Өмірбаян: Дина Жоламан

Жоламан Дина - спортшы

Жоламан Дина 2007 жылы Жақсы қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушы А.А.Высоцкийдің қол астында бокспен айналыса бастады. Сол жылы ол Көкшетауда өткен облыстық жарыста қола жүлдегер атанды.

2008 жылы Қазақстан Республикасының жастар арасындағы біріншілікте тұңғыш чемпион атанды; Челябинск қаласында өткен жастар турнирінде бірінші орынды жеңіп алды. Сол сияқты көптеген жарыстарда Дина биіктен көрініп, жүлдегерлер қатарынан табылды. 2013 жылы тағы да Қазақстан Республикасының чемпионы атағын жеңіп алды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бауыржан Исламхан

Бауыржан Исламхан – «Қайрат» футбол командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
Небәрі 24 жасында Қазақстанның футбол тарихында үлкен жетістіктерге жеткен Бауыржан Исламхан 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы атанды. Бауыржан тіпті жасы әлі жиырмаға да ілікпей тұрғанда ұлттық құрамаға шақырылып, жастар құрамасы сапында «Достастық кубогінің үздік ойыншысы» атанған еді.

Бауыржан 1993 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген. Футболмен он жасынан бері ай налысады. «Тараз» сапындағы алғашқы маусымында – 27 ойын өткізіп, 2 гол соққан.

«Қайрат» футбол командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан кәсіпқой футболшы ретіндегі мансабын «Тараз» футбол клубында бастаған. «Қайрат» сапында еліміздің екі дүркін күміс жүлдегері атанған жамбылдық жампоз Еуропа лигасында да жасындай жарқырай білді....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Электр жүйесі | Электр жүйесімен қамтамасыздандыратын екінші ретті электрқоректендіру көздері

КІРІСПЕ
Екінші реттік электр қоректендіру көздері (ЕЭҚК) бұл бірінші реттік қоректендіру көзінің энергиясын ЭК-і мен жүйелердің параметрлерінің сәйкес келетін жиілік мәнді, деңгейлік және тұрақты электр энергиясына түрлендіретін құрылғы.
Бірінші реттік ЭҚК-і ретінде ЭК және әдетте айнымалы токтың өндірістік желісін немесе айнымалы автономдық көздерін (генераторлар), әйтпесе тұрақты (аккумуляторлар, химиялық батареялар және т. б.) токтарды пайдаланады.
Әртүрлі ЭК мен жүйелерді қоретендіру үшін қолданылатын бұл көздер өте шектеулі екендігін практика көрсетеді. Оның себебі, қазіргі кездегі ЭК-і өзінің тұрақты кернеуін төменгі деңгейде ( 5... 15) қоректенуін талап ететін интегралдық сұлбаларды (ИС) пайдаланумен орындалады. Сонымен қатар, бұл кернеудің ауытқуы берілген мәннен (5...10%) аспауы қажет. Қажеттілік қатарында, мысал ретінде прецизиондық аналогтық құрылғыларды немесе аналогты-цифрлық және цифрлы-аналогтық түрлендіргіштерді қоректендіру кезінде кернеудің қоректену тұрақтылығы жоғары болуға тиіс (0,1...0,01%).
1. Екінші ретті электр қоректендіру көздері
Бірінші ретті ЭҚК-нің практикасында қолданылған нақты параметрлер, төменгі талаптардың шартын орындайды: өндірістік желінің және тұтынушылардың кернеу жиілігі сәйкес келмесе онда өндірістік желі айнымалы кернеуді 50 Гц деңгейімен қалыптастырады, ол кезде ЭК-тері негізінен тұрақты токтың, яғни нөлге тең кернеу жиілігі кезіндегі токтың кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ө әрпі бойынша ат қою)

ӨМІРГҮЛ - өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі.

ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік.

ӨНЕГЕ - үлгі, тәрбие.

ӨРБИКЕ - қазақ сөзінен өр ауыспалы мағынасы паң, ерекше ерен, бике , бикеш — ханзада, ханша, яғни ерекше, асыл туған бикеш.

ӨРЗИЯ - асқан сұлу, адемі қыз.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін жіне грек рим күресімен айналысатын спортшылардың төзімділік дайындығы

Зерттеу тақырыбының көкейкескілігі. Спортшының жұмысқабілеттілігі бұлшық ет қызметінің әр түрімен айқындалып, адамның дене жұмысына қабілеттілігімен және дайындығымен айқындалады. Дененің жұмысқабілеттілігі қазіргі таңда бірқатар сала мамандарының қызығушылығын туындатып отыр [1].
Дене жұмысқабілеттілігі адам тіршілігіне маңызды, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына жарамды өндірістік қызметтің бірқатар түрлерімен анықталады.
«Дене жұмысқабілеттілігі» термині кеңінен қолданыста бар, дегенмен осы күнге дейін негіздемелі анықтамасы жоқ. Бар анықтамалардың өзінде ағзаның функционалды күйі мен еңбек тіимідлігі ескеріле бермеген. Жұмысқабілеттілік көбіне кәсіи қызметпен астарланып жатады [2].
Күрес спорттық қызмет түрі ретінде күрделі бағдарлы болып келеді. Осы сала спортшысының дайындығын жетілдіруде күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік сияқты дене сапаларымен қатар иілгіштіктің де маңызы зор. Олай болса, спорттық күресте жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін күресшінің дене дайындығы деңгейімен қатар дене дайындығының, қимыл қасиеттері дамуының маңызы зор [4].....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ы әрпі бойынша ат қою)

ЫБЫРАЙ - көне еврей тілінен келген Абраам — ел атасы. Оның халық арасында Ибрагим, Ыбрайым, Ибраим, Ыбыраш тәрізді түрлері кездеседі.

ЫДЫРЫС - араб тілінен — талаптанушы. Фонетикалық түрі — Едірес.

ЫҚЫЛАС - араб тілінен алынған әхлас — пейіл, ниет, берілу, ашықтық, адалдық.

ЫҚСАН - араб тілінен алынған ихсан — жақсылық, қайырымдылық; көркемдік, нұрлылық.

ЫРЫСАЛДЫ - бақыттың, құттың алғашқысы.

ЫРЫСБЕК - бақытты бек.

ЫСҚАҚ - көне еврей тілінен - күледі, күлген. Иссак деген есімнің арабша айтылу нұсқасы.

ЫСТАМБАҚЫ - иран тілінен алынған ыстам — тұрған, өлмес + бақы — мәңгі, өмірлік. Мәңгі өлмес.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Есімдіктердің мағыналары

1. Есімдіктердің мағыналары
Қазақ тілінде нақтылы-жақты сөйлемдер 1 және 2-жақ тұлғасындағы есімдіктер арқылы көрініс табады. Мен, сен, біз, сіз есімдіктері бастауыш қызметінде жұмсалған сөйлемдер әрдайым белгілілік мәнінде жұмсалады, себебі аталған есімдіктер сөйлеу актіне қатысушыларды білдіріп, ең анық, нақты, белгілі болып табылады. Бірінші жақ тұлғалы есімдік сөйлемде белсенді субъект болады, сол себепті мұндай жіктеу есімдіктер белгілілік мәнінде ғана жұмсалады: Мынадай сұрапыл кезде бұл қалада тұрып болар емес, мен кеттім, бұл топан басылған күні сатармын (Ә.Кекілбайұлы, Кек. 69-б.). Мен өз еркіммен сенің етегіңнен ұстауға ырзамын, мырзам, мен сенен қалмаймын, мені алып кет, әйтпесе мен өлемін! - деп безектеді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 221-бет.).
Екінші жақтық жіктеу есімдіктерімен салыстырғанда, бірінші жақ тұлғалы есімдіктер жиі түсіп қалатынын байқауға болады. Бұл 1-жақ тұлғаларының мағынасының тұрақтылығына, белгілілік мәнінің күштілігіне, прагматикалық ерекшеліктеріне байланысты болса керек. Себебі олар түсіп қалса да, олардың нақтылы-жақтық мәні өзгермейді. Мысалы:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Баяндама: Қазақ жалқы есімдерінің әлеуметтік мәні

Қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдерді тарихи-этномәдени, әлеуметтік
тұрғыдан анықтап, зерттеу олардың тамырының көне түркі (қыпшақ)
кезеңімен сабақтасып қана қоймай, түркі тілдерінің басқа халықтарымен
мәдени-тарихи байланысын, қарым-қатынасын да деректейді. Сондықтан
белгілі ономаст-ғалым В.А.Никонов.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Мұсылманша есімдер немесе есім таңдай білесіз бе?

Ислам діні балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, көркем ат қоюға шақырады. Сондықтан балаға есім беру – аса жауапкершілікті іс. Тіпті, Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) айтқандай, баланың әкесіндегі үш хақысының бірі саналады.

Жақсы есім – баланың болмысына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Оған өзінің есімінің артықшылықтарын айтып, өзімен аттас тұлғалардың өмірі, жеке қасиеттері туралы жиі айтып отырған жөн. Сонда ізгі қасиеттер баланың бойына да даритын болады.......
Кеңестер
Толық
0 0