"Алматы аруы" Фарида Мәлік "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды

"Алматы аруы-2012" Фарида Мәлік өткен аптада Ыстықкөл жағалауында өткен халықаралық сұлулар байқауында "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды, деп хабарайды Tengrinews.kz.

Фарида демеушілердің қолынан тәж бен сыйлықтар алып қана қоймай, 2013 жылы Грецияда өтетін Miss Fashion TV World халықаралық байқауына да қатысуға мүмкіндік алды.

"Өте бақыттымын, Грециядағы байқауға жолдаманы жеңіп алғаныма сене алар емеспін. Байқау соңында үш қатысушы қалды, Қырғызстаннан келген қыз бас жүлдені жеңіп алады деп ойладым. Кейіннен қазылар алқасы менің атымды атағанда, қуаныштан жылап жібердім", - дейді Фарида Мәлік.

Бірінші вице-мисс атағын Қырғызстандық Дарья Лебедева жеңіп алды, ал екінші вице-мисс атағы оның отандасы Таттыбюбю Самидинқызына бұйырды. Дарья Миронова "Ыстықкөлдің Інжу сұлуы" және Алматылық Сабина Әділқұлова "Азия сұлуы-2013" атағын жеңіп алды.

Ал Ресейлік Ксения Ясакова "Көрермендер көзайымына" бөленді. Ақтық сын төрт кезең бойынша өтті. Байқауға қатысушылар ұлттық киімде, той-жиында киетін киімде және күнделікті өмірде киетін киімде шығып, сән көрсетті. Байқауға ТМД мемлекеттерінен жалпы саны 14 қыз қатысты.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жанбек болыс Торжанұлы

Жанбек болыс Торжанұлы. Кейбір шығармаларда Жәмбек, Жәнбек, Жәнібек деп те жазады. Тама тайпасының Жабал руынан. 1861 жылы дүниеге келіп, 1918 жылы дүниеден өткен. Жанбек тілі майда, ұтып сөйлейтін, сөзге шешен адам болған. Ол кісінің ел жадында сақталған қасиеті - әділдігі, қара қылды жарған билігі. Ақмолада совдеп құлаған жылы 57 жасында қайтыс болды
Әкесі Торжан Тама руының атақты адамының бірі болған. Ол Меккеге барып Торжан әжі аталады. Торжанұлы Жанбек жеті рет болыс болып сайланған. Жанбектің қыс қыстауы Шу өзені бойындағы Тасты деген жерде болады. Тастының жанында Жанбектің ағаш үйі деген жер бар. Жаз жайлауы Арқадағы Жетіқоңырда болған. Адмирал Колчак Жанбекті хан деп атаған екен.
Жанбек Қарақыз болысының басқарушысы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау №1 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.4.5- өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады
8.1.1.6- зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады
Сабақ мақсаттары: Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау жолдарын білу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0