Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қош келдің Наурызым

Мақсаты: Балаларды қазақтың салт - дәстүрімен, қазақ киімдерімен таныстыру.
Жүру барысы:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, апайлар Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Бәріңізге жаңа жыл бақыт жылы, бейбіт жылы болсын!
Анель: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын Наурыз!
Бекарыс: Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Елорда - Астана

Мақсаты: Балаларға Астананың көрікті жерлерін атау, өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу. Сөздік қорын молайту. Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, бақылау, салыстыру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: Астана көрінісі, Бәйтерек, үш бидің ескерткіші
Жаңа сөздер: Елорда, Есіл, парламент

Ұйымдастыру кезеңі.
Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы.
- Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз Елордамыз Астана туралы болмақ.
- Ал қанекей балалар Астана қаласына барғандарын бар ма?
Сендер Астанаға бардыңдар, сол жайлы айтып беріңдерші. Қане балалар кімде қандай сұрақ бар екен. /Астана қаласына барып қайтқан балаларға сұрақ қою/
Олай болса құрметті қонақтар барлығымыз Астана қаласына саяхат жасайық. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Үй құстары

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары (слайд)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың үй құстары туралы білімдерін тиянақтау. Оларды құстардың түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: үй құстарының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелеу және ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту. Әдемі, таза жазуға баулу.
3. Тәрбиелік: Отанын сүюге, аң құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: саяхат сабақ, түсіндіру әңгімелеу.
Сабақтың түрі: “Мақта қыз бен мысық” еретігісі желісіндегі саяхат сабақ.
Пән аралық байланыс: сауат ашу, математика
Көрнекілігі: Суреттері, “Мақта қыз бен мысық” еретегісіндегі кейіпкерлер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәлемдесу:
Мұғалім: Оқушылар:
Мейірімді жүрекпен, Үлкенге де сіз,
Ақпейілді тілікпен, Кішіге де сіз.
Амандасып алайық Сәлем бердік сіздерге
Бір жадырап қалайық Құрметпенен біз .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Есеп және оның құрылымдық элементтері

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Есеп және оның құрылымдық элементтері
туралы түсінік: есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы.
Сабақтың мақсаты: «Есеп» түсінігімен, оның құрылымдық элементтерімен таныстыру; сұрақ қою және оған жауап беру дағдыларын дамыту. Балаларды есеп құрастыруға үйрету. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: көрнекілік, ойын.
Көрнекілігі: кеспе сандар, әр түрлі заттар, суреттер, әліппе дәптері.

Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.
Сұрақ - жауап:
- Төрт күшікте неше аяқ бар?
- Екі мысықта неше құйрық бар?
- Аптаның екінші күнін ата.
- Қыс неше айға созылады?
- Қар мен көрпеге не ортақ? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қағаз қарындашпен таныстыру

«Балапан» I кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Сурет салу
Тақырыбы: Қағаз, қарындашпен таныстыру
Мақсаты: қағазбен майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Көлденеңінен, тігінен сызықтар сызуды үйрету. Зейінділікке, қабілетін дамыту.
Үстелде дұрыс отыра білуге және еңбек етуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: сурет салуға арналған ақ қағаз, түрлі түсті майлы қарындаштар.
Қостілділік компонент: қарындаш - карандаш, қағаз - бумага.

Мотивациялық - қозғалушылық
Педагог балалардың назарын өзіне аударады.
Ертегі айтып береді.
- Қазір мен сендерге ертегі айтып беремін.
Ерте ерте ертеде...
Бір қорап өмір сүріпті.
Ол, міне, мынадай екен (қорапты көрсетеді).
Сырты қандай әдемі безендірілген (сыртқы суретіне тоқталып өтеді де), оның ішінде не бар екен?.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Өмір гүлі - аналар

Тақырыбы: Өмір гүлі – аналар!
Мақсаты: Көктемнің алғашқы мерекесі – аналар мерекесі жөнінде түсінік беру. Балаларды аналарына деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, гүлдер, суретті плакаттар.

Жүрісі:
Тәрбиеші:
- Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, сіздердің алдарыңызда мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілері өздері дайындаған билерін билеп, әндерін шырқап, тақпақтарын айтпақшы.
Көктемнің алғашқы айындағы ең алғашқы мереке – 8 наурыз – аналар мерекесі де келіп жетті. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жолың болсын балдырған

Ертегінің мақсаты: Оқушылардың жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, балалардың сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейту. Ұйымшылдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Зал мерекедегідей әсем безендіріледі. Әдемі гүлдер, шарлар, құстар ілінеді.
(Әдемі музыка әуенімен оқушылар залға кіреді).
Ән ұран
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін сіздер мектепалды даярлық сынып шәкірттерінің «Жолың болсын, балдырған!» қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!.
Құттықтау сөзін мектеп директоры: Бірманова Қымбат Исланбекқызына береміз.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ахметова Лаззат Шәкейқызына береміз......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстар біздің досымыз

І - жүргізуші:
Табиғат қандай сұлу, қандай көркем,
Мамырда жасанады гүлдеп ертең
Сылдырлап бұлақ ағып сай - саладан,
Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.
Табиғат - халық қазынасы. Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты, күш - қуатты бар игілік пен жақсылықты ол табиғаттан алады.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Салт – дәстүрді ұстанған тәрбиешілер

Мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Әр адамның қалыптасуына тәрбиеші ерекше орын алады. Балғындар үшін тәрбиешілердің орны тіптен де бөлек. Міне, осы тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу мақсатында ұйымдастырылған “Салт – дәстүрді ұстанған тәрбиешілер” атты тәрбиешілер сайысына қош келдіңіздер.

1 - жүргізуші:
Жүріңіздер тамашаға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын мекен - саяқ.
Ән шырқап би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: А дыбысы мен әріпі

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Өткен тақырыпты еске түсіре отырып, а дыбысы және әрпімен танысу.
Балаларға а дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы, сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Дамытушылығы: Балалардың есте сақтау қабілеттерін шыңдау, ой - өрісін дамыту және жетілдіру. Сөздік қарым - қатынастарын байыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, жеке суреттер, киіз үй.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, оқу, жазу, ойын, сұрақ - жауап, әңгімелесу, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызу..
Түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0