Қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Өйткені білімді, ғылым негіздерін игерген мамандарсыз әлемдік қатаң бәсекеге алға шығу мүмкін емес.
Мари Фон Эбнер - Эшенбахтың (Австрия жазушысы, 1930-1976) «Ешнәрсе білмейтін адамға бәріне сену ғана қалады» деген қанатты сөзі бүгін де маңызды болып табылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеттері - жастар мен балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, қоғамның ақпараттануы және жаңа ғылымды қажет ететін технологиялардың дамыған кезеңінде кәсіби шеберлігін дамыта алатын жоғары білімді адамдар мен білікті мамамдарды дайындау. Болашақ білікті де, білгір мамандар даярлау үшін сабақта көрнекті құралдарды орынды пайдаланудың маңызы зор. Көрнекті құрал білім сапасының кепілі. Осыны ерте түсінген шығармашыл ұстаздар өзінің әрбір сабағында көрнекілікті орынды пайдаланып, сапалы білім беруге атсалысады.
Білім - өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі. Өлшем болатындығы кез келген мемлекеттің рухани да, әулеметтік-экономикалық та дәрежесі онда
өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады.
Ғылым — ғалымды танудың кілті болса, сол ғылымның негізгі білімде жатыр. Ал білімнің іргетасы орта мектепте қаланады.
Жаңа буынды тәрбиелеу мен оқыту
мектеп табалдырығынан басталып, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында жалғасады.
Өйткені кешегі оқушы бүгінгі студент, бүгінгі студент ертеңгі — маман, елді өркениетке жеткізуші.
Мектеп қабырғасында да, арнаулы кәсіби оқу мекемелерінде де, жоғарғы оқу орындарында да білімді де мәдениетті жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мынадай маңызды мәселеге келіп. тіреледі. Ол – оқу жүйесінің сапалылығы, оқытылатын матириалдың қажеттілігі, кешегі оқушы, бүгінгі студент, болашақтағы маманның, Абай айтқандай, «бір кірпіш тәрізді дүниеге кетігін тауып қалануы».
Бүгінгі ұрпақ - тарихи кезеңде
өмір сүріп, ұлттық, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендік еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын, тіліміз бен ділімізді жалғастыратын, саналы да, парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз.
Қазіргі таңда есімізде Н.Назарбаевтың 2030 бағдарламасы жұмыс істеуде. Білім, ғылым туралы заң. Тіл туралы бағдарлама қабылданды. Бізде осы мемлекеттік бағыт-бағдар негізінде қызмет етеміз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру-қазақ мектебінің негізгі мақсаты. Идеялық-саяси, еңбек, дәстүрлік тәрбие оның өзара астасқан бөліктері, сондықтан бұлар кешенді түрде шешіледі.
Шәкірттің жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзіне ғана емес, көрсеткен үлгісімен сабақтасып, байланысып жатады.
Ұстаз-бәрінен бұрын тәрбиеші. Ол оқыту мен тәрбиені қатар алып жүруші. Ұстазға қойылатын басты талап пен тілек ортақ. Ол білімділік, имандылық, парасаттылық.
Ұстаз шәкірттерге білім бергенде , тіл факторын үйреткенде, олардың логикалық ойын дамыту тәрбиесін қатар жүргізеді. Бұл мақсатта ғылымда балаларға білім мен тәрбие беру міндеттерін сабақ үстінде бірлікте іске асырудың тиімді жолдары, қолайлы әдістері іздестірілуде.
Бұл әдістер оқушыларға жан-жақты білім беруде,
өмір заңдылықтарын меңгертуде, олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, логикалық ой-өрісін дамыту, саналы еңбекке, өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын тәрбиелеуге белсенді қызмет етеді. Бұл тарапта шәкірттердің өздігінен ойлау, бақылау және тұжырым жасай алу қабілеттерін дамытудың тиімді тәсілдері ....