Реферат: Биология | Қансырауды тоқтату

Уақытша қан тоқтату әдістері. Жараланған мал қансырап тұрған жеріндегі қанды тоқтатып, сол ауру малға көмек көрсету керек.
Уақытша қан тоқтату әдістері неше түрлі кездесіп отырады. а) Қансырап тұрған жерді басып, қысып тастайтын таңғыш арқылы аққан қанды тоқтату әдісі. Қансырап тұрған жерге дәкені бірнеше қабатттан салып сонымен орап тастау керек. Осылай еткенде ғана тезірек тромб пайда болып, қансырау тоқтайды. Жараға байланатын дәке мата микроптардан таза болу үшін, бұларды алдын ала үтіктеу керек. Жаралану, жарақатттану ойламаған жерде, аяқ астынан болып қалса микроптардан таза, арнайы заттарды пайдалану керек. ә) Қансырап тұран артерия қан тамырларын жақын жердегі сүйекке бармақпен басып, ағып тұрған қанды тоқтату әдісі болады. Саусақпен басып қан тоқтату әдісі сирек қолданылады. Себебі, шаршаған саусақты ауыстырған кезде қан шапши береді. Басқа амал болмағандықтан осы әдісті есте сақтаған дұрыс.
Қан тамырын сүйекке басқандықтан тамырмен бірге жүйке жүйесі де қатты қысымға түсетініде хақ. Ондайда басып тұрған жердің зардабы күшейіп үдей түседі.
Дегенмен, бармақпен қан тамырын басу әдісі операция кезінде қолданылады. Б) Жараланған малдың шапшып тұрған қан тамырын қысқыш аспаппен қысып, қанын тоқтатады. В) Малдың аяқтарын немесе жараланған жерінен жоғары, бұлшық еттерді сүйекке резеңкемен қыса буса, қансырап тұрған қан тамыры қысылып, аққан қан тоқтайды. Жалпы қан тоқтату үшін орамал, белбеу,резеңке, түтіктер қолданылады. Эсмарх деген хирург, 1873 жылы ширатылған созылғыш резинаны ұсынған еді, қан тоқтату үшін сол құрал күні бүгінге дейін қолданылып келеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Өсімдік пероксидаза ферментіне сипаттама

Фузариоз проблемасы ауылшаруашылық өсімдіктері үшін өте маңызды болып саналады. Бұл проблема глобалдық мағынаға ие болған.
Осы ауруды топырақ саңырауқұлағы (F. solani және F. roseum) туғызады. Олар әр түрлі топырақта кездесетін, спора түрінде көптеген жылдар бойы сақталады. Ең көп таралған және қатерлі болып Fusarium solani саңырауқұлағын айтуға болады. Инфекция споралары бар топырақ бөліктерімен жұғады. Бұл ауру қыстық - көктемдік кезеңдегі картоп шығынының негізгі себебі болып саналады. Осы ауру әсерінен сақтау кезеңінде шығын 20% дейін жетеді. Фузариоздық аурудың зияндық әсері түйіндер шығынымен ғана емес, инфекцияланған түйіндерді себу кезінде өсімдіктердің өсуі тежеліп, ал ол өз кезегінде түсімнің азаюына себеп болады. Ал инфекцияланған түйіндердің кейбіреулері өспей, шықпай қалады. Ол ауылшаруашылығына өте көп шығын алып келеді.
Осы мәселені шешудің бір көзі - ол Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтардың әсеріне төтеп бере алатын өсімдіктердің метаболизмін зерттеу болып отыр. Соған байланысты көптеген ғалымдар осы бағытта жұмыс жасап жатыр. Қазіргі кезде зерттеушілер патоген мен өсімдік қатынасының молекулалық механизмін зерттеуге көңіл бөлуде.
Соның ішінде картоптың патогенге тәуелді пероксидаза ферментін зерттеу өте маңызды. Пероксидаза индукциабильді, көп функционалды фермент болып келеді. Судың асқын тотығы немесе молекулалық оттегі көмегімен әртүрлі химиялық заттарды тотықтырып, жоғарғы улы қосылыстар (хинондар) немесе полимерлер түзіледі. Ал сол полимерлер өз кезегінде қорғаныштық қызметі бар болғандықтан (лигнин, суберин) инфекцияның кіруіне бөгет болады. Соған байланысты бұл фермент өсімдік иммунитетінде үлкен орын алады.
Бұл жұмыстың мақсаты – Fuzarium solani саңырауқұлағы залалдаған картоп клеткаларындағы пероксидаза ферментінің активтілігін зерттеу. Мақсатқа байланысты туатын міндеттер:
1. Fusarium solani саңырауқұлағының өсу қисығын тұрғызу.
2. Картоп клеткаларын in vitro сұйық ортада өсіру.
3. Пероксидаза ферментінің Fusarium solani саңырауқұлағы залалданғандағы клетка сыртылық және клетка ішілік формаларын бөліп алып, олардың активтігін анықтау. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулардың жіктелуі. Химиялық құрылым. (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Көмірсулардың жіктелуі. Химиялық құрылым.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.2 Көмірсулардың құрылымы, құрамы мен қызметтері бойынша жіктеу
Сабақтың мақсаты: Көмірсулардың құрамын, құрылымын және қасиеттерін зерттеу
Моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау
Крахмал мен глюкозаның молекуласының үлгісін жасау........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Ақуыз синтезі және оның табиғаттағы маңызы

Организм клеткасының химиялық құрамы аса бай және алуан түрлі. Онда көптеген реакцияларға қатысатын және метаболизм түзетін әр түрлі заттар бар. Мұндай алмасу нәтижесінде заттар үздіксіз өзгеріп, ыдырайды және осының арқасында жаңа заттар түзіледі. Алмасу реакциялары белгілі бір қатаң тәртіппен өтеді және әр түрлі ферменттердің әсерімен реттеліп отырады. Тірі клеткада болатын ерекше жағдайлардың арқасында реакциялар жоғары жылдамдықпен өтеді. Клетканың немесе протопластың химиялық құрамына талдау жасағанда, біріншіден, ондағы заттардың аса көптігі мен алуан түрлілігіне, екіншіден, талдау барысында тірі клеткаға тән емес заттардың пайда болуына байланысты көптеген қиындықтар туады.[3]
Академик В.И.Вернадский жер қыртысындағы элементтердің барлығы да (тіпті сирек кездесетін элементтер де) клеткада белгілі бір мөлшерде кездеседі деп санайды. Алайда тірі заттың құрамына бар болғаны 22—27 элемент кіреді. Кез келген организмнің тірі затының элементтік құрамы мынадай: С, О, Н, N. Р, S, Na, К, Мg, Са, С1, Мn, Ғе, Со, Сu, Zn, В, Аl, V, Мо, I, Si, Ni, Сг, Sе, Sn, Аs. Көрсетілген элементтердің 16-сы барлық организмдерде кездеседі.[3]
Тірі клетка затының құрамын дәлелдеу әлдеқайда қиын. Ішекте тіршілік ететін бактерия Escherihia coli осы мәселені зерттеуде ыңғайлы материал болып табылады. Оның құрамында мынадай заттар табылған: су — 70%, бейорганикалық иондар — 1%, көмірсулар — 3%, амин қышқылдары — 0,4%, нуклеотидтср — 0,4 %, липидтер — 2 %, белоктар — 15%, ДНҚ — 1 %, РНҚ -6%. Барлық басқа организмдердің тірі затының құрамы да осы сияқты деген пікір бар. Тірі заттың құрамына кіретін молекулаларды биомолекула деп атайды, демек олардың ерекше құрылымы және өзара әрекеттесуі тіршілік негізінде жататын процестерді қамтиды. Бұл заттардың молекулаларының құрылымы, физикалық-химиялық қасиеттері және олардың тірі клеткадағы атқаратын физиологиялық ролі жөнінде қысқаша мәліметтерге тоқталайық. Осының ішінде белоктар және оның синтезделуіне тоқтап өтсек. [3]....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Кұс шаруашылығы кұстардың шығу тегі және үйге үйрету

Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын – қысқалылығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі.
Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде . Ғалымдармен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттер. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көптүрлілігі
Сабақтың тақырыбы: Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.4 белгілі бір ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді құрастыру.
Сабақ мақсаттары: ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді меңгеру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру 1-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1A Молекулалық биология және биохимия
Сабақ мақсаттары: 10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе.
Сабақтың тақырыбы: Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.3.1.1- популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау
Сабақтың мақсаттары: Популяция санына әсер ететін факторларды сипаттау
Популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Практикалық жұмыс “Тотығатын және тотықпайтын қанттарды анықтау» (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардағы химиялық заттар (Молекулалық биология)
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс “Тотығатын және тотықпайтын қанттарды анықтау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Еритін және ерімейтін қанттарды зерттеу және анықтай білу
Сабақ мақсаттары: тотығатын және тотықпайтын қанттарды зерттеу........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология
Сабақтың тақырыбы: Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау.
Оқу мақсаттары: 10.4.3.4 Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылауды жетік меңгеру.
Сабақтың мақсаттары:
• Гендік модификацияланған ағзаларды дұрыс қолдануды;
• Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылауды жүзеге асыруды үйрету......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0