Курстық жұмыс: Геометрия | Жазықтықтағы геометриялық салулар

Кіріспе
Мектеп геометриясының негізгі материалдарының бірі-геометриялық салулар.Бастауыш сыныптан бастап ,кеңістіктің әр түрлі қасиетін сипаттайтын геометрияның абстрактілі тарауларына дейін фигураларды салу кездеседі.Мұндай конструктивті геометрияны б.э.д.III-IV ғасырларда өмір сүрген грек математиктері Евклид, Архимед ,Аполлоний және ежелгі Отырар шахарында туған қазақ математигі Әл-Фараби (870-950) дамытқан.
Жоғары математиканың негізін салған ағылшын математигі әрі физигі
И.Ньютон (1643-1727), неміс математиктері Г.В.Лейбниц(1646-1650) пен
К.Ф.Гаусс (1744-1808), француз математигі Р.Декарт(1596-1650),швейцария
математигі А.Эйлер (1707-1783)т.б. Конструктивтік есептерге ерекше көңіл
бөлген. Геометриялық салулар теориясы И.И.Александровтың
Н.Ф.Четверхиннің ,Б.И.Аргуновтың ,Ж.Адамардың т.б. еңбектерінде
эерттелген,ал оны оқыту әдістемесі жөнінде Д.И Перепелкиннің,Г.Л.Сенниковтың, Г.Г. Маслованың т.б. еңбектері бар.
Геометрия тарихынан математиканың аса маңызды тараулары
геометриялық салуларға тәуелді болғанын білеміз. Геометриялық салулар теориясы геометрияның негізгі салалары: аналитикалық геометрия, проективтік геометрия , сызба геометрияның пайда болуына байланысты жоғары дәрежеде дами бастады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: «Геометриялық пішіндер туралы ертегі»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау; дөңгелектенген және бұрышты пішіндер туралы түсінік беру;
Дамытушылық: балалардың заттарды санау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту;
Тәрбиелік: балаларды ұжымшылдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқытудың әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, бақылау, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар, дидактикалық ойындар.
Көрнекті құралдар: геометриялық пішіндер (сопақша, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер немесе дөңгелек), санау таяқшалары, суреттер, сандар.
Үлестірмелі материалдар: санау таяқшалары, геометриялық пішіндер....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: СЫЗЫҚТЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНДЕГІ ӨТПЕЛІ ПРОЦЕСТЕР

Активті кедергісі және индуктивтігі бар реал катушка кернеу көзіне қосылған (1,а-сурет). Тізбектегі кернеулер Кирхгофтың екінші заңы бойынша
(1)
Мұндағы индуктивтік кернеу өздік индукция ЭҚК-не тең де

Ал активті кернеу

Кернеудің осы мәндерін (1) теңдігіне қойса
(2)
Электр көзі кернеуінің мөлшерлі мәні бар шама. Мысалы, пәтерлердегі электр желісінің кернеуі 220 В – тұрақты шама. Осындай мөлшерлі кернеудің әсерінен тізбекте ток кенеттен секіріп өзгерді делік, яғни өте аз уақыт ішінде ток мөлшерлі шамаға жеткен. Ендеше нольге ұмтылғанда токтың уақытқа қатынасы өте үлкен мәнге ие болады, яғни

Токтың өзгерісінің осы мәнін (2) теңдігіне қойса, оң жағы мөлшерлі шама да, сол жағы өте үлкен шама болып, Кирхгофтың екінші заңына қайшы келеді. Олай болса токты өте аз уақыт ішінде секіріп өзгереді деп есептеу қате: ток индуктивті катушкада кенеттен секіріп өзгере алмайды. Мұның себебі катушканың индуктивтігінің болуында – онда пайда болатын өздік индукция ЭҚК-і тудыратын токтың тізбектің тогына кері бағытта болып (Ленц заңы бойынша), оны тез өсірмейтіндігінде. Бірақ катушкада кернеудің секіріп өзгеруі мүмкін.
Енді активті кедергісі (астарларының арасымен аздап ток жүретін) және сыйымдылығы бар конденсатор кернеу көзіне қосылған екен делік (1,б-сурет).
Кирхгофтың екінші заңы бойынша

Немесе
(3)


1-сурет. Реал катушка (а) мен реал конденсатордың (б) орынбасарлық схемалары

Тізбектегі ток сыйымдылыққа және ондағы кернеудің өзгерісіне байланысты, яғни

Токтың осы мәнін (3) теңдігіне қойса
(4)
Қарастырылып отырған тізбекте кернеу кенеттен секіріп өзгеріп, өте аз уақыт ішінде мөлшерлі шамаға жетті десе, нольге ұмтылғанда кернеудің уақытқа қатынасы өте үлкен мәнге ие болады, яғни

Кернеудің өзгерісінің осы мәнін (4) теңдігіне қойса, оң жағы мөлшерлі шама да, ал сол жағы өте үлкен шама болып, Кирхгофтың екінші заңы орындалмай қалады. Ендеше кернеуді кенеттен секіріп өзгереді деп есептеу қате: конденсаторда кернеу өте аз уақыт ішінде секіріп өзгере алмайды. Мұның себебі конденсатордың сыйымдылығының болуында – оның кенеттен зарядталып не зарядсызданып бітпейтіндігінде. Біра конденсаторда токтың секіріп өзгеруі мүмкін. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Іштей сызылған бұрыштар және қасиеттері (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбермен байланысты бұрыштар
Сабақ тақырыбы: Іштей сызылған бұрыштар және қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: іштей сызылған бұрыштар ұғымдарын және қасиеттерін біледі;
Сабақ мақсаттары: іштей сызылған бұрыштар ұғымдарын және қасиеттерін біледі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың коллинеарлық шарты (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақтың тақырыбы: Векторлардың коллинеарлық шарты
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.4.3 векторлардың коллинеарлық шартын қолдану;
Сабақтың мақсаттары: Векторлардың коллинеарлық шартын біледі, есептер шығаруда шартын қолдана алады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дөңгелек, сектор және сегмент ауданы 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. Дөңгелек, сектор және сегмет ауданы (6 с)
Сабақ тақырыбы: Дөңгелек, сектор және сегмент ауданы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): сектор, сегмент аудандарының формулаларын қорытып шығарады және қолданады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- сектор, сегменттің аудандарының формулаларын біледі;
- есептер шығаруда берілген формулаларды кері есептер шығаруда қолдана алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дөңгелек, сектор және сегмент ауданы 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. Дөңгелек, сектор және сегмет ауданы (6 с)
Сабақ тақырыбы: Дөңгелек, сектор және сегмент ауданы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): сектор, сегмент аудандарының формулаларын қорытып шығарады және қолданады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- сектор, сегменттің аудандарының формулаларын біледі;
- есептер шығаруда берілген формулаларды қолдана алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту ойыны

Оқу іс-әрекеттің мақсат-міндеттері: Білім беру саласы, «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»
Дидактикалық ойындар: «Қандай пішін, ата!», «Жануарларға геометриялық пішіндерден үй құрастырайық», «Аққаланы құрастыр» т.б
Ақпараттық құзіреттілік: Балалардың геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) туралы білімдерін жетілдіру.
Коммунакативтік құзіреттілік: Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды тауып, сәйкестендіре білу қабілеттерін қалыптастыру.
Проблема шешу құзіреттілігі: Балалардың зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау сияқты танымдық үдірістерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: «Математика негіздері», «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар: Слайд көрсету, ойын-жаттығу
Оқыту құралдары: Геометриялық пішіндердің макеті, кубиктер, пішіндер бейнеленген карточкалар
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сқрақ-жауап, көрсету, қайталау, дидактикалық, дамытушылық ойындар өткізу, ғажайып сәт ұйымдастыр, тіл дамыту жаттығулар т.б.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0