Өмірбаян: Шынар Жанысбекова Жеңісқызы

Жанысбекова Шынар Жеңісқызы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ақтам ауылында дүниеге келді.
1990ж. Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтын «Театр және кино актрисасы» мамандығы бойынша бітірген.
1991жылдан М.Әуезов театрының актерлік құрамында қызмет етеді.
Сахнадағы негізі рольдері:
М.Әуезовтің «Абайында» Ажар (реж. Ә.Мәмбетов), «Еңлік-Кебегінде» Еңлік (реж. Ж.Хаджиев), Б.Брехттің «Тоғышардың тойында» Әпке (реж. Б.Атабаев), М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Шафақ («Күнәһар», реж. О.Кенебаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Кәмила, Гаухар (реж. Б.Омаров), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Мақпал (реж. Қ.Сүгірбеков), С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Қалиса (реж. Ә.Рахимов), Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағила (реж. Б.Атабаев), Ш.Құсайыновтың «Үкілі Ыбырайында» Хакима (реж. Б.Атабаев), М.Мақатаевтің «Қош, махаббатында» Айша (реж. Б.Атабаев), В.Смеховтің «Мың бір түн» бойынша қойылған «Әлі баба және қырық қарақшы» мюзиклінде Зейнаб (реж. Т.Аралбай), Шахимарденнің «Қазақтарында» Мехри ханум (реж. Т.әл-Тарази), Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Сайра (реж. О.Кенебаев), И.Сапарбаевтың «Сыған серенадасында» Изольда (реж. Е.Обаев, Т.Аралбаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Қали (реж. Е.Обаев), Иран-Ғайыптың «Мен келемінінде» Ақмұнар (реж. Қ.Қасымов), Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» Келін (реж. Е.Обаев), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!.» комедиясында Айка (реж. М.Ахманов), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Наталья Ивановна (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева), Р.Отарбаевтің «Бейбарыс сұлтанында» Фатима (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), Ж.Ерғалиевтің «Қас қағымында» Тамара (реж. Е.Нұрсұлтан), Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрінде» Жаналғыш ажал (реж. Й.Вайткус), И.Вовнянконың «Қаза мен жазасында» Шапиға (реж. А.Әшімов, С.Асқаров), А.Володиннің «Қоштасқым келмейдісінде» Козлова (реж. А.Маемиров), Б.Брехтің «Көкектің әнінде» Дженни-бүлдірген (реж. Е.Нұрсұлтан), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Аягөз (реж.Е.Нұрсұлтан) т. б.
Кинодағы рольдері: ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар әлемін танып білу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Табиғат пен қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Жануарлар әлемін танып білу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Т/А1 Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну
О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу
Ж5 Оқылған, тыңдалған және аудиовизуалды материалдардың мазмұнын жазу
Сабақ мақсаттары: Т / А Мәтінді тыңдай отырып негізгі ойды түсінеді және қарапайым сөйлемдермен оқиғаны өздігінен мазмұндай алады.
О2 Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды, сөздік қорын толықтырады
Ж 3 Мұғалімнің ұсынған үлгісімен және қолдауымен мәтіннің мазмұнын негізгі бөлімдеріндегі тірек сөздерді қолдана отырып жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Бадырақ

I тарау

Таң анық атқан жоқ. Айдың аяққы қараңғысы. Таң алдына шейін талықсып келіп, бой жасаған өлетін адамның көзіндей ажарланып бағжиған жұлдыздар жерді албастыдай басып тұрған меңіреу қараңғылыққа әр жерден өштесіп, өжеттенгендей. Бірақ өздері еңкейіп батып бара жатқам сияқты.

Осы қараңғылықпен араласа әр ауылдың қонысында түйенің анда-санда бақ еткен дауысы естіледі. Жылқы кісінейді. Тәрізі бұл өңірдегі ауылдар көшіп жатыр. Жер салқынмен көшпесе бүгінгі кештегі қозы-лақ жете алмайтын кер баланың шеліндей бір бұйрат құм еді.

Сондықтан қатындар сүтті пісіріп, ұйытпай тұрып тұлыпқа құйып, іңірден бастап үйді жыққан. Қомның арқаны тесін қысқан түйелер бақырады.

Бір жерден қызғыш құс ұшты, ойқыр демей біреу жортып, бірнәрсе қарап келе жатқандай. Қызғыш осыдан ұшып еді. Бұл бала күреңге тоқым салып жайдақ мініп, байдікіне қонған екі қонақтың атын іздеп жүрген қойшы еді. Қойшының аты Бадырақ. Қойшы көшіп келе жатқан ауылдың жанындағы қоңыр белеске таман келіп, күреңінен топ етіп түсіп, жантайып жата кетті.

Бадырақ — байдың жалшысы. Жасы жиырманың екеуінде, орта бойлы, дембелше, жауырыны қақпақтай, жас жігіттің алыбы еді. Төбесі биіктеу, шекесі торсықтай, бүркіт қабақ есті жігіт. Арысқа түсіп алысқанда жауырыны жерге тимей жүрген, кеудесі есіктей, балтыры бесіктей бал улы, құлама жарлауыт кабак астына оты ойнай біткен қой көзі кедейліктің неше алуан езгісінен, жалшылықтың жаншуынан жасқанып, қылау құрлы көретін емес. Өзгеше бір отты қайрат қайраулы тұрғандай. Неге салсаң соны жалбыратып түсетін өткір алмас.

Бұл әке-шешесі жасында өліп жетім, панасыз қалған Қоянбай деген бала еді. Бір жұт жылы мұның шешесі болғанда қой таба алмай, қояннан қалжа жеген екен. Сондықтан мұның атын Қоянбай қоя салыпты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Күннің батуы)

Толқындаған дарияға
Қызарып оттай күн батар.
Жұқа, ақшыл бұлттар
Құрмет қып оны ұзатар.
Қарсыда, қара бұлттан
Қайғылы аппақ туар Ай.
Тұманды көкте жыбырлар
Жұлдыздар ұсақ ұшқындай. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтау Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы» (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтау Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы»
Оқу мақсаттары: 4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану;
4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқи алады, мазмұнын жүйелі баяндайды;
Көпшілік оқушылар: оқығаны бойынша әңгіме жаза алады;
Кейбір оқушылар: көркем-бейнелі сөздерді таба алады, мәтінге жаңа деректер қосып, толықтырып әңгімелейді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Зоология сабағынан жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру

Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу барысында өлке тану материалдарын кенінен нәтижелі қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезіңдегі оқушыларға, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі жылдары.
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру.
Келесі тақырыпта маллюскалар тобының өкілдері — бауыраяқтылар мен екі жармалылар, Ғылым және білім беру министрлігі басқармасы бауыраяқтылармен таныстыру барысында үлкен прудовикті мысалы келтіреді Қазақстан жеріңдегі кездесетін дала ұлуы мен шырышты ұлу құрылымы талқыланады. Малюскалардың бұл түрлері мақтаға, жоңышқаға басқа және басқа ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян, сондықтан оқушыларды өмір сүру мен құрлымымен танысуы мен тек танымдық ғана емес сонымен қатар тәжірбиелік маңызы зор. Оқушылар маллюскалардың ішкі құрылысының ерекшеліктерін танып олармен күресу жолдарын біледі.
Екі жармалы тобымен танысуы барысында, Қазақстан Республикасында аумағындағы қолдар мен ағысы жай өзендерінде кездесетін тәрізділер мысалға алынды. Осы маллюскаларды оқу кезінде, шығу тегі бір екендігі және орналасу өзгешелігің анықтау мақсатында басқа түрлері мен салыстырылады. Буынаяқтылар тобында оның түрлері өте көп. Бағдарлама оның мына үш тобын ұсынады.
Шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер және шыбын-шіркейлер. Шаян тәрізділерді оқу кезінде, Қазақстанның су қоймалары мен өзендерінде кездесетін өзен шаяны мысалға алынады, Оның ішкі және сыртқы құрылысы талқыланады. Сонымен қатар кәсіпшілік маңызы бар басқа да ірі және ұсақ шаян тәрізділерге де түсініктеме беріледі.
Зоологиялық курсында, Қазақстанның балық шаруашылығында жем ретінде кеңінен қолданылатын ұсақ шаян мен циклопқа тоқталып өткен жөн.
Ғылым және Білім беру Министрлігінің бағдарламасы, өрмекші тәрізділерге тоқталғанда өрмекші ала бүйір мысалға алынуды ұсынады. Дегенмен өрмекші ала бүйір Қазақстан аумағында көп кездеспейді, бізде кездесетін түрлері; шаян, қарақұрт және бүйір. Бұл шаян тәріздестер Қазақстан территориясында көп кездеседі, сондықтан оларды көптеген оқушылар біледі. Бұл шаян тәріздестердің ұлы аңдарға, адамдарға өте қауіпті, сондықтан да бұлар жайлы оқушылардың білуі өте қажет. Әсіресе шаян тәріздестер шаққан алғашқы сәтте көмек безгек ауруының алдын - алу, болдырмауы іс-шаралары жүргізілгеңдіктен айтып кеткен жөн. Республиканың оңтүстік аумағындағы ыстық климаты жағдайында, дизинтерия амебсы сияқты, іш ауруын қоздырушылардың адам организімінде енуіне жол бермеу үшін, жеке және қоғамдық гигиена талаптарын орындау өте маңызды. Оқушыларға міндетті түрде. Қайнатылмаған әсіресе жабық шағын суаттардан алынған суды пайдалану....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Ж Әлмашев «Бимұраттың бір күні» (3 сынып, II тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Ж. Әлмашев «Бимұраттың бір күні»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы дауыстап түсініп оқиды, мұғалімнен көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады,сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, кейіпкерге хат жазады .
Көптеген оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды табады, үлгі бойынша хат құрастырып жазады
Кейбір оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады, әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды, кейіпкерге өздгінен хат жазады ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0