Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері Сабақтың тақырыбы: Жануарларды ғылыми мақсатта пайдалану Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі) 6.4.5.1 - қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану. Сабақтың мақсаты: Оқушылар: Эссе жазады Тыныс белгілерінің жаралаушы қызметін түсінеді....
Кіріспе Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды. Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің дамуы 3 кезеңнен өтті. Бірінші кезең. 1991 жылы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемелекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу: 1. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Өркениет: даму ерекшеліктері Сабақтың тақырыбы: Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті 1 сабақ Сабақтың мақсаты: «Өркениет» ұғымын айқындау критерийлерін пайдаланып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау Оқу мақсаты: «Өркениет» ұғымын айқындау критерийлерін пайдаланып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері Сабақ тақырыбы: Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуерекшеліктерін түсіндіру; 10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет тердің ерекшеліктерін сипаттау; 10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау Сабақ мақсаттары: 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуерекшеліктерін түсіндіру; 10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет тердің ерекшеліктерін сипаттау; 10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері Сабақтың тақырыбы: Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері -энеолит Оқу мақсаттары: 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру, 10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау Сабақтың мақсаты: Оқушылар: Ұлы дала өркениеттерінің пайда болу мен қалыптасу ерекщеліктерін түсіндіреді. Мәдениеттердің сабақтастығын және өзара байланысын табады.....
Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштердің жақсы жетістіктерге жету мақсатында, тәжірибелік және ізденіс жүйесі меншікті басқару факторының негізі ретінде бағалау қызметі қолданылады. "Қазақстан Республикасының бағалау қызмет туралы" заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сату, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Сонымен қатар мүлік туралы мәміле кезінде міндеттелген бағалау жүргізіледі. Бизнесті бағалау қызметінің үрдісін кешенді тәсілдермен, мемлекеттік реттеу және бағалау қызметінің аналитикалық есебімен қамту негізінде көрсетеді. Бағалаудың әр түрлі әдістер мен амадарын қолдану арқылы ғимараттар, құрылыстар мен көлік құралдарының құнын анықтау келтірілген. Бағалау қызметі ғылыми негізде,оның кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бір қатар қағидалар мен жылжымайтын мүлік құнына әсер ететін ортаның факторларын қарастырады.....
Барлық химиялық элементтердің 4/5 – нен көбі металдар.Элементтердің сырқы белгілерімен қасиеттері бойынша металдар және бейметалдар деп бөлінеді. Табиғатта металдар көбіне түрлі қосылыстар түрінде кездеседі, кейбіреулері бос, еш затпен қосылыспаған күйде болады. ондай жеке кездесетін түрін сап металл дейді.ол- платина, алтын, күміс және мыс қалайы, сынап сияқты металдар. Соңғы үш метал, көбіне қосылыс түрінде болады. металдардың жер қыртысында кездесетін қосылыстары түрлі минералдар түрінде болады. ....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері Сабақ тақырыбы: Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар «өркениет» ұғымын талдап, әлемдік өркениетке Ұлы Дала тұрғындарының қосқан үлесінің маңыздылығын анықтайды. Әлемдік өркениет тарихындағы мемлекеттердің пайда болу, шарықтау, жойылу сатыларына өзіндік сараптама жасайды. Сабақ мақсаттары: Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Даланың қайталанбас рөлін анықтап, әлемдік тарихтағы орнын анықтайды, зерттеу жұмысын жазу жолдарын айқындайды. .....
Дүниежүзiнiң ғалымдары ХХI ғасырда нанотехнологияға жаппай бетбұрыс жасады. Ең үздiк техникалық жетiстiктерге қазiргi жағдайда тек қана наноғылымының мүмкiндiктерi арқылы қол жеткiзуге болады. Наноғылымының озық технологияларын игерiп, оны өндiрiсте қолдануда АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франция мемлекеттерiнiң ғылыми-өнеркәсiптiк кешендерi алдыңғы лекке шықты. Озық технологияны солай өз ырғағымен, табиғи қарыштатып дамытқан жетекшi елдер қазiрдiң өзiнде осы саладағы қарқынды даму бағдарламаларын жүзеге асыруда. Американдықтар тiптi нанотехнологияны дамытудың Ұлттық бастамасын қабылдап үлгердi. Бiздiң елiмiзге жағрафиялық жағынан жақын орналасқан Қытай 2000 жылдан бастап нанотехнологияның дамуына аса көп мөлшерде қаржы жұмсайды. Қытайда қазiр осы бағытқа негiзделiнген қырық мыңға жуық кәсiпорындар құрылған. Ресей мемлекетi осындай бағдарламаның жүзеге асырылуына 13 миллиард АҚШ долларын жұмсауды белгiледi. Қазақстанда наноғылымы мен нанотехнологияны дамыту үшiн 2007-2009 жылдарға арналып бағдарлама қабылданғаны белгiлi. Елiмiздiң «Жер, металлургия және байыту жөнiндегi ғылыми орталығы» АҚ таратқан мәлiметтерге қарағанда жоғарыда айтылған бағдарламаны орындау үшiн қаржыландырудың барлық көздерi арқылы 230 миллион теңге бөлiнiптi. Мұның өзi аса маңызды ғылыми-өндiрiстiк саланың дамуында олқылықтардың орын алғандығын дәлелдейдi. Наноғылымы мен оның технологиясын дамытудағы алғашқы кезеңде артта қалғанымыз қалай болар екен?..Әрине, алып елдермен бұл салада бәсекеге түсу бiзге оңай емес. Бiрақ, ғылым мен өндiрiстегi аса маңызды саланы дамытудағы алғашқы кезеңде оның негiзгi бағыттарын белгiлеп, қалыспағанымыз жөн болар едi. Жоғарыда аталынған бағдарлама нақтылы жобалардан тұрады. Мұндай наножобалардың бағасы мен оны орындаушылары белгiленген. Жобада Ұлбадағы металлургия зауыты шығаратын бериллийдiң негiзiнде конденсатор алу белгiлендi. Бұл жобаны зауыт қаржыландырады. Бiрақ, оны тәжiрибелiк үлгiге жеткiзуге мемлекеттiң қатысуы қажет. Кремний өндiру саласымен тiкелей байланысты бiрнеше жоба бар. Кремний шикiзаты күн батареяларын орнатудағы негiзгi материал болып табылады. Елiмiздiң жер қойнауында осындай 85 миллион тонна шикiзат бар. Қазақстан ғалымдары түрлi компаниялармен бiрлесе отырып, кремний өндiру арқылы келешекте фермерлiк шаруашылықтарға арналған күн батареяларын шығаруды жоспарлады. Бiрақ, бұл бағдарлама ауылды дамыту бағдарламасымен тығыз байланысады. Дамыған Еуропада жылу көздерiн алмастыратын салаға қаржылай қолдау жасалады. Күннiң, желдiң, судың қуат көздерiн пайдалану жылына 300 тәулiк бойына күн шығатын, күштi жел соғатын, оңтүстiк-шығыс аймақта тау өзендерi сарқырап ағатын Қазақстанның экономикалық-әлеуметтiк дамуы үшiн өте пайдалы. Алыстағы жайылымдар мен егiншiлерге түгелдей электр желiсiн апару тым қымбатқа түседi. Нанотехнологияның тәжiрибесi күн сәулесi батареялары көрсеткiшi 36-40 пайызға жеткiзiлгенде ғана бәсекелестiкке қабiлеттi болатындығын көрсеттi. Бұл бағытта ТМД елдерiнде ортақ мақсатқа жұмылған iс-қимыл қажет. Наноғылымы мен нанотехнология туралы әңгiмелегенде оны дамыта отырып, келешекте оның үлкен әрi тиiмдi өндiрiске ұласатынын көрмеуге болмайды. Қазiргi таңда жедел дамып келе жатқан мұнай-газ және аграрлық кешен саласына наноғылымын қолдану осындай ойларға жетелейдi. Мұнай саласы қазiр нанотехнологияның арқасында жұмыс өнiмдiлiгiн бiр жарым есеге арттыратын катализаторлар алды. Ол сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң сапасын жақсартты. Аграрлық саланың мол мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалану қолға алынды. Жергiлiктi ғылыми-зерттеу институттарымен бiрлесе отырып, биологиялық бағыттағы жұмыстар жүргiзiлуде. Жоғарыдағы нанотехнологиялық жұмыстарды.....
Өндірісте сыра ашытқысын қайнату барысында берілетін құмақты экстракт қолданылады. Құлмақталған сыра ашытқысы тургбулентті күйде шынықтырады және ХМП – 250 түріндегі мұздатқышта салқындатылады. Сыра ашытқысын қайнатуда температураның өлшемі: - майдалау 500С, белокты үзіліс – 50-500С - мальтозды үзіліс 60-650С, қанттау - 700С - жылыту және сүзілуге қайта айдау 700С Сыра ашытқысын қайнату процесі жартылай автоматтандырылған режимде өндіріледі. Сыра ашытқысы сьыра өндірісі үшін ферментті препараттар қолданбайды. Сыра ашытқысын ашыту үшін, ашытқының төменгі ашытылуы қолданылады. Тазалық мәдени іс-шаралар арнайы аппараттағы стерилденген, құлмақталған сыра ашытқысында жүргізіледі. Дәмді ашытқылардың тазалану және сақталуы 10С дейінгі мұздатқыш ашыту бөлмесінде жүргізіледі. Ашытудың температуралық режимі - ашытқы сапасына және берілген ашытқы мөлшеріне, ашытылу интенсивтілігіне, алдыңғы тәуліктегі экстрактерінің төмендеуі, орменширлі режимі 6-11 тәулікке тәуелді алынады. Технологиялық инструкцияға сәйкес ашытуға дейін 1-20 С кезінде 12 тәуліктен кем болмауы қажет. Ашыту және ашытуға дейінгі CO2 қысымының арқасында жүргізіледі және аппаратпен реттеліп отырады. Бастапқы ашыту процесі температуралық режиммен өзгерту және жүйелі бақылау персоналды компьютер базасымен автоматтандырылған. Сыраны сүзу жуғыш сүзгі процесінде іске асады, дайын сыраның органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау «Сыра қайнату өндірісіндегі технологиялық бақылау бойынша инструкциясының» талабына сәйкес орындалады. Сақтаудың және СО2 изотермиялық резерборларда тасудың балонсыз әдісі қолданылады. Сақтау үшін, екі стационарлы сыйымдылық УДХ -8, УДХ-12,5, тасымалдау үшін ЦЖУ-9 бар. ....