Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Аралдың жігіттері


Емтиханға дайындайтын ақылы курста бұдан өзге төрт жігіт оқыған еді. Бұл жігіттердің төртеуінің де жасы - бұдан ересек. Осы жігіттердің ішінде Аралдың жігіті мұны өзіне жақын тартады. Өйткені Аралдың жігіті екі сөзінің бірінде: "Маған Аралы не, Қазалысы не, бәрібір", - деп сөйлейді.

Аралдың жігіті кітап оқиды. Аралдың жігіті домбыра ұстайды. Жалдап тұрып жатқан пәтеріне барғанда, сол домбырасын алып сол кезде кең таралып жатқан "Көздеріңе ғашықпын" деген әнді салып отырады.

Бірде екеуі таныс қыздарды жатақханаларына дейін шығарып салғаны бар. Жатақхана жабылатын мезгіл болған еді. Қыздар бұлармен қоштасып ішке кірді. Жатақхананың аузында сол күнгі кезекшілікте бұларға таныс Қазалының қызы тұр екен. Есікке көлденеңдей үстел қойылған. Үстелдің аржағында Қазалының қызы, бержағында екеуі сол қызбен сөйлесіп тұрып қалды. Осы кезде ішке, сірә, қыздарына келген болу керек, төрт-бес жігіт кірді. Жігіттердің алдында келе жатқан өзін еркінірек, адуындылау ұстайтындығы байқалып тұратын төртпақ денелі, жауырынды келген жігіт әлгі үстелге қос алақанын қойған күйі асыла тұрды да: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ

Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның /саяси экономиканың негіздері. Ол тауар - ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты мақсаты болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты функциялары туралы негізделеді.
Қаржының обьектісі - қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдалануы қаржының обьектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субьектілері болып табылады.
Коммерциялық ұйымдардың мақсаты – коммерциялық
шаруашылық жүргізуші субьектілер табыс алу мақсатында құрылады.
Басқару мақсаты – басқарылатын обьектінің реттелу шамасының уақыт бойынша өзгерумен тікелей байланысты. Басқару мақсатын жүзеге асыру үшін басқарылатын әртүрлі обьектілердің өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, обьектіні басқару тетігіне әсер етерліктей әрекет жасалады.
Қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғыну.Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы көп.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерттеу кезінде танып білудің негізгі әдісі – материалистік диалектикалық – тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдйларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде болжауды зерттейді.
“Қаржы” курсы теориялық курсы мен және “Корпарациялық қаржы”, “ Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары ” сияқты арнаулы оқу пәндерімен тығыз байланысты.
Сондықтан сол оқып алған білімді қаржылық жұмыстың практикасында қолдануға мүмкіндік береді және жоғарыда пәндерді тез ұғып алуды жеңілдетеді деп ойлаймын.
“Қаржы” - арнаулы пән қаржы қатынастарының теориясын зертейтің бұл курстың мақсаты – қаржы котегорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда, әлеуметтік – экономикалық процестеріндегі маңызы мен орнын біліп алудағы студенттердің теориялық және практикалық жағынан жұмысын қамтамасыз ету” сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс - әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу пәннің міндеті болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қиын балалар оларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқушыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Үндістан елінің экономикалық-географиясы

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Үндістан мемлекетінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай? Мемлекеттің аумағы және геосаяси жағдайы қандай? Мемлекеттің қалыптасу тарихы қандай? Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай? Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай? Мемлекеттегі туризмнің қазіргі күйі қандай? Үндістанның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Үндістан – Оңтүстік Азияда орналасқан республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладеш Республикасымен (шекарасының ұзындығы 4053 км), Мьянма Федерациялық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 1463 км), солтүстігінде Қытай Халық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 3380 км), Непалмен (шекарасының ұзындығы 1690 км), Бутанмен (шекарасының ұзындығы 605 км), батысында Пәкстан Федерациялық Республикасымен (шекарасының 2912 км) шектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-Ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы, шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Үндістан Республикасының шекарасының жалпы ұзындығы – 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Үндістан Республикасының жалпы ауданы – 3 млн 288 мың км². Үндістан – федералды құрылым мен парламенттік жүйе басқаруындағы ұлттық демократиялық республика.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Қой өңгерген


Біз ол кезде аудан орталығында тұратынбыз. Әлжуаз науқасшаң шешем екеуміз ғанамыз. Әкем енбек армиясында да, Хасен ағайым майданда.

Күз кезі. Аз күнде оқу басталады. Аман болсам, биыл жетінші оқимын.

Бітпейтін ұзақ соғыс халықтың титығына мықтап жеткен. Ел жесе асқа, кисе киімге жарымай, шықпа жаным шықпа деп, әрең жан бағып отырған қиын кез.

Бір күні біздің үйге осы аудандағы Октябрь колхозының шофері, шешеммен ағайындас Әкімжан дейтін адам келіп қонды. Қасында екі-үш жолдасы, бір жарым тонналық газиктің кузовына басып алған он бес шақты қойлары бар.

Әкімжан Алматыға барады екен. Колхозға оны-мұны бұл арада табылмайтын заттар әкелмек. Қой колхоздың және жеке меншіктің базарға сатуға алып бара жатқан қойлары.

Қазір ел ішінде машина аз. Алматыға әдейілеп барып қайту кімге де болса оңайға түспейді.

Шай үстінде шешем Әкімжанға:

— Сен мына Шәкіржанды ала кетсең қалай болады? Барып, қала көріп келсін. Қойшыларға қосып қойған бірді-екілі қой бар еді. Соның бірін ала барып сатып, үстіне киім алып келсін. Аз күнде оқуы басталады, не сырт киім, не аяқ киімі жөнді емес, — деді.

— Барсын. Тек машинаға ақша төлесе болғаны, — деп Әкімжан күлді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов| Ұлысын ұлықтаған ел жүрегі

Бірер сөз

Көзінің тірісінде- ақ аты алты алашқа аңыз болып тараған Сарыарқаның саңлақ ақыны, тарихшысы, ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалары сонау тоқырау жылдарының өзінде әр жылдарда там - тұмдап болсын «Үш ғасыр жырлайды», « Бес ғасыр жырлайды» жарық көрсе, оның елден ерек дара қасиеті, әулиелігін кеңінен толғаған кесек дүние түгіл ауызекі айтылатын аңыз әңгімелердің арқауына айналудан қалып, ұмтылып бара жатқандай еді.

Оған 1952 - жылы Мәшекеңнің бейіті құлатылып, сол кездегі партиялық идеологияның ақынның аруағын қорлап, былайғы жұрттың үрейін ұшыруға негізделген солақай саясаттың салқыны ерекше әсер еткені сөзсіз.

Бір ғажабы идеологтар қаншама тырысып, талаптанса да Мәшекеңді халық санасынан жоя алмады. Оның рухы жылдар өткен сайын асқақтап, аспандай берді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Оққа байланған жауынгер

Мектептегі мұғалімдік жұмысының алғашқы жылы еді. Бірде мектептің тәрбие завучы бұған: "Жүр, екеуміз класта өткелі жатқан кездесуге барып, қатысып қайтайық", — деді.

Тәрбие завучы жасы үлкен кісі еді. Мұның мектептегі оқушы кезінде осы саланы басқаратын. Сондықтан ба келе жатып: "Енді осындай іс-шаралардан қалма, араласып тұр", — деді.

Кездесу соғысқа қатысқан кісілермен болғалы жатыр еді. Осындай сыныптан тыс іс-шараларды тәрбие завучы белгілейтін. Сынып жетекшілерге тапсырмалар береді. Өзі өтіліп жатқан іс-шараларға қатысып отырады.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым – қатынастың дамуын зерттеу

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым – қатынастың дамуын зерттеу, яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінуі, мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін қанағаттандырмау — біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүруі, сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажеттігі, мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайьыны, өзгелермен қарым-қатынас жасау-бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз екендігі, бала қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алуы, еңбек-пен тұрмыс дағдыларына машықтануы, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгеруі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Ипотекалық несиелердің есебі

Ипотекалық несие жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы және ұзақ мерзімге берілетін ссуданы білдіреді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы” халыққа жолдауында атап өткендей: жеке тұрғын үй құрылысын кең ауқымды дамыту – еліміздің басым міндеттерінің бірі [1,3] .
Бүгінде ипотекалық несиелендіруді дамыту өзекті мәселелердің біріне айналуда. Ипотека халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартудағы мүддесін, банктердің тиімді және пайдалы жұмысын, құрылыс кешенінің ырғақты өндірісін және мемлекеттің мүддесін, яғни экономикалық өсімді қамтамасыз етеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей ипотекалық несие жүйесінің дамуы мемлекетке үлкен пайда әкеледі. Ол маңызды әлеуметтік міндеті – халықтың тұрғын үй мәселесін шешуге зор үлесін тигізеді. дамыту жалпы ел экономикасын дамытудың маңызды факторы болып табылады.
Менің осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым – жалпы еліміздегі ипотекалық несиелердің нарықтағы жағдайын сипаттау, зерттеу, болашағы мен, мәселелерінің, даму болашағын айқындау. Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несие операцияларын ұйымдастыру, есебін жүргізу және талдаудың негізгі мәселелерін, жолдарын айқындайды.
Ипотеканың айрықша маңызды қағидаларына мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартта кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялығы, яғни кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлғаға оңай танитындай болуы керек.
ҚР-сында ипотекалық несиелендіру жүйесінің белсенді даму кезеңі басталды. Қазіргі кезде ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру жүйесін дамыту жолымен ақшаны мобилизациялаудың нарықтық механизмдерін дамыту үшін жағдайлардың жасалуы есебінен тұрғын үй нарығында несие – қаржылық сфераның кеңейуі және халықтың төлем қабілеті сұраныстың өсуі үшін алғы шарттар бар. Осы жүйені енгізумен бірге халықтың ұзақ мерзімді ипотекалық несие түрінде ұсынылатын қаражаттар есебінен дайын тұрғын үй алу мүмкіндігі туды.
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде, ипотекалық несиенің мәні, қағидалары, Қазақстандағы ипотекалық компаниясын және түрғын үй бағдарламасын жетілдіру жолдары және оның құрылымы туралы мәселелер қарастырылған.
Екінші бөлімінде, ипотекалық несиелеу есебін ұйымдастыру жолдары және ипотекалық несиелеудің даму болашағы мен өзекті мәселелері қарастырылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мәңгілік елдің мәңгілік еріне!

Адам да тау сияқты, биік не аласалы,
Тұлғалы азаматтар қаламас аласаны.
Қорғаған елін желден, қара бұлт ызғарлардан,
Тұғыры биік шыңға ұқсатам аға сізді.
Ұлтымның ұлылығын сақтаған ұлы тұлға,
Қосады халқы бүгін бір өзін ән мен жырға .........
Өлеңдер
Толық
0 0