Курстық жұмыс: 12 жылдық дамыту күні және білім беру бағдары

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясы¬ның негізгі қағидаларын жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне” барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалып¬тасу үстінде. Қол жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке дейін” деген біздің ұлттық филосо¬фия¬мыздың астарында үлкен мән-мағына, терең ой жатыр. Бұл – өмірлік білім қа¬ғи¬дасы. Оның бастау бұлағы, алтын тамыры – мектеп. Осы орайда орта білім беру жүйе¬сінде жасалып жатқан рефор¬малар атап айту¬ға тұрарлық. Дегенмен, ортаға салып, ойла¬сып пішер тұстарымыз да жоқ емес. Әлемдік білім ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Тақпақ: Білім

Оқу - білім бұлағы,
Деген сөз бар халықта.
Оқы, үйрен, әрқашан,
Үйренуден жалықпа!
Тақпақтар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне» (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Ф.Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу
3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қояды;
Көпшілік оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқиды, бағалауға негізделген сұрақтар қояды;
Кейбір оқушылар: жазба жұмысының орфографиялық, пуктуациялық қателерін тауып, түзетеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Баяндама: Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-сапалы білім кепілі

Сапалы білім беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз
іздену-бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі.
Барлық ізденімпаз мұғалім өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуға
қажет. Әрбір мұғалім Л.Толстойдың: «...мұғалімнің өзі неғұрлым көп
оқитын болса, әр сабақты жан-жақты.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Оқу жабдықтары, білім

Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.
Білім

Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.
Сөз

Тыста – арқаңдамын,
Сыныпта – партаңдамын.
Портфель
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Баяндама: Сапалы білім - бәсекеге қабілетті маман даярлаудың негізі.

ҚР Президентінің 2008 жылғы №626 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан» туындайтын бәсекеге қабілетті маман даярлаудың кепілі болып отырған сапалы кәсіптік білім беру әр оқытушының инновациялық-педагогикалық технологияны тиімді де ұтымды қолдануымен жүзеге асырылатындығы дәлелденіп отыр.
Техникалық білім беру саласында қызмет жасап жүрген менің алдыма.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Сценарий: Білімді ұрпақ-жарқын болашақ бастауы

Сыныптан тыс іс-шара: «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ бастауы»
Мақсаты: Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, сыни ойлауға үйрету.
Міндеттері:
1. оқушылардың ойлау өрісін дамыту, терең ойлауға дағдыландыру
2. өз ойын ұтымды жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа үйрету
3. елін, тілін құрметтеуге, өзге тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу
Ресурстар: компьютер, белсенді тақта, презентация
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Үйрен білім жастықта (3 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Үйрен білім жастықта
Оқу мақсаттары: 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаттары: -шығарманы түсініп оқиды;
-мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап береді;
-шығарма кейіпкеріне хат жазады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0