап,оның бойындағы сөзіне сай емес бірнеше қателіктерді тізіп берген. Сондай-ақ ақынды “Шындықтың жүгін жалғыз арқалаған “батыр” сезінеді өзін. Әрі алдында отырған Роза Рымбаева сынды өнер майталмандарының алдында сөйлеген сөздері әдепсіздеу көрінді” дейді.