«Kazsport» телеарнасы Алматыдағы Универсиаданың алау эстафетасын көрсетеді

2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат: 21:45-те және 23:00-де «Kazsport» телеарнасы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алауының жағылуы мен эстафетасын «Универсиада-2017. Алау Эстафетасы. Күнделік» бағдарламасында көрсетеді.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Әңгіме: Әбіш Кекілбаев | Бір шоқ жиде

Не все ли равно, про кого говорить? Заслуживает этого каждый из живших на земле

И. А. Бунин.

I

Жиде сайғақ шаншылған қызыл төмпектің құбыла бетіне ши барқыт бешпент-шалбары бар имек мұрын тарамыс шал жер тізерлей жүгініпті. Түсініксіз арабы сөздерді сағыздай созып күңірене әндетеді. Басындағы күн жеп тастаған мауыты қалпақтың оң самайынан жылтырап көрініп тұрған ақ атлас астарынан «Люкс» деген ирек жазу сығалайды.

Кеңірдектен шыққан қоңыр мақам кенет баяулап, тісі түскен кәрі кісінің ысылы көп шүлжің әңгімесіне ұласты. Қос тізеге жарыса құлаған салалы саусақтар көкке көтерілді. Сосын бір шөкім ғана сопақша бет-ауызды салғырт сипап өтті. Имек мұрын қара шал жылан көздене жылтырайтын қағанақ көзілдіріктің ар жағында манадан бері етпеттей сұлап жатқан селдір кірпіктерін кілт тікірейтіп жұрт жүзіне үңілді.

— Халайық, Сұрапалдыұғлы Тілеу қандай адам еді?

Қызыл төмпектің аяқ жағында мырс-мырс жылап отырған күлте сақал кісі:

— Жақсы адам!— деп тұншыға кемсеңдеді.

Аядай зираттың бір пұшпағындағы кішкене шоғыр жарыса тіл қатты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 58-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Тақырыбы: № 58-сабақ. Сөйлем мүшелерінің байланысы
Оқу мақсаты: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
-үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, шақыру қағазының мәтінін құрап жазады.
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
-үлгі негізінде шақыру қағазының мәтінін құрап жазады.
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
- шақыру қағазының мәтінін өз бетінше құрай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті

Біздің тұңғыш президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз білімді, көреген, мықты саясаткер адам. Ол жастайынан білімге ұмтылып, өз мақсаттарын жүзеге асырып отырған. Нұрсұлтан атамыз 50-жасында президент болды. Кәзір жасы -75-те. Міне 25 жыл бойы елімізді басқарып, көптеген жетістіктерге жетті. Әкесінің аты-Әбіш, анасының аты- Әлжан. Елбасымыздың ән айту қасиеті анасынан дарыған болса......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жарқын елдің шамшырағы –жас маман

Адамзат баласының даму тарихы тамырымен тереңге байлап кете бермек. Сонау тас дәуірінен бергідегі сақтарға дейін, одан қалса бүгінгі айбыны асқар,тәуелсіз, егемен ел Қазақстанның күнінде де адамзат баласының бармасына ортақ бір қабілет, бір сезімі бар. Ол – білімге құштарлық, бір нәрсені білуді, тануды қалау сезімі.Қай заманда, қай дәуірде болмасын адам білім іздейді, ізденіске талпынады. Дәл осы білім қуу жолында адамның арқа сүйер жаны мұғалім екені сөзсіз. Бұл мамандықтың қашан пайда болғаны белгісіз. Ол бар еді, бар бола бермек. Тіпті, ұстаздық әлеммен бірге жаратылғандай. Сонау Ескендір Зұлқар....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдептілік – әдемілік белгісі (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі.
Сабақтың тақырыбы Әдептілік – әдемілік белгісі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды біледі
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Қазақ тілінің төл дыбыстарын қолданып, салыстыру жұмыстарын жүргізе алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Қазақ тіліндегі төл дыбыстарын үндестік заңына сай қолдана отырып Қожаның іс-әрекетіне баға береді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Піссіміллә деп бастайық,
Артық айтып саспайық.
Иманды болғыр, Атекем,
Жыламай қайтіп тастайық.
Арғымақ келед еңістен
Ертоқымы күмістен.
Иманды болғыр, Атекем,
Бұйырғай орын бейіштен!
Базардан келген хат-қағаз,
Қаттауын адам жаза алмас.
Атекем еске түскенде,
Амалын адам таба алмас.
Есіктің алды жас қайың,
Жапырағын баспайын.
Атекем еске түскенде,
Аузымнан қайтіп тастайын!
Жылқы ішінде қоңыр жал,
Жылқыда жоқ оған пар.
Кеше де жүрген Атекем,
Бір көруге болдым зар!
Жылқы ішінде көк дөнен,
Жал-құйрығын өрмеген.
Атекемнен айрылып,
Отыр ғой жаным өлмеген!
Базардан келген қорғасын,
Қорғасын күміс болмасын.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Алматы облысында мейірбике ауруханада үнді сериалын көремін деп қызметінен қуылды

Алматы облысының тұрғыны үнді сериалының кесірінен жұмысынан айырылды. 22 жастағы мейірбикенің телехикаяға есі кеткені сонша, науқастарға қараудың орнына соны көру үшін компьютерге телміріп отырған.
Жаңалықтар
Толық
0 0