Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқан мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздің бейбітшілікте өмір сүруіміз. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді.
Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым .....
Тәуелсіздік… Осы сөзді естігенде, жүрегімде керемет бір қуаныш орнағандай болады. Ал бір жағынан көңілім түсіп кетеді. Оның себебі, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында, аға-әпкелеріміздің қан төккені жүрегімді ауыртады.
Бірақ, біз қазақ елі, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 1991 жылы желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Қазақстан.....
Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Мұнда биік-биік асқар таулар, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен......
Қазақстанның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез келген қазақстандық міндетті түрде сол жерде тіркелуі керек. Бұл талапты орындамаған азамат 16 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта айып төлейді деп хабарлайды Егемен Қазақстан.
Егемендік... Тәуелсіз ел... Қазақстан Республикасы... Иә, бұл сөздер елін сүйетін шын патриоттар үшін қашан да болмасын ыстық естілетіні анық. Дербес мемлекет болып, көк туымызды желбіреткенімізге аз ғана уақыт болса да уақыт өткен сайын ел өркениеті мен экономикасы жоғарғы деңгейге өрлеп, қарқынды дамуда. Өткен күнді парақтасақ, азаттық алу үшін басымыздан нелер өтпеді десеңізші?! Халқымыздың тәуелсіздікке дейін көрмеген азабы мен тартпаған зардабы қалмады.......
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы» Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу; 10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу Сабақ мақсаты: Алаш және Түркістан (Қоқан) автономиялары негізінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттейді, баға береді;......
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, Еуразияның кіндік тұсында жаңа мемлекеттің пайда болып, көк жалауын желбіреткеніне міне 15-ші жылға аяқ басып барады. Осы он жылдан астам уақыт аралығында елімізде бір ғасырға татырлық оқиғалар болып өтті. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздікке қарай басқан әрбір қадамын оңай болды деп ешкім айта алмас. Өйткені, жас мемлекетіміздің алдында тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін оны орнықтыру, қалыптастыру, нығайту сияқты қыруар жұмыстар тұрған болатын. Оның үстіне бұл жұмыстардың барлығын кеше ғана тоталитарлық режимде болып, демократияның не екенін білмеген елде және жоспарлы экономикадан бірден нарықтық қатынасқа көшкен елде іске асыру өте қиын болатын. Десек те, осы он жылдан астам уақыт аясында біраз шаралардың атқарылғаны белгілі. Ең бастысы ежелгі қазақ жерінде Республикадағы негізгі көш бастаушы қазақ ұлтының төңірегінде елімізді мекендеуші 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі қамтамасыз етілді. Саяси салада демократиялық қоғамды бетке ала отырып, кең көлемді саяси процестерді атқарудың сәті түсті. Кейбір ішкі саяси дағдарыстарға қарамастан Республикамызда Президенттік басқару орнығып, билік құрылымдарының барлық сатыларының рөлі белгіленіп, ішкі саясат саласының басты стратегиялары айқындалып іске асырылып келед ....
Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.......
80-жж. ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық де-путаттары бірінші съезінің езінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілсттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта қүры-лыстардың және ұлттық сананың ояну процестерінің дамуы, уақиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшы-лық тарапынан осыған сай арталық пен одақтас республикалар-дың қарым-қатынасын үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті. Жаңа шындық жагдайды есепке ала отырып, Одақуы қайта құру идеясы кеңінен қолдау тапты және 'ол «төменнен» — автономия-лық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да рес-публиканың езін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен ендіріс құрал-жабдықтарына, оның ішінде енеркәсіптің негізі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі тура-лы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңгыртуға бағытталған қозгалысты Н. Ә. Назарбаев басқарды, ол ордайым аса кұрделі проблемалар-дың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оңшыл және солшыл радикализмге қарама-қарсы Н. Ә. Назарбаев табан-ды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтардың теңдігіне негізделген үлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саяси түрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізіп келеді. Бірақ Қазақстанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені сындыруға мемлекеттік басқару қүрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң биліп кедергі жасады. Жекелеген партия үйымдарының ез жүмыстарын жаңа талаптарға сай қайта қүруға бағытталған талпыныстары елеулі нәтиже бермеді.....
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – еліміздің егемендігін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын айқындайтын айшықты белгілер. Бұл мақалада рәміздердің рухани-танымдық қызметінің пайда болуы, қалыптасуы және оның құрылымының тарихи ерекшеліктеріне талдау жасауға арналған. Сондықтан автор қазақ қоғамының мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен білу деңгейі бойынша жүргізілген әлеуметтік сұрақ-жауаптар негінде әлеуметтік бірегейлікті сақтау үшін жастар арасында отансүйгіштік сезімді оятуға бағытталған рәміздердің ғылыми тұрғыда зерделенуі мен ағарту-насихаттау жұмысын жетілдіру қажет деп санайды.......