Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 3 саны, цифры..
Мақсаты: Балаларға 3 санын, цифрын таныстыру, Қағаз бетіне, ауада жаздырып үйрету. Логикалық есептерді шығара отырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру. Жолдастыққа, достыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Сандар, үлгі суреттер, ойыншықтар. т. б.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне дайындық
Шаттық шеңбері:
- Шеңбер жасап тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық. Таза ауаны жұтайық. Жүрекке жүрек сыйлайық. Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға сыйлайық.
Жылы тілектер:
- Аспанымыз ашық болсын! - Күніміз жарқын болсын! - Нанымыз мол болсын! - Достарымыз көп болсын! - Деніміз сау болсын! - Бейбітшілік болсын! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ә дыбысы мен әріпі

Бөлімі: Сауат ашу
Тобы: Даярлық топ
Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты:
а/ ә дыбысымен оның әріп таңбасымен таныстыру
ә/ Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын байыту. Есте сақтау, сөйлеу қаблеттерін арттыру
б/ Сауатты оқып жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: әріптің баспа және таспа түрі, әтеш, әткеншек, әліппелердің суреттері
Іс - әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Ұйымдастырушылық - оятушылық Кәне балалар біз бір - бірімізбен амандасып алайық.
Нұр құшып алыпты
Арайлап таң атты .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 10 саны

Міндеттері:
 10саның реттік тура, кері санауды үйрету.
Математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
 10 цифрының баспаша жазылуымен таныстыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жаңа тақырыпқа байланысты суреттер, кеспе сандар
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, ойын арқылы түсіндіру, көрсету
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлігін тексеру
Балалар, қазір бізде математика сабағы
Алдымен шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізге тілек тілейік.
Шаттық шеңбері: .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: К дыбысы және әрпі

Мақсаты: К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып, сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Әдемі жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: К дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер. Экранды тақта, компьютер
Билингвизм: көктем – весна – spring, көкек – кукушка – april, көгершін – голубь – dove.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі:
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, 3 тілде амандасады. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 7 саны мен цифры

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: 7 санымен таныстыра отырып, тура және кері санауға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, шаблон суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Балалар бір - біріне жылу, тілек білдіреді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Кешегі сабақта өткен сандарды еске түсіру.
- Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 8 саны мен цифры

Мақсаты: 8 - ке дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 8 - ке дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту. «8» санын ажырату, сандар ішінен таба алу
Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту. Байқампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сандар, Ойыншықтар, суреттер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Амандасу Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Күндей жадырап
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап.
Судай таза көңілмен.
Бүгінгі күнді бастайық.
I. Ой қозғау
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұ дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты:
а\Білімділік: Оқушыларды Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.
ә\Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын және ойлау қабілеттерін арттыру.
б\Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Ұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
Сабақтың әдісі - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, буындар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды алдын ала топқа бөліп алу.
Топтардың аты: қызғалдақ, бәйшешек, раушангүл.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық:
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға мың сәлем. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қ дыбысы мен әрпі

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақты еске түсіру, пысықтау.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыс нешеге бөлінеді?
3. Әріп дегеніміз не?
Әріптерді қайталау (АТПНҒРЛУШО) әріптерінен басталатын сөз ойлау, буынға бөлу, магнит тақтамен жұмыс

II. Жаңа сабақ.
- Бүгін біз тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін бізге мына жұмбақты шешу керек.
Жұмбақ: Қара күшік күзетте,
Ас ішпейді үрмейді.
Ол тұрған есіктен,
Ешкім үйге кірмейді.
Ол не балалар? (Құлып) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жапалақтап қар жауып тұр

Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Жапалақтап қар жауып тұр.
Мақсаты: Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуге ықпал ету. Қоршаған ортаға – үйлерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түспен ақ түстің бір - бірімен үйллесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін
тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал - жабдықтар: сурет дәптер, төмпешіктерге салынған тіс пастасы, мақта таяқшалар. в
Сөздік жұмыс: алғашқы қар, ұлпа қар, жеңіл, үлпілдеген. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Food Have a Letter Vv

Мақсаты: «Food» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен таныстыруды жалғастыру, жаңа Vv әрпімен таныстыру. Жаңа a cucumber, a tomoto, a plum, a peаch лексикалық бірліктерін, Have a…, please тіркесін беру. Жаңа Vv әрпін және осы әріптен басталатын «Vampire bat» сөзін үйрету. Мәтінді тыңдау арқылы түсіну және мәтінге сәйкес тапсырма орындау дағдыларын дамыту. Тамақтану және сыпайы қарым - қатынас құру мәдениетіне баулу.
Қажетті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, түрлі - түсті қарындаштар, әліппе, жұмыс дәптерлер.
Билингвальді компонент: tomoto - қызанақ - помидор, cucumber - қияр - огурец, plum - қара өрік – слива, peаch – шабдалы – персик, vampire bat - жарғанат - летучая мышь. Have a…- дәм тат - угащайся, yammy – дәмді - вкусный.
-
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қараңдаршы, бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Қане, балалар, үш тілде апайлармен амандасайық. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0