Шығарма: Маңғыстауым киелі мекенім...

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады Мен туған өлкем Маңғыстау туралы толғасам алдымен 362 әулие мекендеген киелі аймақ екенін айтамын. Менің Маңғыстауымда Қазақстанның жеті кереметінің бірі - Бекет Ата жерасты мешіті Оғыланды шоқысына қашалған, үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлмесі бар, тарихи-сәулет ескерткіш орналасқан.Бекет ата 1750 жылы туылып , емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар.......
Шығармалар
Толық
0 0

Илья Ильин Рио Олимпиадасынан алтын медаль әкелетінін айтып, уәде берді

2016 жыл әлем спортшылары үшін айрықша дата. Себебі, биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Аталған сында Қазақстан намысын қорғайтын ауыр атлет Илья Ильин Олимпиада ойындарынан алтын әкелуге уәде берді деп хабарлайды Астана арнасы.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандағы елді мекендер проблемалары (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Әлеуметтік география
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы елді мекендер проблемалары
Оқыту мақсаты: 9.4.1.10 Қазақстанның елді мекендері проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады;
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның елді мекендері проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы әңгімелер оқу (1-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2
Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы әңгімелер оқу (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың/ сөйлемдердің мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын толық түсінеді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Балапан, үйрек, қаз

Құс тамағы үшін қолға түседі,
Балапаны үшін торға түседі.

Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар
Дерт қонбасын тілейді.

Үйректің балапанын жүзуге үйретпе.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Мартин Иден

Бірінші тарау

Алда келе жатқан жігіт француз кілтімен есік ашты. Оған ерген жас жігіт, табалдырықтан аттамас бұрын, әлденеге қолапайсызданып, жұлқа тартып, басындағы кепкасын қолына алды. Оның жұпыны шидем киімінен теңіз лебі аңқиды; кең холлға кірген кезде бұл жігіттің не қылса да берекесі қашайын деді. Кепкасын қайда қоярын білмей, қалтасына енді жытырғалы жатқанда серігі жайраңдап, өзімсініп, қолынан кепкасын ала қойған еді, оның бұл қылығы жігітке ұнап кетті. «Жағдайға түсінетін жақсы жігіт екен, тегі, ұятқа қалдырмас»,— деп ойлады ішінен.

Еденді жоғарылы-төмен теңіз теңселтіп тұрғандай ол найқалып, аяғын нығарлай басып, серігінің соңынан жүріп келеді. Алшаңдаған алпамсадай жігітке дағарадай бөлме тар көрінді — ол есіктің жақтауын иығыммен қағып кетер ме екем немесе каминнің үстінде тұрған жылтырауық-жарқырауықтарын ұшырып жіберем бе деп зәресі қалмады. Олай-бұлай орынсыз бұрыла бергендіктен, қайдағы жоқ бәлеге өзі бас болды. Рояль мен үстінде үйіліп көп кітап жатқан столдың арасынан алты адам еркін өтер еді, сол арадан әлденеге сасқалақтап, бір өзі әрең өтті. Соқталдай болып солбырайған екі қолын қоярға жер таппағандай. Бірде стол үстіндегі кітаптарды қағып кетем-ау деп, үріккен аттай орғып түскенде, рояльдің түбіндегі орындықты құлатып кете жаздады. Ол алдында алаңсыз еркін жүріп келе жатқан серігіне қарап, өзінің арпыл-тарпыл жүрісін ерсі көрді. Екі беті оттай дуылдап кетті. Маңдайынан шып-шып тер шықты, сәл кідіріп, орамалымен күнге күйген қоңырқай бетінің терін сүртті.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0