КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға – бұл адам болмысы, ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену индивид әлеуметтік «Мен»-нің қалыптасу процесі. Ол индивидтің барлық формаларды мәдениетті, тәрбие мен оқытуды меңгергенін қарастырады.
Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке оны қалыптастырады.
Адам дүниеге биологиялық тіршілік иесі ретінде келеді. Оның әлеуметтік тіршілік иесі болуға барлық нышандары болады. Ал тұлға әлеуметтенуіне ықпал ететін бірнеше факторлар бар.
Бірінші топ- макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет). Екінші топ-мезафакторлар (аймақ, қала, ауыл). Аталған факторлардың арқасында әлеуметтік тәрбие жүзеге асады.
Бала дүниеге келе салысымен, әлеуметтік қатынастар әлеміне тап болады- бір емес бірнеше роль ойнайтын адамдар арасындағы қатынас әлеміне. Осы рөлдерді меңгере отырып адам әлеуметтенеді, тұлға ретінде қалыптасады. Әлеуметтік қатынастар жүйесіне тек белсенді әрі толыққанды қатыса отырып
өмір сүру барысында ойнауға тура келетін әлеуметтік феномен ретінде адам пайда болады.
Бала дұрыс дамуы үшін оны қоршаған жағдайлар бұған ықпал етуі қажет, атап айтқанда дұрыс ұйымдастырылған тұрмыстық жағдай, дұрыс тамақтану, қатарластарымен қарым-қатынас, қоршаған орта адамдарының қабылдауы, жақын туыстарының сүйіспеншілігі..
Тұлға жөнінде тұжырым дамудың әлеуметтік факторы жөнінде тұжырымсыз мүмкін емес. Бала дүниеге келе үлкен потенциалдық мүмкіндігі бар индивид ретінде қалыптасады Сол күшті олар қалай жүзеге асыратындығы, ол қандай тұлға болып қалыптасатындығы қоғамдық ортаға, тәрбие мен оқытудың жүйесіне, ересектермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне, баланың өз белсенділігіне тәуелді болады.
Белгілі психолог Л. И. Божович әсер алуға деген қажеттілік бала психикасының дамуында басты рөл атқаратындығы жайлы болжам жасаған..
Баланың бойында дүниеге деген базалық сенімнің пайда болуы үшін міндетті түрде екі шарт құрайды: аналық мейірім мен оның тұрақтылығы.
Өз баласын жақсы көретін кейбір аналар ерке болып кетпей, дербес бала болып өсуі үшін қатаң тәрбиелейді. Мұндай тәрбиенің нәтижесі ретінде бала 7-8 жасқа толғанда жиі жағдайда эмоциялық бұзылыстарға шағымданып, психологиялық, медициналық кеңеске жүгініп жатады.
Ана қолдауының жоқтығы ауыр психосоматикалық бұзылыстарға алып келеді.
Баланың даму тарихы жөніндегі мәліметтерді ескере отырып, А.Валлонның психикалық даму теориясына назар аударсақ психикалық қалай органикалыққа айналатынын түсіндірген. А. Валлон төрт түрлі ұғымдардың байланысын қарастырады, ол -эмоция, моторика (қозғалыс), социум және еліктеу.....