Курстық жұмыс: География | Африканың тропикалық елдеріне экономикалық географиялық тұрғысы

Жұмыстың өзектілігі: Африканың тропикалық елдерінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай? Мемлекеттердің аумағы және геосаяси жағдайы қандай? Мемлекеттердің қалыптасу тарихы қандай? Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай? Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай? Мемлекеттрдегі туризмнің қазіргі күйі қандай? Африканың тропикалық елдерінің шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Африка жер шарындағы Еуразиядан кейінгі екінші үлкен материк, ол құрлықтың 1\5-ін алыа жатыр. Аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың км-ге, батыстан шығысқа қарай ең енді бөлігі 7,5 мың км-ге созылып жатыр. Жерінің жалпы ауданы аралдарымен қоса алғанда 30,3 км², халқының саны 800 млн адамнан асады.
Менің курстық зерттеу жұмысымның тақырыбы Африканың тропикалық елдері. Курстық жұмысты Африкадағы тропикалық елдерге қандай елдер жататынан бастағым келіп отыр. Аймақ құрамына кіретін елдер: Мавритания, Алжир, Ливия, Египет, Судан, Чад, Эфиопия, Нигер, Нигерия, Мали, Сенегал, Намибия, Ботсвана, ОАР, Замбия, Зимбабве, Заир, Ангола, Маврикий және т.б.
Тропиктік Африка жалпы жер көлемі – 20 млн. км²-ден астам, халқы – 500 млн. адамды құрайды. Ірі аймақтың халқы негізінен экваторлық нәсілдік мекендейді.
Бұл тропикалық елдердегі экономика дамуы артта қалған. Ең негізгі себебі Африка құрлығының ұзақ жылдар бойы отарда болуы. Көптеген жылдар бойы Франция, Ұлыбритания, Португалия, Германия, Бельгия, Италия, Испания елдері үстемдік жасады. ХХ ғасырдың 60-жылдарына қарай Африкадағы тропикалық елдер өз тәуелсіздіктерін жариялады. Алғаш тәуелсіздік алған елдердің бірі ол ОАР, Ливия, Египет, Эфиопия, Судан мемлекеттері болды.
Африканың тропиктік аймағы екі негізгі аймақтан құралады. Олар оңтүстік тропикалық және солтүстік тропикалық аймақ болып.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Африканың тропикалық елдерінің экономикалық-географиялық ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы

Каспий өңірі соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын жаңғыртып-ақ жіберді. Жұртшылық оны еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен, оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында «қара маржан» теңізі тұнып жатқаны анықталды.
Каспий өңірі көптеген Евразия халықтарының этникалық және мәдени бастауының маңызды бір ошағы екенін зерттеушілер баяғыда-ақ мойындаған. Бұл географиялық тұрғыдан алып қарағанда өзіне Арал – Каспий аралығын, Каспий өңірін қамтитын ұлан-ғайыр тарихи өлке болып табылады. Бұл облыстың тарихи шегі оңтүстіктегі Арал және Каспий теңізі, Үстірт қыраты, ал оңтүстік-шығысында Арал жағалауындағы Қарақұм арқылы мейлінше анық көрінеді, батысы құрлықта Еділ сағасымен шектеледі. Бұларға қарағанда солтүстік бөлігі шекарасы көмескелеу. Осы тұрғыдан келгенде Батыс Қазақстан – Даланың Ұлы белдеуін қамтитын мейлінше алып тарихи-мәдени кеңістіктің құрамдас бір бөлігі екендігіне көзіміз әбден жетеді.
Барша қазақ даласы сынды Каспий алабы да өз халқының көне шежіресінің куәсі, ал кәрі Каспийдің өзі болса, ол тек Еділ – Ақ Жайық суымен ғана емес, осы аймақ, қала берді бүкіл қазақ ата-бабасының тарихымен де толы.
Дегенмен, үшінші мың жылдықтың табалдырығынан аттағалы тұрғанда осы табиғаты қатал, сан ғасырлық тарихы бар қуаң даланың ұрпақтары қолмен жасалған қайталанбасрухани бағалысының талай жылдар бойы көз тасада қалып келгені де рас. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: География | Жапония

Ниппон, Нихон (Таң шапағы елі) – Шығыс Азия жағалауларында жақын маңыдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері; Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км 2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астснасы – Токио қаласы, оның алып жатқан жер көлемі 11,9 млн км2. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4% -і жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діндері – синто және будда діндері болып табылады. Жапонияның – конституцияласы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол, парламенттің ұсынысы бойынша премьер – министрді тағайындайды және премьер – министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекеттік істерге толығымен премьер – министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент - екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитонның туған күні. Ақша белгісі – иен. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Қазақстандағы ботаникалық бақтардың географиясы

Тақырыптың актуальдылығы: Қазақстан Республикасы ғаламдық масштабта өріс алып отырған тұрақты даму Концепциясын (Концепция устойчиво го развития) қабылдауға (1) байланысты ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жүйесіне баса назар аударып отыр. Елімізде «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар тұралы заң» 1997 жылы 15 тамыз айында үкіметтің № 162-1 қаулысы бойынша қабылданған (2). Ерекше қорғалатын табиғи территориялар география ғылымының зерттейтін негізгі нысаналары екенін естен шығармау қажет. Осы заңның жобасында ерекше қорғалатын та- биғи территориялар жүйесіне (система) - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемле- кеттік табиғи ұлттық раоктер, мемлекеттік табиғи заказниктер, мемлекеттік таб- иғи ескерткіштер мен қатар зоологиялық парктер мен ботаникалық бақтар кіреді. Ботаникалық бақтар республикадағы биологиялық түр ретінде табиғи ареалында жойылып бара жатқан сирек өсімдіктерді сақтап, өсіретін ерекше қорғалатын табиғи территория. Қазақстанда ботаникалық бақтар жүйесі географиялық принцип бойынша орналастырылып құрылыған еді. Қазақстанның Қызыл кітабына кір- ген сирек өсімдік түрлері бүгінде тек қана осы ботаникалық бақтарда табылады. Сондықтан республиканың табиғатын қорғауда өзіндік орны бар бақтардың географиясын зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Ботаникалық бақтарды сондай-ақ экологиялық білім мен тәрбие берүдің ошағы екенін естен шығармауымыз қажет. Себебі мекетп оқушыларымен экологиялық тақырыптағы экскурсиялар осы бақтарда өтіп жатады. Болашақ география пәнінің мұғаліміне республикадағы ботаникалық бақтардың географиясын, олардың бірінен бірінің айырмашылығын білу - кәсіби біліктіліктің бір талабы Диплом жұмысының ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Іле Алатауының физикалық-географиялық жағдайы

Іле Алатауында өсетін өсімдіктердіңарасында біраз түрлері улы өсімдіктерге жатады. Олардың ішінде өзінің улылық қасиеттерімен зияндылығы адамдарға, үй жануарларына, құстарға әсер етіп уландыратыны бұрыннан белгілі. Улы өсімдіктердің улылығы оның құрамындағы алколойдты заттардың мөлшеріне байланысты. Соңғы жылдары улы өсімдіктердіңуы медицинада емдік дәрі-дәрмек жасауға, ауруды емдеуге көп пайдалануда, сондықтан улы өсімдіктерге көп көңіл бөліне бастады. Шығыста бұрыннан-ақ улы өсімдіктерді халық медицинасында көп пайдаланған, олардан дәрі-дәрмек жасалынған. Бұл милиондаған жылдар бойы бірінен-біріне беріліп отырған, улы өсімдіктерді біреуінің сабағын, екіншісінің жеміс, үшіншісінің тұқымын, кейбіреулерінің тамырын пайдаланған. Олар тамаққа қоспа ретінде, кейде уланған кезде, жүйке жұқарғанда пайдаланған. Кейбір жағдайларда шығында болған. Ондай өсімдіктер улы-деп аталып есте сақталған. Улы өсімдіктерді емдік жолға пайдаланумен қатар қастандық іс-әрекеттерде де пайдалану іске асырылған.Улы өсімдіктердіңпайдалы жақтары күннен-күнге анықталып көбеюде. Бірақ әліде улы өсімдіктердік көптеген түрлері әлі толық анықталған жоқ. Олардың пайдалы түрлері зерттеуде өсімдіктердің инсектицитті қасиеттері бар түрлері қазіргі кезде 1000 асады. (35) Көптеген басқада мемлекеттерде улы өсімдіктердің түрлерін зерттеу әліде жалғастырылуда.
1960 жылдардан бастап Құрама штаттағы ұлттық рақ институтында 29 мың өсімдік түрлеріне 103 мың экстракттар алынған. Соның 3 мыңы ісік ауруларына және басқада ауруларға қарсы пайдаланған. ТМД елдерінде де осындай жұмыстар дәрігерлік институттарда жүргізілуде. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: География | Балқаштың экологиялық проблемалары

Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупін болжамдайды. Олардың а йтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар.
Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.
Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш көлінің солтүстік жағалауына барып, сондағы жағдайды зерттеп көрген.
Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады.
Джил кездестірген Егор есімді орыс жігіті көлдің өзгергені туралы былай деп айтып берді:
"1968-69 жылдармен салыстырсақ, Балқаштың су деңгейі күрт төмендеді. Қазір өзіміз тұрған жерімізде бұрын су болатын. Анау тұрған мұнарадан жұрт парашютпен суға секіретін. Кафелер тұрған жерде де су болатын бұрын", - дейді Егор.
Су деңгейінің төмендегеніне табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕЖИМДЕРІ

Әсер етуші факторларға байлапысты жер асты суларының табиғи режимдері климаттық, ғидрологиялық, жер астының үстеме ағысты және кешенді режимдерге бөлінеді.
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Еуропадағы интеграция

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Курстық жұмыстың өзектілігі өзгермелі әлемдегі маңызды әрекет етуші актор ретіндегі Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістермен түсіндіріледі, өйткені бұл үрдіс Еуропалық экономикалық интеграцияның жетістікті аяқталуымен саяси интеграциялық үрдіс Еуропа Федерациясын құрудағы маңызды баспалдақ болып отыр. Бүгінгі таңдағы Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістердің жетістіктері мен келеңсіздіктері, яғни саяси интеграциялық үрдістердің баяулылығы болып отыр. Еуропалық Одақ әлемдегі ең дамыған және жемісті интеграциялық бірлестік болып табылады. Тарихи өлшемдегі елу жыл - Одақ экономикалық сипаттағы шағын субаймақтық топтан өзінің жеке басқару аппараты бар және қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында өз қызметін жүзеге асырып отырған әмбебап біліктіліктегі шынайы Еуропалық интеграциялық бірлестікке айналды.
Курстық жұмыстың өзектілігін мынандай себептермен түсіндіруге болады: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Дүние жүзілік мұхиттардың географиялық орналасуы (7 сынып, II тоқсан)

Пән:География
Ұзақ мерзімді жоспарм бөлімі: Гидросфера
Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзілік мұхиттардың географиялық орналасуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Дүниежүзілік мұхиттың географиялық орнын сипаттау.
Сабақ мақсаттары: Дүниежүзілік мұхиттың географиялық орнын сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚОЙМАЛАРЫ

Кіріспе
Қазақстан көлдерге өте бай. Мұнда Каспий , Арал теңіздері және дүние жүзі бойынша көлемі жағынан он жетінші орынды алатын Балхаш көлі сияқты ірі көлдер бар.Ауданы 1-2 мың шаршы км-ге жететін көлдерде аз емес.
Ұсақ көлдердің саны бірнеше мыңға жетеді.
Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік сипаты, әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің шұғыл ауытқып тұруы, типологиялық жағынан сан алуан түрлі болуы, және олардың көпшілігінің ағынсыз болып келуі жатады.
Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында бір қатар ерекшелктер бар.Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азайады.Мұнымен қатар олар белгілі бір аудандарда топ-топ болып орналасады. Көлдер Каспий бойы, Тұран және Батыс Сібір ойпаттарында, сондай-ақ аласа таулы орталық Қазақстан және оңтүстік шығыстағы биік таулы аймақтарда көп.Құмды және сазды шөлдерде көлдер аз.
Көл су қоймаларының пайда болуы жеке аудандарының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.Каспий бойы ойпатының көлдері теңіз түбінен таяу уақыттарда ғана босаған, көпшілігі реликт көлдер.Теңізден ертеректе босаған Тұран ойпатында реликт көлдерге неғұрлым ірі көлдер жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0