КІРІСПЕ Елдегі шағын кәсіпкерліктің дамуынсыз Қазақстанда жоғарғы әсерлі ұлттық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Әлемдегі дамыған елдерде шағын бизнес көбіне экономикалық өсім ырғағын, ұлттық жалпы өнімнің 40-50 пайызын, ал кейбір салаларда – 70 – 80 пайызға дейін құрай отырып, оның құрылымын және сапасын анықтайды. Шағын кәсіпкерлік қоғамдағы орта топтың қалыптасуының негізгі іргетасы болып табылады және оның қызмет ету саласының ұлғаюы республикамызда айқын көрініп тұрған әлеуметтік жіктелудің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнес туралы тоқталып, оны дамыту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екендігін атап өтті: «... біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек»[1]. Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар болса да, елімізде шағын бизнес экономиканың ерекше секторы ретінде әлі құралмады. Оның дамуына «тежегіш» болып тұрған себептер бірнеше.Соның негізгілерінің бірі болып жетілмеген несиелеу жүйесі табылады.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера және экожүйелер Сабақ тақырыбы: Экологиялық сукцессиялар: бастапқы және екіншілік сукцессия. Өзін өзі реттеу. Экожүйелердің ауысуы. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.4 экологиялық сукцессиялардың үрдісін сипаттау Сабақ мақсаттары: Оқушылар 1. табиғаттағы тұрақты экожүйелердің құрылу заңдылықтарын біледі; терминнің мағынасын түсінеді 2. «бастапқыэкологиялық сукцессия»; 3. Биогеоценоздың ауысы нәтижесінен табиғатта болып жатқан себеп-салдар байланысы бойынша өз бітінше ақпарат көздеріне талдау жүргізіп,жұмыс жасай алады; 4. Толеранттығын және тез тіл табыса алу қабілетін дамыта отырып, экологиялық мәдениет қалыптастырады....
Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі. «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен .....
САЯСИ ӨМІРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1962—1969 жылдардағы реформашылдық дүрбелең елдің ішінара алмастырулар және жетілдірулер жолымен қол жеткізуге болатын өзгерістер шегіне тірелгенін керсетті. Жүргізілген шараларда экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көзделмеді. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құру дүрмегін діттеген субъективтік түрде жол-жөнекей шешіліп отырды. .....
ХІХ ғ. Екінші жартысында Қазақстанның экономикасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бұл кезеңдегі Ресейдегі капитализмнің дамуы қазақтардың орасан зор территориясын қамтыды және тауар – ақша қатынастарының жедел өсуіне әрі капиталистік тәртіптіьң пайда болуына ықпал етті. ХІХ ғ. ІІ жартыстында Қазақстанға реселік капитал белсене ене бастады. Оны салудың негізгі саласы, өлкеміз аса бай патйдалы қазбаларын өндіру мен өңдеу саласы, сондай-ақ ауыл шаруашылық шикьізатын өңдейтін өнеркәсіп пен сауда саласы болды. Мысалы, тұз кәсіпшіліген капиталистік сиьпаттағы өндірітстің барлық белгілері тән болды. ХІХғ. соңында банк капиталы ене бастады және Қазақстан территориясында несие торабы пайда болды. Катпалистік несие де дами бастады. XIX ғ. соңына таман - XX ғ. басында Қазақстан территориясында қарапайым банк операцияларын жүзеге асыратын қазына қорларын сондай-ақ 345 несиелік және сауда сақтау серіктестіктерін есептемегенде 44 банк мекемесі жұмыс істеді. XIX ғ. соңында Қазақстан территориясындағы негізгі банк Орал, Қызылжар (Петропавл), Семей, Омбь және т.б. қалаларда бөлімшелері бар мемлекетік банктер болды. Несиелік мекемелердің орталығы Ақмола облысында болды. Сондай-ақ Қазақстанда Сібір сауда банкісінің 7 филиалы болды, екінші орында 5 бөлімшесі бар орыс сауда-өнеркәсіптік банкі болды. Несиелер құны бойынша, бірінші орында мал мен ет саудасы, екіншіде-нан, үшінішде - «аралас» тауар саудасынан тұрды. Капиталистік қатынастардың дамуы сауданың дамуына да елеулі әсер етті. Ресей капиталы өлкенің ең алыс түкпірлеріне де еніп, жергілікті мал шаруашылығын Ресейдің, Орта Азияның Батыс Еуропаның нарықтары мен одан да тығызырақ байланыстыра түсті. Сауданың негізгі объектісі мал болып қала берді. Ақмола, Қарқаралы, Сарысу уездерінен жыл сайын Ресейге 60000 бас ірі қара және 200000-дай қой басы әкетілген. Астық саудасының ірі орталықтары Орал, Орынбор, Семей болды, мұңда астық Қостанай, Ақтөбе, Орал, Түркістан уездерінен әкелінді. Астықтың бір бөлігі Ферғана, Ташкент, Бұқараға жөнелтілді.....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі Сабақ тақырыбы: Координаталармен берілген екі нүктенің арақашықтығы Осы сабақта қолжеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: - екі нүктенің арақашықтығын фомуланы қорытып шығара алады; - екі нүкте арақашықтығын табатын формуланы қолдана алады;......
Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі - әскери бөлім. 1942 жылы қыркүйекте Алматыда жасақталған. 1943 жылы 20 ақпанда Новгород облысы Хвойная ст-на жеткізіліп, Ерекше әскерлер тобының, кейіннен Солт.-Батыс майданындағы 68-армияның құрамына кірді. Соғысқа кірген алғашқы 9 күнде 320 рет әуеге көтеріліп, байланыс жасады, жаралыларды тасыды. Келесі 20 күнде 294 рет әуеге көтеріліп, Старая .....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы Сабақ тақырыбы: Екі жазықтықтың өзара орналасуы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.5 жазықтықтардың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін білу және оларды есеп шығаруда қолдану Сабақ мақсаттары: Екі жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін білу және есеп шығаруда қолдану.....