Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар туралы әңгімелер оқу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Табиғат пен қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар туралы әңгімелер оқу
Оқу мақсаты: 2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді;
2.2.2.1 Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды;
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. тауып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Саматтың жұбайы Айжанармен жекпе-жек)

Замана тұр бөркiн алып ойланып,
Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда алып?
...Сол түнi бiз сенiң туған сiңлiңнiң
Он ceгiзгe толған күнiн тойладық.
Мен қуана тост көтердiм қызға арнап:
- Ал сапарың сәттi болсын, қызғалдақ.
Өмip мынау:
Қатар тосқан жеңiлi мен ауырын,
Қайғысы мен сауығын,
Шуағы мен дауылын......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау. «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
- Мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
- Жоспарды қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін құрап жазу;
- Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 4 сабақ Жануарлар әлемі Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе? (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: № 4 сабақ. Жануарлар әлемі. Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе?
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А4 Негізгі ойды анықтау
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;
ӘТН 2 Орфоэпиялық норма
Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:1) тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды түсінеді; 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтарын біледі;
Көптеген оқушылар: 1) жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды; 2) сөйлеуде сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сүйенеді;
Кейбір оқушылар: 1) мәтіннің негізгі ойын өз бетінше анықтайды; 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағы үндестік заңдылықтарға сәйкес айта біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Біржан сал Қожағұлұлы (1834 — 1897)

Біржан сал Қожағұлұлы (1834, Ақмола облысы Біржан сал ауданы — 1897, туған жерінде) — Қазақтың әйгілі ақыны, сазгер.

Өмірбаяны
Ол 1834 жылы Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. Орта жүз Керей тайпасы Ақсарынан шыққан.[1]

1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №1 (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Сабақ мақсаты: шығармашылық жазылым тапсырмасын орындау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Біз ұрыстарда ер жеттік

28-гвардияшы Панфиловшылар өздерінің қанымен өшпес даңққа ие болды. Халқымыз олар туралы өлең-жыр шығарды, аңыз етеді. Олардың есімдері халқымыздың гитлершіл басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысының тарихында мәңгі сақталады. Дивизиямызды құрушы Иван Васильевич Панфиловтың есімі мәңгі өшпейтін жауынгерлік даңққа бөленген. Сондықтан да панфиловшы ерлерді көргенде:

— Сіз расымен Панфилов дивизиясынансыз ба? — деп таңданған адамдарды талай кездестіргенім бар.

— Ия, — дейді панфиловшы. Сол таңдандырған панфиловшы кәдімгі жай адам болып шығады.

Ол керемет батыр емес, асқан алып емес, ол, тіпті, соғыстан бұрын армияда болмаған, тек бір колхозда адал еңбек еткен, фабрикада немесе заводта жұмыс істеген, я болмаса бір мекемеде бухгалтер болып қызмет еткен өзіміздей бір адам болып шығады. Әриие, бұл бейбіт совет азаматы солдат шинелін киіп, қолына винтовка алғаннан кейін де бірден жауынгер бола қойған жоқ.

Осындай әр алуан қарапайым адамдардан Генерал Панфилов 2,5-3 айдың ішінде жауынгерлік құрама жасақтады. Взвод емес немесе рота, полк емес, тұтас бір дивизия құрды. Бұл — Панфиловтың зор еңбегі. Ол 8-гвардия дивизиясының қолын жеңістерге жеткізді.

Панфилов соғыс өнерінің кемеңгері еді. Ол соғыстың өнері мен әдісіне мейлінше жетік, ұрыста батыл, соғыс ғылымында жаңалық тапқыш ақыл-ой иесі еді. Ол ұрыстарда дұшпанның генералдарынан басым түсіп отырды, оларға өз дегенін істей білді, жаудың әскер сапының осал жерлеріне қатты тиіп, оған істің түйіні шешілетін учаскелерде, үзілді-кесілді кезеңдерде қирата соққы бере білді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0