Жол бойында қатер сейілмей тұр. Өткен бір аптаның ішінде Қазақстанда 500-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 108 адам қаза тапқан.
719 адам түрлі деңгейде дене жарақаттарын алды.
Түркістан-Балтакөл тас жолында ГАЗ-53 жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып, бар жылдамдығымен жүйіткіп келе жатқан "Хюндай-Старекс" автобусына соғылды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 6 адам түрлі жарақат алған.
"Болған оқиға жерінен Газ автокөлігінің жүргізушісі қашып кеткен. Бірақ кеше кешке қолға түсті. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қалған жолаушылар сол Түркістан қаласындағы ауруханада", - дейді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Салтанат Қаракөзова.
Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз, Тастақ жол жарқырайды буға амалсыз. Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп, Сөйлесіп ымдасқандай көкте жұлдыз. Мен көрдім көктің ғажап жасалғанын, Жер ұйықтап, көкшіл шықпен бу алғанын, Менің не мұнша қапа.....
Өзімнің ай десе аузы, күн десе көзі бар жалғыз қайынсіңлім бар. Қазақтың салт-дәстүріне сай есімін атамай, оған «Еркем» деп ат қойып алғанмын. Бойжетіп отырған сол қайынсіңлім бір күні тұрмысқа шықты. Келін етіп түсіріп алған жеріне қуғыншылардың бірі болып қайттым. Сонда құдалар жағы арада ай өтпей жатып, той жасайтындарын айтты. Мұны ата-енем естіген соң, бар бала-шағасын жинады. Сөзді бастаған қайынатам: «Өздерің білесіңдер, бүгінгі уақытта жетісіп отырған ешкім жоқ. Ағайынның бірінде бар, бірінде жоқ. Кейбірі жай сыртқы жүнін қомпайтып жүргеннің....