“Отан үшін күрес –Ерге тиген үлес” Осыдан 15 жыл бұрын еліміз қол жеткізген Тәуелсіздіктің күн сайын қадыр – қасиеті артып, айшықтала беруі мемлекетіміздің дұрыс және баянды бағытта қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді . Тарих және тағдырдың талай өткелінен сүрінбей өткен қазақ халқы , жалпы Қазақстандықтар бұл жылдары жасампаздықпен аянбай еңбек еткені күмән тудырмайды . Осы ретте Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – Қазақ халқы сан ғасырлар бойы күрескен , азаматтыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр » - деген сөзі азаматтықтың қадыр – қасиетін көрсеткендей . Тәуелсіздік жолында қазақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп , өлшеусіз үлес қосқан азаматтар аз емес .......
Әлімханова Роза Сейітқалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор.
30 жылдан астам уақыт ерте жастағы балалардың тірек-қимыл аппараты патологиясын (майтабан, буын кемістіктері, ортан жіліктің сынуы) отасыз емдеумен айналысып келеді. Балалармен көп жылғы жұмыс істеуінің және туа бітті деформация мәселесін зерттеу нәтижесінде әлемде ұқсастығы жоқ емдеудің ғажайып әдісін ойлап тапты.
Қазақстандық зерттеушінің жұмысы әлемдік қоғамдастықтың назарынан тыс қалған жоқ. Роза Сейітқалиқызы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымның Алтын медаліне лайық деп табылды. Оның осы саладағы жетістіктері мен жаңалықтарын Қитай және Еуропаның тәжірибелі дәрігерлері мен ғалымдары мойындады. Ол – 30-дан астам өнертабыстың, 120 ғылыми еңбектің, 5 оқу әдістемесінің және 6 монографияның авторы.....
Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. .....
Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулері ғана жарыққа шағыратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына, сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп отыратыны мәлім. Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көп зерттеген. Дегенмен, сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап күні бүгінге дейін тілдің көп мәселелері талданып, өз шешімдерін тапқандай болса да тіл білімінде әлі де талдану, анықталуы қажетті мәселелер орасан көп. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым көрінетін ат берудің өзі тек грек тіл білімі өкілдері арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілшілері арасындағы пікір алысуға себепші болып жүргені анық. Сөз мағынасы өте күрделі құбылыс. Ол бірнеше элементтерден тұрады, оның құрамында грамматикалық мағыналармен қатар сыртқы ортамен байланысып жатқан мағыналық элементтер де бар. Айналамыздағы қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың атаулары адамның санасында белгілі бір тәртіппен, жүйелі түрде орналасқан. Ендеше лексиканы жүйелі құбылыс деп тану қажет. Тіл – бірнеше элементтердің жиынтығынан тұратын жүйелі құбылыс. Оның жүйелілігі оның құрамына енетін элементтердің бір-бірімен байланысып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, біртұтастықты құрайтындығынан көрінеді. Тілдің жүйелілік сипаты тілдің ішкі заңдылықтарын, мүмкіндіктерін ашып сипаттауды тіл ғылымында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бұл тілдің кіші жүйелерінің өз алдына алынып қарастырылуымен де байланысты. Сондай кіші жүйелердің біріне тілдің лексикалық қабаты жатады. Лексика – бірліктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын сөздердің бірнеше топтарынан тұратын, өзіндік құрылымы бар, элементтері белгілі бір тәртіппен байланысқан жүйе. Кез келген тілдің лексикасындағы сан мыңдаған сөздердің мән-мағынасын анықтап, олардың өзара байланысын тану үшін, екінші басқа тілден өзіндік белгілері мен айырмашылықтарын, ұқсас тұстарын айқындау үшін сөздік құрамның өзін бірнеше кіші жүйелерге бөліп, зерттеу тиімді. Тіл негізінен қарым-қатынас құралы. Оны сан қырынан қарастыру лингвистиканың еншісінде. Қазіргі тіл білімінде тілдің қолдану аясын, сонымен қатар жан-жақты қырларын ашып көрсетіп, зерттеу кең түрде қолға алынып келеді. Дегенмен де тілді зерттеудің кейбір салалары мен қырлары кенже дамып та келеді. Жеткілікті зерттелмегенімен лингвистер тарапынан көзден таса қалып жатыр деуге болмайды. Солардың бірі тілдегі жиі пайдаланылатын сөздерді семантикалық тұрғыдан талдау болып табылады. Қазақ – ат қойғыш халық. Өзі тіршілік ететін кең даласына, оның аңдары мен өсімдіктеріне, күнделікті бағып жүрген төрт түлік малына байланысты қойылған сан мың атауларды былай қойғанда адамның өзіне қатысты атаулардың саны қаншама көп. Адамның өзіне қатысты атаулардың өзі өте мол. Оған адамның нәсілінен, есімінен бастап дене мүшелері, ағзалары, киімі, тамағы, ұйқысы, денсаулығы, түрлі қажеттіліктері т.б. атауларының бәрі жатады. Бұларды бір адамның түгел қамтуы мүмкін емес. Сондықтан біз өзімізге тағы да шектеу қойып, тек адамның жас ерекшелігіне қатысты сын есімді атауларды ғана сөз етуді алдымызға міндет етіп қойдық. Адамның жасына байланысты атаулар мен сол арқылы жасалған тұрақты тіркестер – тіліміздің ең байырғы бірліктері ретінде лексикалық қорымызды байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге, олар халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухани өмірін, дүние танымын, философиясын, психологиясын өз бойына жинақтап жүрген құнды да құнарлы лексикалық бірліктер. Оларды жан-жақты зерттеу – сол байлықты оны халқымыздың игілігіне жарату деген сөз болып шығады. Қазақ тіліндегі сын есімдер жеткілікті зерттелген десек, қателескеніміз емес. Адамның жасына байланысты сын есімдер тіліміздің сөздік қорының қомақты бір саласы. Ал осы сөз таптарын (адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер) семантика тұрғысынан зерттеу енді қолға алынып келе жатыр. Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер әрбір халықтың жанына жақын, рухани мәдениетінің сипатын дәл көрсететін....
2006 жылы Мыңжылкы «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты болды, Ресей, Санкт-Петербург қаласындағы С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының клиникалық ординатурасына оқуға түседі. Ординатураны сәтті аяқтаған соң, Астанаға келіп қайтадан ашылып жатқан Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталықта эндоваскулярлық нейрохирург болып мансабын бастады.
2008 жылмен 2015 жыл аралығында жұмыс атқарған уақытта 1500-ден аса бас миының тамырларына жоғары технологиялық ота жасады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мыңжылқы Сайлауұлы Алматы қаласына Совмин аурухананың нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі болуға шақыртылды. Соңғы үш жылда 800-ге жуық ішкі тамыр жүйелеріне қатысты ота жасалынды және Алматы қаласында инсульттан көз жұму көрсеткішін 2% төмендетті. ....
Кіріспе Кез келген тілдің дамуы, ең алдымен, сөзжасам жүйесімен байланысты. Тілдің байлығы-кірме сөздер есебінен сөздік құрамның толығуымен емес, төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы негізінде, жаңа сөздердің туындауы арқылы анықталады. Сондықтан тілдегі төл сөздердің ұғымдық, мағыналық және тұлғалық даму жүйесін зерделеу қажет. Тіл дамуы әлем бейнесін танып-біліп, олардың әр түрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беруі арқылы орындалады. Заттар мен құбылыстардың белгілеріне атау, есім беру халық танымымен, ой-санасының өсуімен, ұлттық психология мен менталитетіне байланысты анықталады. Болмыстағы кез-келген зат не құбылыс ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау ретінде танылады. Атаудың жасалу, қалыптасу процесі-сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны. Яғни сөзжасам-ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасын жасау процесін айқындайды. Сөзжасам-атау жасау процесі. Процесс нәтижесі-туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс-тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды. Туынды сөздің құрылымын тұлғалық және мағыналық деңгейде қарастыра отырып, мағынаның белгіленуіндегі ұғымның, танымның рөлі мен маңызы зерттелді. Жаңа сөз жасау, белгілі құбылыс пен затқа атау беру-номинация мен сөзжасамның зерттеу нысаны. Тілдің сөздік қорын байытуда грамматикалық тәсілдер бойынша тілдегі қалыптасқан модельдер мен құрылған жаңа сөздер жетекші рөль атқарады, нәтижесінде оның лексикалық қоры толықтырылады. Бұл тілдің маңызды функциясы-коммуникацияның кемелденуіне ықпал етеді. Тілдің барлық даму сатыларында сөзжасам мәселелерін зерттеу тіл білімінің өзекті мәселесі болып саналады. Сөзжасам семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдер арқылы туынды сөз – атау жасайды. Атауды коммуникациядан және танымдық қызметтен бөліп қарауға болмайды. Ойлаудың кез келген материалдық бейнесі, ең алдымен, хабарлауға байланысты. Ал сөзжасам мен оның нәтижесі болып табылатын атау тілдегі лексикалық бірлік ретінде ғана емес, әлем бейнесін жасауға қызмет ететін номинативтік қызметімен бағалануы қажет.Атаудың қалыптасу тарихында тілде ортақ сөзжасамдық қалыптар түзіледі. Осы сөзжасамдық қалыптар кешені сөзжасамдық тәсілдердің жіктелуін туғызады. Тіл дамуы көнеден келе жатқан күрделі әрі кешенді құбылыс. Оның өзіндік ішкі және сыртқы даму заңдылықтары бар, бұларды зерттеу сөзжасамның мақсаты болып табылады. Сөзжасам атаудың жасалу сипаты мен мотивациясын (негізделуін) жасалу тәсілі мен жаңадан туындаған мағынаның ішкі құрылымын анықтайды. Сөзжасам процесінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас, себебі әлемдік әр түрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз туғызатын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің кешенді бір саласы ретінде бағаланады. Жаңа сөз жасаудың сипаты мен құрылымын тану күрделілігі атау бейнелейтін заттың, құбылыстың және олар туралы ұғымның қатынасын анықтау қиындығымен байланысты. Туынды сөз жасау, көбінесе басқа тілдік құбылыстар арқылы негізделіп орындалады. Себепші (мотивтендіруші) сөз арқылы негізделіп, әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы пайда болған жаңа мағыналы тұлғалар туынды сөздер болады, мұндай жасалымдар – сөзжасамдық процесс негізінде орындалғандықтан, сөзжасамның негізгі зерттеу нысанына айналады. Туынды сөздер екі не бірнеше морфемалар мағынасы арқылы жасалып, күрделі құрылымға ие болады. Сөзжасамдық аспектіде туынды сөздердің мағынасын айқындау – олардың ішкі семантикалық құрылымын зерделеу деген сөз.....
Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар. Олар: көптік жалғау, тәуелдік, септік, жіктік жалғау. Осы төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарына орай, арнаулы грамматикалық формалары және сол грамматикалық мағыналары мен формаларына сай, олардың өздеріне тән ерекше қызметтері бар. Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал, осы екі категория бірдей емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы- онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі.; лексикалық тәсіл арқылы да, морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады. Сөз атаулының қай қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды білдіреді. Мысалы, ағаш, шөп, жылқы, ет, қазы деген әрбір сөз саралауға болатын біртектес көптеген заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымды білдіретін сөздердің өздері де біркелкі емес. Олардың ішінде ешқандай қосымша формаларсыө-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттары, ру, халық, ел аттары, әр қилы жәндіктер, аң аттары, өсімдік аттары, қоғамдық өмірдегі әр алуан әлеуметтік ұғымдардың аттары т.б. жатады. Міне, көптік ұғымды осылайша сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады. ....
Гульмира Абдрашева – «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы.
2015 жылы құрылған «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысы қазір еліміздің Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Ақтөбе сияқты ірі қалаларында жұмыс істейді. Бірлестікті Астана тұрғыны Гульмира Абдрашева басқарады.
Биография Гульмира Абдрашева Қостанай облысының Лисаков қаласында дүниеге келген. Әкесі – энергетик, анасы – медицина қызметкері. Отбасында екі қыз тәрбиеледі. Үлкені – Гүлмира. Қыздарды ата-анасы жастайынан үлкенге құрмет көрсету, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тәрбиеледі. Жергілікті № 5 гимназияны тәмамдаған Гүлмира Бизнес және басқару институтына оқуға түсті. Оқуын аяқтағаннан кейін Астанаға қоныс аударды. «ҚазМұнайГаз» компанисында 9 жыл қызмет етті. Былтыр өз еркімен жұмыстан кетіп, бизнеске бет бұрады, көп уақытын «Клуб добряков» қызметіне бөледі. Тари ....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастылығын қалай сақтап қалды? 2-сабақ Оқу мақсаты: 7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау 7.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау Сабақ мақсаттары: - Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының дамуын анықтау - Жәңгір ханның тұсындағы Қазақ хандығының дамуын анықтау.