Ғылыми жұмыс (жоба): Есімдер сыры

Мені өзімнің, өз сыныптастарымның және сынып жетекшімнің есімінің ерекше болуы мұның сырын білуге деген қызығушылығымды арттырды. Сол себепті есімдердің негізгі мағынасын білу мақсатында «Есімдер сыры» тақырыбын таңдап алдым.
Зерттеу мақсаты:
● Бүгінгі күні балаларға қойылған есімдердің сырын анықтау;
● Есімдер ұғымына талдау жасау;
● Сауалнамалар арқылы өз сыныбымның оқушыларының есімдерінің сырын білу деңгейлерін байқау;
Зерттеудің басты кезеңдері:
● Аталмыш мәселе бойынша материалдармен танысу;
● Бақылау, зерттеу, сауалнамалар жүргізу;
● Қорытынды жасау; .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ф әрпі бойынша ат қою)

ФАЗИЛА - араб тілінен алынған — аса қадірлі, құрметті қыз (әйел); сый, құрметке лайық, тамаша кісі. Өзгерген түрі — Бәзила.

ФАРИДА - араб тілінен — інжу, маржан; теңдесі жоқ, сирек зат.

ФАРИЗА - араб тілінен — міндет, борыш.

ФАТИМА - араб тілінен — емшек сүтінен айырған қыз, ер жетіп, өскен қыз. Өзгерген түрі — Батима.

ФАУЗИЯ - араб тілінен — жеңуші, жеңімпаз; салтанат.

ФИРУЗА – иран және тәжік тілдерінен — бақытты, ырысты; нұр шашушы.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (П әрпі бойынша ат қою)

ПАНА - иран тілінен алынған панаһ — сая; қорғаныш, сая, таса.

ПАРАСАТ - араб тілінен — ақыл, сана.

ПАРЗАН - иран тілінен алынған фарзане — данышпан, ғұлама; ақылды.

ПЕРИЗАТ - иран тілінен алынған — пани ~ пері + зат әдемі, сұлу, асқан сұлу, көркем қыз.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Қ әрпі бойынша ат қою)

ҚАЗИЗА - (қараңыз: Ғазиза).

ҚАЗИЛА - араб тілінен алынған қази , қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.

ҚАЗЫНА - араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.

ҚАЛАМҚАС - жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ғ әрпі бойынша ат қою)

ҒАЗИЗА - араб тілінен алынған азиз - күшті, қуатты; сирек, бағалы; сүйкімді, қадірлі. Аса сирек кездесетін, қадірлі, сүйкімді қыз деген мәнде қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Қазиза.

ГАЙНИ, ГАЙНИЯ - араб тілінен алынған эйнь - кез, ең маңызды, аса елеулі.

ҒАЙНИЖАМАЛ - араб тілінен - әдемі, көркем, танакез.

ҒАЛИМА - араб тілінен - білімді, дана, оқымысты қыз, әйел.

ҒАЛИЯ - (қараңыз: Әлия).

ҒАРИФА - араб тілінен — көмекші, оқушы, аға бастық.

ҒАФУРА - араб тілінен — кешірімшіл.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0