Жан-жануарлар атаулары

Жануарлардың көне атаулары

Жануарлардың көне атаулары — жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған атаулары. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. “Түз тағысы табиғатпен тілдес” екендігін айқын аңғарып, олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған, немесе кесірі тиеді, не киесі ұрады деп есептеген. Мыс., жыланды — қыбыр, ұзынқұрт, түймебас, т.б. деп, ал қасқырды — итқұс, бөрі, ұлыма, т.б. деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар төлдеген кезде, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді. Жабайы жануарларды кең байтақ еліміздің әрбір облыстарында жергілікті атаумен атай беру де кездеседі. Мыс., аққуды — ақ шандоз, жираф — керік, мысықтың баласы — шаған, т.б. Бұдан 5 ғ. бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты шығармасында кездесетін жануар атаулары да қазіргіден өзгеше. Мыс., тышқан — сумақы, сиыр — маңғаз, барыс — айбар, жылқы — тұлпар, т.б. Қазіргі кезде жануарлардың көне атаулары мүлде ұмытыла бастаған (мыс., жұпар жылан, таутайлақ, маңқұс, құртқа, мәлике, т.б.). Жануарлардың көне атаулары ұлттық фольклорда, ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерде жақсы сақталған. Мыс., “Борақты ұрсаң тұмсықтан, тез өледі шымшықтан”, “Таутанның алма аланын, кесіріне жолығарсың балаңның”, т.б. Мұндай ұмытылған атауларды пайдалану — тіл байлығымызды молайта түспек.
Кеңестер
Толық
1 0

Ғибратты әңгіме: Бауыржан ағаға барғанда

Сағат таңғы он жарым. Есікті Жәмила жеңгей ашты.
- Кел, қарағым.
Аяқкиімімді шешкелі босаға маңында бөгеліңкіреп қалдым. Жеңгей ұйықтайтын бөлмеге еніп: «Келген Мамытбек қой», - деді.
- Мамытб-е-ек! – деген іштен Бауыржан ағаның біртүрлі көңілді, жылы, сағынышты, әрі еркелеткен дауысы естілді. Аяқкиімімді шешіп, ұйықтайтын бөлмеге ендім.
- Ассалаумағаликум, аға!
- Уағалайкумсалам. – Баукең созған қолымды күлімсірей алды.
- Кел, қарағым, мына жерге отыр. Залға баруға әлі ерте. Дастархан жасағанша босқа күтіп қаламыз.
Мен үйреншікті орныма тез жайғастым.
- Денсаулығыңыз қалай, аға?
- Онша мақтарлық емес. Терлей берем. Терлегенді жек көретін кісі едім, төзбеске амал жоқ. Тіпті қатын үрейленсе керек, бір-екі рет жәрдем шақыра да жаздады. Мен ырық бермедім. Шақырса, емдейміз деп алып....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша Ашық сабақ: География | Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер.

Қазақша Ашық сабақ: География | Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер.Пән аты: География
Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Оқушыларға жанартаудың пайда болуы, лава, кратер, бүйірлік кратер, жанартаудың түрлері, сөнген және сөнбеген жанартаулар, жанартау әрекеттерінің маңызы, ыстық бұлақтар мен гейзерлер туралы түсінік қалыптастыру.
2.Дамытушылық. Жанартаулардың географиялық координатасын анықтау арқылы икемділіктері мен дағдыларын әрмен қарай дамыту.
3.Тәрбиелілік. Табиғатты сүйюге баулу, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру.
Ашық сабақтар
Толық
77 -43

Қазақша шығарма: Отбасы күні (Отан отбасынан басталады)

Отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі. Оған «Отан отбасынан басталады» деген сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасылық құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан өскелең ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп,болашақта.....
Шығармалар
Толық
0 0

Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы

Фундук (Орман жаңғағы)
Фундук дәннің құрамында А және Е витамині бар. Бұл адамның ми қызметін жоғарылататын қасиетке ие. Шикі күйінде тұтынғанда пайдасы көп деп есептеледі екен.
Құрамы: Фундук калория жағынан наннан бірнеше.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
8 -5

Қазақша шығарма: Отбасы күні (Жанұя – отанымыздың ошағы)

Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық
сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев

Көшпелі және рулық - тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң- салттарымен бекітілген.
Шығармалар
Толық
12 -6

Қазақша реферат: Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897)

Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата қонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Ақшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан.....
Рефераттар
Толық
0 0