Тынық мұхит — оны Ұлы мұхит деп те атайды — планета бетінің 1/3 -ін және Дүниежүзілік мұхит көлемінің жартысын дерлік алып жатыр (2-сурет). Мұхит сопақша пішінді, экватор тұсында ерекше енді, сондықтан ол беткі жағы ең жылы мұхит. Мұхиттың шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген; онда бірнеше түбектер мен шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында көптеген теңіздер жатыр. Бұл Жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м-ден аспайтын қайраңды теңіздер де бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары (Жапон, Охот және басқа) өзара әсер ететін зонада орналасқан. Олар терең әрі мұхиттан арал доғаларымен бөлінген. Тынық мұхитта аралдар өте көп, олардың саны 10 мың-нан асады.
58-сурет. Евразия жағасындағы Тынык мұхит. Жапон теңізі Мұхитты зерттеу тарихынан. Тынық мұхиттың жағасы мен аралдарын мекендеген халықтар ертеден-ақ мұхитта жүзіп, оның байлықтарын игерген. Ф. Магелланның, Дж. Куктың жүзу сапарларының нәтижесінде мұхит туралы мәліметтер жиналды. И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийдің Жер шарын айналып шыққан бірінші орыс экспедициясы XIX ғасырда мұхитты кеңінен зерттеуге бастама болды. XIX ғасырда С. О. Макаров «Витязь» кемесімен комплексті зерттеу жүргізді. Экспедициялық кемелер 1949 ж. бастап жүйелі ғылыми рейстер жасауда. Қазіргі уакытта Тынық мұхитты зерттеу жөнінде арнайы халықаралық ұйым құрылған. 59-сурет. Ғылыми-зерттеу кемесі Соңғы онжылдықтар ішінде мұхит табиғатының ерекшеліктері жөнінде жаңа мағлұматтар алынды, оның ең терең жері анықталды, ағыстары, түбінің жер бедері, терең сулы науаларындағы тіршілік, мысалы, омыртқасыздардың, жіп тәрізді организмдердің жаңа типтері зерттелуде. Тынық мұхитты зерттеп білу үшін біздің елімізде, Қиыр Шығыста Ресей Ғылым академиясының арнаулы ғылыми-зерттеу орталығы құрылған. Түбінің жер бедері. Тынық мұхит — ең терең мұхит. Оның орташа тереңдігі 3980 м, ал ең терең жері Мариан науасында 11022 м-ге жетеді. 60-сурет. Тынық мұхит түбінің жер бедері Мұхит түгелдей дерлік бір литосфералық плитаның үстіне орналасқан, бұл плита өзінің шекарасында басқа плиталармен өзара әсер етеді. Мұндай өзара әсер ету жер бетіндегі және су астындағы жер сілкінуге, вулкандардың атқылауына ұласады. Мұхит түбінде атылған лавалардың көлемі материктерде атылған лавалардың көлемінен үш есе артық болады. Мұхитты жиектеп жатқан құрлықта да әйгілі «Отты шеңберді» құрайтын көптеген вулкандар бар. Мұхит түбінің жер бедері өте күрделі . Мұндағы қайраң басқа мұхиттардағыға қарағанда аз аумақты алып жатыр. Ол Азия мен Австралияның жағасында ғана жақсы дамыған. Материктік беткейлері тік, көбіне сатылы болып келеді. Мұхит түбі жер бедерінің өзіне тән ерекшелігі — оның ең терең жерлері шеттеріне орналасқан. ....
Азияда көл көп. Ең ірілері Каспий мен Арал теңіздері. Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстық көл, Өлі теңіз, Алтын көл, Хубсугул, Куконур көлдері орналасқан. Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байлланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхиты жағалауындағы аралдарда тараған. Жұмыстың мақсаты - Азияның көлдерінің физикалық - географиялық жағдайын анықтап, олардың экологиялық жағдайын айқындау. Таңдаған тақырып бойынша Каспий теңізіне барлық жағынан сипаттама беру. Жұмыстың міндеті - бұл тақырыптың мәнін толық ашу, оны жіктеп, жіліктеп, тыңдармандарға маңызын жеткізу. Сондай-ақ оларға өзіндік баға беру, жұмыстың алға қойған міндетін қорытындылау. Жұмыстың өзектілігі - Бұл тақырыптың өзегі болып табылатын көлдердің орналасуына баса назар аударып айтар болсақ әрине көп - ақ . Азияның көлдерінің ерекшелігі және осыған байланысты экологиялық жағдайы алуан түрлі және әр қилы болып келеді. Азияның көлдері таулар мен қыраттар арасындағы ойыстарда орналасқан көлдерден және құрғақ аймақтардағы тұзды көлдерден тұрады. Мұнда вулкандық көлдер де орын алады. Осы курстық жұмысты жазу барысында мен Т.В. Власованың «Материктердің физикалық географиясы», 1984 ж басылымын, Рябчековтың «матерйктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» 1988 ж шығармасын, А.Г. Қасымовтың «Каспий теңізі» 1987 ж шығармасын ....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Географиялық зерттеу әдістері Сабақ тақырыбы: Географиялық модельдер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.1.5 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекше-ліктері мен қасиеттерін түсіндіреді Сабақ мақсаттары: - әртүрлі материалдардан немесе әртүрлі әдістерден селдік моделі, вулканы жасайды және олардың қасиеттерін түсіндіреді. - құбылыстар мен процесстерді практикада түсіндіріреді.....
Алматы Іле бойы жазығы оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында теңіз деңгейінен 700-900м жоғары үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан. Алматы қаласы өзінің рекреациялық және экскурсиялық объектілерге молдығымен де ерекшеленеді. Рекреациялық объектілер денсаулықты сауықтыру, спорттық сауықтыру, танымдық, мәдени және табиғи мақсаттағы деп сипаттауға болады. Осыған қарай адамдардың жиі сұраныстарын тудырып отырған негізгі рекреациялық объектілерге шолу жасалады. Алматы – еліміздегі аса ірі қалалардың бірі. Табиғат жағдайлары, күннің жылуы, климат, жер бедері және табиғат байлығы, су, өсімдік, жер және жануарлар дүниесі экономиканың дамуына күшті ықпал етеді. Қазақстанның табиғи ортасының табиғат жағдайлары мен экономиканы дамыту айырықша бай әрі алуан түрлі. Республикада бағалы кен байлықтарының көптеген түрлерінің ірі қорлары, жыртуға жарамды құнарлы жерлердің егін алқабы, ұлан-байтақ жайылымдар мен пішендіктер бар. Алматы экологиясына тоқталар болсам. Алматыға бізден бұрынырақ ат басын тірегін аға буын өкілдері оңтүстік астанамның әсемдігі мен көріктілігін, саф ауасын жырдан қызық қылып айтып отыратынын талай естіп едім. “Алматының апорты” деген тіркес те сол кезде қалыптасқан. Шеттен келуші қонақтарға Алматының кез-келген жерін қысылмай көрмете алатындай жағдай бар.....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера Сабақ тақырыбы: Қазақстанның аумағын экологиялық аймақтарға бөлу Сабақ мақсаттары: • Қазақстанның экологиялық мәселелер / апатты аймақтарды анықтай алу. • Зерттеулерді жүргізу барысында Қазақстандағы экологиялық мәселелерді анықтап, пайда болу себептері мен шешу жолдарын қарастыру • Географиялық деректерді зерттеу, талдау және таныстыру үшін АКТ пайдалану.....
Пәні: география Ұзақ мерзімді сабақ жоспары: Физикалық география Сабақ тақырыбы: Материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық объектілері Оқу мақсаттары: 8.3.1.4 -материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстырады Сабақ мақсаты: Материктердің және мұхиттардың орографиялық бірліктерін білу және салыстыру.....
Пән: География Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Адамзаттың ғаламдық проблемалары Сабақтың тақырыбы: Жаһандық мәселелердің географиялық аспектілері Оқу мақсаттары: 10.7.1.4. жаһандық мәселелердің аймақтық көріністерін анықтайды 10.2.2.3. графикалық АКТ редакторында тақырыптық карталарды құрастыру. 10.1.1.2 зерттеу тақырыбына сәйкес салыстырмалы әдістерді қолдану; 10.1.1.3 зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану; 10.1.1.5 зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолдану; Сабақтың міндеттері: - Жаһандық мәселелердің географиялық аспектілерін анықтау. - Географиялық зерттеулердің заманауи әдістерін және олардың табиғатты зерттеудегі рөліне баға беру; - Географиялық ақпарат көздерінің айрықша ерекшеліктерін және географиялық зерттеулер әдістерін түсіну; - Түрлі дерек көздерден географиялық ақпаратты табу дағдыларын қалыптастыру және түзету, түрлі географиялық объектілердің сипаттамаларын талдау, жинақтау, құрастыру....
Пән:География Ұзақ мерзімді жоспарм бөлімі: Гидросфера Сабақ тақырыбы: Ауа райы және ауа райы элементтері Сабақтың мақсаты: • «Ауа райы» ұғымын түсіндіру. • Жекелеген метеорологиялық элементтерді сипаттау......
Адамдар ең негізгі өзіндік белгілері бойынша: яғни терісінің түсіне, бет бейнесіне, дене құрылысына, шашына және көздерінің бітіміне қарай үш улкен нәсілге: еуропоеидтерге, манголойдтерге және негроидтерге бөлінеді. Бұл нәсілдер өте ертеде пайда болған және олардың атаулары да олардың шыққан жерлеріне сәйкестендіріліп берілген. әрбір нәсілдерден олардың кейбір белгілері жөнінен бір-бірінен айырмашылықтар жасайтын жеке тармақтар пайда болды. Мысалы : еуропеоидтерге екі тармаққа- солтүстік және оңтүстік, манғолоидтер екі тармаққа- азиялық және америкалық, негроидтер екі тармаққа-африкалық және австралиялық болып бөлінеді, ал кейбір әдебиеттерде австралоид атауымен жеке нәсіл ретінде беріледі. Әр түрлі нәсілдерге жататын халықтардың бір-бірімен аралас некелесіп, ұрпақ беруі, барлық адамзат баласының биологиялық бірлігін көрсетеді. Бұл қайтымсыз процесс және де дүние жүзі халқының көпшілігін нәсілдік құрауыштары жағынан ала құлалыққа немесе әр түстілікке әкеледі. Сондықтан да мұндай жагдай, әсіресе иммиграция басым елдерде байқалады. (АҚШ, латын Америкасы т.б. аймақтар). Латын Америкасының көптеген халықтарын қалыптастыруға үш үлкен антропологиялық тип өкілдері қатысты. Әр түрлі нәсілдерге жататын халықтардың бір-бірімен аралас некелесіп, ұрпақ беруі, барлық адамзат баласының биологиялық бірлігін көрсетеді. Бұл қайтымсыз процесс және де дүние жүзі халқының көпшілігін нәсілдік құрауыштары жағынан ала құлалыққа немесе әр түстілікке әкеледі. Сондықтан да мұндай жагдай, әсіресе иммиграция басым елдерде байқалады. (АҚШ, латын Америкасы т.б. аймақтар). Латын Америкасының көптеген халықтарын қалыптастыруға үш үлкен антропологиялық тип өкілдері қатысты. Дүние жүзінің белгілі бір халықтарының құрамында әр нәсілдік топтың өкілдері болуы немесе бірнеше ұлттардың бір-бірінен ерекшеленген антропологиялык айырмашылығы болмауы да мүмкін. Мысалы, Қытай, Тибет тіл жанұясында сөйлейтіе халықтардың барлығы да монғолоидтер, ( қытай, тибет, дұнған, чжуан, бирма т.б. халықтар). Ислам филасофиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш, Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзінше ұштастыра жаратады, яғни жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлігі екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Адамзат тарихының өн бойында дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі болады. Бірінші жағдайға байланысты оның тотемизм, анемизм, натуризм, шаманизм, фетешизм, политеизм (бір тәңірлі ), монетим,(бір тәңірлі ), деизм (әлемді жаратқан соң оның одан дамуына араласпайтын,белгілі бір тұрпа күйінде емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім ) т.б. түрлері пайда болды. Діннің тайпалық – халықтық (мыс, иудаизм ) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. ....