Сен ылғи шалғай қиырларға, алыс сапaрларға аттанушы ең. Сондай бір айлап-жылдап жүретін ұзақ рейстен әлі оралмай қойғаның.
Сен біздің ауылда бұрын-соңды ешкім ата кәсіп ете қоймаған жаңа өнерге бірінші боп бет бұрғандардың бірі едің - Құландар жортқан құба түзге талай-талай соны соқпақты өзің салдың. Талайларды алыс жолдарға, сәт сапарларға өзің аттандырдың. Міні әлі күнге ұлығат шеруден қалдырмай ілестіріп келе жатқан осы сапарыма арқамнан қағып, аттандырып салған өзің едің.. Сол сапар ақым, досқарызым өтелген жоқ, енді өтелмекші де емес...
Сенің атың Қобылан еді. О баста Қобыландыдай батыр болсын деп қойылған шығар.Сенің өн бойыңда, шынында да батырларға тән молдық, ерлік бар еді. Сол дархан молдығың мен кеңдігіңнен де бейбіт заманда бейуақ, опат болдың. Ақ түтек боранда бала кезден бауыр басқан рулін ғана басыңды сүйеді.
Өзіңді енді қайтып көрмес, құшақтаспас мәңгілік ғайыпқа қимайтын өз көңіліме жұбаныш болсын деп жазылғам өзің мен әріптес достарыңның сонау ақ желең жинақтары туралы осынау шағын хикаяны аяулы аға, дос, Қобылан, шофер Қобылан Зоранов, саған бағыштадым.
Aвтор.
Это как выпущенный бег, знающий свой путь...
Ригведа, Гимн Варуне
Мы живем впервые...
Юрий Олеша.
I
Орталық түгілі көрші қойшы ауылдардың өзіне артық аяқ бастырмайтын Көксұр Елеместі сол күні қандай түлен түрткеніне Жақан көпке дейін түсіне алмай қойды.
Жара ауруы - өршу кезінде жараның асқазанға, он екі елі ішекке қайталанып түсуімен өрбитін асқазан – он екі елі ішек аймағының ауруы. Этиологиясы: Асқазан жарасының 90%- да және он екі елі ішек жарасының 100%- да НР табылады. НР- дің үйреншікті мекендейтін жері- асқазанның антральдік бөлігі. Ұлтабарды мекендеген НР жүре келе жараның, эрозиялардың дамуына әкеледі. НР-ді емдеп жойса, асқазан мен он екі елі ішектің моторикалық бұзылыстары азаяды, гастринемия төмендейді, қабыну процесі жойылып, жаралар тез жазылады және оның қайталануы тоқтайды. Жара ауруының дамуында НР- мен бірге өзге факторлардың да қатысы бар, мәселен никотиннің, алкогольдің әсерлері, өткір тағамға әуесқойлықтың, гастропатиялық әсерлі дәрмектердің (аспирин, индометацин, резерпин). Соңғы кезде жара ауруының дамуына бейімдейтін тұқым қуалайтын факторларда әсер етеді. Бұл факторлар: - қанның О (I) тобы, мұндай адамдардың асқазанның кілегей қабығында НР- ге рецепторлардың саны көп болады деген пікір айтылуда; қаны I топты адамдарда жара ауруы 35%-ға жиі кездесетіні анықталған. - Асқазанның кілегей қабығында агрессиялық факторлардан қорғайтын заттардың тапшылығы: а1- антитрипсиннің, фукогликопротеиндердің т.б; - Париетальды және тыстаушы жасушалар санының көптігі және соған байланысты тұз қышқылы мен пепсин секрециясының жоғарылығы; - Гастриннің тамақ ішуге байланысты секрециясының шамадан артық жоғарылау ерекшелігі; - Дерматоглификаның жара ауруында кездесетін ерекшеліктері. Патогенезі. Жара ауруы- бір емес, бірнеше агрессиялық факторлардың бірлесуінен және кілегей қабықтың қорғаныс қасиетінің төмендеуінен дамиды. Жара ауруының дамуында басты роль атқаратын- НР. Асқазанға түскен НР антральдік бөлікті мекендеп, созылмалы қабыну процесін қоздырады және кілегей қабықтың қорғаныс қасиетін төмендетеді.Осы процестердің салдарынан асқазан моторикасы тездетіліп, ішіндегі қышқыл зат ұлтабарға тез түсіп, ұлтабарды қышқылмен тітіркендіреді. Сонымен қатар гипергастринемияны туындатып, асқазан сөлінің агрессиялық қуатын күшейтеді. Пилородуоденальдік жаралардың дамуында маңызды роль атқаратындар- гиперсекрецияның әсерінен кілегей қабықтың тұз қышқылымен және пепсинмен үнемі зақымдануы. Мұндай жағдай гиперваготонияда, гипергастринемияда, асқазанның басты бездерінің гиперплазиясында және ұлтабардың қуысында сілтілендіру механизмнің жетіспеушілігінде болады. Ұлтабар қуысында қышқылдықтың артуынан жүре бара ішектің қабырғасында асқазандық метаплазия қалыптасады. Сондықтан ұлтабардың қабырғасы НР- дің тіршілігіне жарамды болып, аталмыш микробтық процесс ұлтабардың қабырғасына таралады.....
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Екі қаз бен бақа» ертегісі Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, өз ойын жеткізеді, кейіпкерге хат жазады. Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын анықтауда кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен мінез-құлқына баға береді, өз ойын жеткізуде көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып хат жазады. Кейбір оқушылар: көркем-бейнелі сөздерді орынды қолданып, өз ойын жеткізеді, өмірмен байланыстырады......