Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бірінші желдірме)

Ал, алқа, келді кезің жайнайтұғын,
Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын,
Өнердің қиясына шыққан сайын,
Болаттай тастан табан таймайтұғын.

Жөнелдім желдірмемен желдей есіп,
Қырандай аспандағы талмайтұғын!
Тізейін өлеңімді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін

Келесі жыл тұрмақ, мұнай бағасына қатысты ертеңге болжам жасау қиын. Мәселен кеше ғана баррелі 43 долларға бағаланған WTI маркілі қара алтынның құны бүгін 40 долларға түсіп кетті. Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік Ел - Қазақстан

Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.
Ол- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.
Назарбаев Н.А
Тәуелсіздіктің жиырма екі жолында Қазақстанның жүріп өткен жолы да «тар жол, тайғақ кешуден» тұрғанын газет - журналдардан оқып, біліп жүрміз. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Уәлихан Қалижан өзінің мақаласында «Біз «азапты жолдан» өттік , мың өліп, мың тірілдік» - деп атап көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл кезең экономика жағдайы, адамдардың рухани дүниесі күйзелісінің ең......
Шығармалар
Толық
0 0

Бекболат Тілеухан ұлттың бiрлiгiне үлкен қауiптің қайдан төнетінін айтты

Мәжiлiс депутаттарының сот сараптамасы орталығының қызметкерлерiмен өткен кездесуде Бекболат Тiлеухан дiни радикализм, дәстүрлi тәрбие, ұлттық бiрлiкке төнетiн қауiптер туралы пiкiрiмен бөлiстi, деп хабарлайды baq.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов (Комплекс деген не?)

Өмірдегі құбылыстарды, нәрселерді бір тақырыптың, бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқытуды комплекс деп атайды. Одан да дәлдеп айтқанда:

Өмірде шын жолығатын нәрселерді, құбылыстарды байланыстырып, ол құбылыстарды байланысқан, іліктескен, бір-біріне әсер еткен қалпында араларындағы қатынасын зерттеуді комплекс.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Әйелдің монологы)

Сенің от құшағыңда
дүниені ұмытып талқысыдым.
Жүрегімді өртеді жан ыстығың.
Мынау байтақ әлемде тек екеуміз
жүргендейміз айналып ғарышты мың.
Көзімді ашсам шырын сәт көзден ұшып
кететіндей жанарды тарс жұмдым.
Сен аймалап алқындың,
одан сайын есімді шығардың да,
мен балқыдым көміліп қылаң нұрға.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дене мүшелері (1 сынып, 1 бөлім )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы:Дене мүшелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)1.3 Ауызша хабарлама/аудио/бейне материалдарының мазмұнын түсіну.
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған хабарлама (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суреттерді көрсетеді.
Көптеген оқушылар: сұрақтар қояды және жауап береді, оған сәйкес суреттерді көрсетеді.
Кейбір оқушылар: сұрақтар қояды және жауап береді, оған сәйкес суреттерді көрсетеді, сөз тіркестерін айтады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік – елге мұра ұрпаққа үлгі

Ұлтық рух пен ұлттық патриотизм- бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті Б.Момышұлы
Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айтулы күндердің бірі- ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Кеңес халқының 1941-1945 жылдары фашистік басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысы аталған қасіретте ерлікпен күресіп, қол жеткізген Ұлы Жеңіс мерекесі. Бұл-баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи сындарлы, қаһарлы, отты жылдардағы майдан мен тылдағы Кеңес халқының тынымсыз еңбегімен, соғыс даласында кеудесін отқа тосқан батыр жауынгерлердің қанымен, Отанды қорғау жолында құрбан болған өрімдей жастармен, баласынан айырылған аналар мен әкелердің, туыстар мен бауырлардың көз жасымен келген қастерлі де қасиетті мереке. Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы қарсаңында қандай болсын құрметке лайық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің саны күн сайын азайып келеді. Республика көлемінде соғыс пен тыл ардагерлеріне әрқашан зор құрмет бөлініп, Отан қорғау жолындағы олардың ерлігі мен қайсарлығы насихатталып, жас буын ұрпаққа үлгі ретінде түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Бұл күнді мәңгілік есте қалдыру мақсатында атап өту- еліміздің тұғырлы тарихы мен қалыпты өркендеуінің, бейбітшілігінің кепілі ретінде тойлануға тиісті мереке. Уақыт жылжып өткен сайын, тарих қойнауындағы дүниені дүр сілкіндірген оқиғалардың түпкілікті мән- жайы, себеп- салдарлары айқындала бермек. Оның кейіпкерлерінің тұлғасы жан- жақты ашылып, тарихи оқиғаның маңызы арта түспек. Бұл, әсіресе, Қазақстан тарихнамасына тән қағида. Зор тарихи маңыз алған осындай тақырыптың бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерлері мен тыл еңбекшілерінің бұрын -соңды болмаған халықтық ерлігі. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Республикада жасақталған әскери құрамалар екінші дүниежүзілік соғыстың басты майдандарында болып, жеңіс жолында жаумен аянбай шайқасты. Олар Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Есенберлин Алтын аттар оянады

БІРІНШІ БӨЛІМ

БІРІНШІ ТАРАУ

Біреу қызыл шұнақ үскірік қысты не сағыныштай сарғайған алтын күзді, болмаса шат көңілдей жазды жақсы көреді. Ал кей кісі төрт мезгілдің басы, тоқсан тілектің тоғысқан шағы хош иісті көктемді сүйеді.

Бұл бір қуаныш нұрына бөленген ғашық жүздер, махаббат көздер молая түскен шақ. Әлем біткен қырмызыдай сәнді келеді. Дымқыл тартқан жер бетінде көк балауса, бетеге, киік, марал, қаз оттары ду ете көтерілген. Жайшылықта иіс бермес аюбалдырған, әйбатмия, сасыр, шетендердің өздері де жұпар аңқиды. Жоқ, олар көктем исімен мұрныңды жарады. Қыс бойы бұтақтары сидиып, арық торғайдай суық желден үрпиіп сиқы кеткен қарағай, емен, ақ қайындар жасыл жапырақтарын төгіп, шыңқай бояулы суреттердей жадырай қалған. Бастарына әнші құстар қонып, құлпырған көктемді құттықтап, жаныңды жай тапқызатын шаттық үндеріне бөлеген. Өткен күзде ұшып кеткен жыл құстары, қайта оралып, қиқу салып жер мен көкті базар еткен. Күміс көлдер, көгілдір өзендер үстінде жыпырлай жүзген аққу, қаз, үйрек. Олардың у - шуына, қоңырлата сыңси салған әндерінен құлақ тұнады. Жанаргүл, қозыгүл, лала, меруерт гүлдер қауызын ашып үлгірмесе де қызғалдақ, сарғалдақтар үкілі бастары сылаңдап көздің жауын алады. Сай - салада, сылқ -сылқ күліп былдырлай аққан қар суы, мұз бұлақтар. Дүние анасынан жаңа туғандай жасарған. Осы бір керемет сәнге бөленген әлем, өзінің ғажайып ән - күйімен сенің жаныңды, қиялыңды қуанышымен әлдилеп, .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанда жекелеген ресурс түрлерін өңдеу технологиялары орталықтары мен дайын өнім түрлері (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда жекелеген ресурс түрлерін өңдеу технологиялары орталықтары мен дайын өнім түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.5.1.2 Қазақстанда жекелеген табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттап, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атайды.
Сабақ мақсаты: Табиғи ресурстар өндірісі, өңдеу өнеркәсібі мен дайын өнім түрлеріне талдау жасайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0