Реферат: Биология | АУЫСПАЛЫ ШАБЫНДЫҚ

Шөптесінді жыл сайын бір мезгілде пішенге шабу келесі жылы оның өнімін төмендетеді. Сондай-ақ өсімдіктердің тіршілік ету жолдары бұзылады. Олар толық пісен-жетілмейді, көпжылдық шөп тамырының астында қоректік заттар жиналмайды. келесі жылы қайта көктеп шыққан өскігдер нашар өсіп, бара-бара құрып кетеді. Сондықтан да өсімдіктерді ерте орып тастамас үшін ауыспалы шабындық енгізу керек. Ауыспалы шабындықта белгілі жүйеге сәйкес жыл сайын пішен шабу мерзімі өзгеріп отырады және шабындықта агротехникалық күтіп-баптау жұмыстары ескеріліп отырады. Ауыспалы шабыңдық енгізу пішен өніміне байланысты болады. Шалғын жерді теңдей етіп 4—7 мөлтекке бөледі. Бұл мөлтектерді өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңдеріне сәйкес жыл сайы» алмастырып шауып алып отырады. Мысалы шабындықта астық. тұқымдас өсімдіктер мол болған жағдайда пішенге масақтана бастағанда (МБ) тұқымы пісіп-жетілу кезеңдерінде (М) шабады. Тағы бір ескеретін жай әр мөлтектегі өсімдіктер 4—7 жыл ішінде бір рет тұқым шашады.
Қорыта келгенде ауыспалы шабындық — шабындықты тиімді пайдаланудың ең негізгі басты жолы болып табылады.

Пішен дайындау
Пішен дайындаудың негізгі техвологиялық операцнялары — ору, жаныштау, салу, шөмелелеу кемесе тікелей тиеу, тасымалдау және одан әрі кептіріп, не кептірмей-ақ қоймаға жинау.
Шөпті құрғату кезіндегі басты назар аударатын нәрсе — онын қоректік заттарын барынша сақтау болуға тиіс. Өсімдік жапырақтары неғұрлым көп болса, бұл оның соғұрлым бағалы азық екенін дәлелдейтін көрсеткіш бола алады. Бұл тек пішенге арналған өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары жедел келтіріліп, өнім ысырапсыз жиналғанда ғана қол жететін нәтиже. Өсімдіктер суармалы және жағдайында 70—80 процент ылғал ұстайды да, ол орылған және келтірілген кезде шөп бойында физиологиялық микробиолгиялық процестердің нәтижесінде жақса сақталуына септігін тигізеді. Өсімдіктің қоректік заттар ысырабын азайтып азық сапасын жақсарту үшін ең алдымен көк шөпті кептіру процесін жеделдету керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жыныстық жолмен берілетін аурулар: ЖИТС, сифилис, гонорея, гепатит В, С. Алдын алу шаралары. (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспарлар бөлімі: Тұқымқуалаушылқ пен өзгергіштік заңдылықтары
Сабақ тақырыбы: Жыныстық жолмен берілетін аурулар: ЖИТС сифилис, гонорея, гепатит, B, С. Алдын алу шаралары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Оқушылар:
9.2.1.6 - жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.6 түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу тәсілдерін білу және зерттеу.
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• Температураның нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу біледі;
• рН-тың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу біледі;
• Әр түрлі жағдайлардың әсерінен нәруыздардың құрылымын өзгеруінің себептерін түсіндіре алады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы

Зерттеуде таспа құртар тек жабайы көк көгершіндерден анықталды және сирек кездесетіні белгілі болды. Анықталған бірінші таспа құрт Aporina delofondi - Cestoda класының Cuclophyllidea отрядына, Anoplocephalidae тұқымдасына, Aporina туыстасына жатады. Европа, Азия, Африка және Америка құрлықтарында мекендейтін көгершінтектес құстар арасында таралғаны белгілі. Оның ішінде жабайы көк көгершіндер мен үй көгершіндерінен де анықталған. Қазақстанның оңтүстік өңірінде мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен К.И. Скрябин [1905-1911] анықтаған. Бұл құрт биогельминт, аралық иесі құрлықта тіршілік ететін бақша ұлуы Linax cinereus-деп жазды. Ал, Қазақстанның шығыс өңірінде мекендейтін жабайы көк көгершіннен алғаш рет анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы көк көгершіннің 4 - еуінің аш ішегінен бір-бір данадан бөліп алынды. Сөйтіп ИИ - гі 1 - ге, ИЭ - гі 7,6 % - ды құрады. Анықталған құрттардың ұзындықтары 60-70 мм, ең жалпақ бунақтарының ені 4,7 - 5,0 мм аралығында болды. Сколексі қарусыз, 4 сорғышы бар. 1 - ші микрофотосуретте қос жынысты (гермофрадит) бунағы көрсетілген. Онда жыныс тесігі бір жақты ашылатыны көрінеді. Жатыры түтік тәрізді және соңғы жағы біртіндеп кеңейіп одан көптеген өсінділер тарайды. Аталық бездерінің пішіндері домалақ, саны 100 - дей. Олар қос жынысты бунақтың өне бойына созыла, жатырды қоршай орналасқан.

Микрофотосурет 1 - Aporina delofondi таспа құртының қос жынысты бунағы

Жабайы көк көгершіндерден анықталған екінші таспа құрт Weinlandia sphenocephala. Ол Cuclophyllidae отрядына, Hymenolepididae тұқымдасына, Weinlandia тустасына жатады. Европада және Азияда (Индияда) үй көгершіндерінен анықталған. Қазақстан аумағында көгершінтектес құстардан анықталғаны туралы деректер кездеспеді. Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы көк көгершіндерден алғаш анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы көк көгершіннің 9 - ның аш ішегінен бөліп алынды. ИЭ - гі 13,4 % - ды құрайды. ИИ-гі бір көгершінде 2 - 7 паразитке тең болды. Құрттардың ұзындығы 70 - 80 мм, ең жалпақ бунақтарының ені 1,7-2 мм аралығында. Сколексі қарусыз, 4 сорғышы бар. 2 - ші микрофотосуретте қос жынысты бунағы көрсетілген. Жыныс тесігі бунағының бір жағынан ашылады. Жыныс тесігінің мойыны етті жиырылғышпен (ретрактор) жабдықталған және ол айқын көрінеді. Жатыр көптеген төмпешік-бұдырлар түрінде бүкіл бунақтың ішін толтырып жатыр. Аталық безі 3 - еу, ірі және бүйрек пішінді. Бірінің үстінде бірі ретсіз орналасқандықтан әртүрлі пішіндегі біртұтас орган түрінде көрінеді. Таспа құрттарды анықтағанда К.И. Скрябиннің сипаттамалары пайдаланылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдік және жануар жасушасы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология
Сабақ тақырыбы: Өсімдік және жануар жасушасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: Өсімдік және жануар жасушаларын ажырату
Сабақ мақсаты: Өсімдік және жануар жасушаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Вирусты гепатиттер

Вирусты гепатиттер (бауырдың қабыну) – бұл кең тараған және адам денсаулығына өте қауіпті инфекциялық топ, олардың өзара бір – бірінен сәл айырмашылығы бар, байқалмайды, түрлі вирустардан тарауы мүмкін, бірақ бәрінің де белгі бір – ол ең алдымен бауырдың зақымдалуы және қабынуына әкеп соғуы. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша «сары ауру» деп атайды – бұл бауыр қабынуының кең тараған түрі болып топталады. «Сары ауру» эпидемиясы туралы біздің заманымызға дейін Гиппократ V ғасырда .....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
9.1.2.2 ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкесті ферменттердің арасындағы байланысты орнату.
Сабақтың мақсаттары: адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): ДНҚ репликациясы. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі. 1-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық цикл және ДНҚ
Сабақ тақырыбы: ДНҚ репликациясы. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі. 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.7 ДНК репликациясы үрдісін сипаттау
Сабақтың мақсаттары:
- Чаргафф ережесі бойынша репликация үрдісімен танысу
- ДНК репликациясы механизмін үйрену
- ДНК репликациясы үрдісін ауызша және жазбаша сипаттаңыз
- Мезелсон-Стилл экспериментінің ДНҚ-ның репликациясы теориясын зерттеуге қосқан үлесін қарастырып, бағалаңыз
Олардың барлығы схемаға сәйкес ДНҚ-ның репликациясы процесін сипаттай алады,, Чаргафф ережесін, Мезельсона мен Сталя экспериментін біледі
Көпшілігі ауызша және жазбаша ДНК репликациясын үрдісін сипаттай алады, Чаргафф ережесін тапсырмаларды орындауда қолдана алады, Мезельсон мен Сталь эксперименттерінің ДНҚ-ның репликациясы теориясындағы маңыздылығын бағалай алады.
Кейбір студенттер күрделі қиындықтармен проблемаларды шеше алады және түсіндіре алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Маңызды іріктемелер мен қолтұқымдар 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
Сабақтың тақырыбы: Маңызды іріктемелер мен қолтұқымдар 2-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.4.4 маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарлары қолтұқымын сипаттау
Сабақтың мақсаттары: мәдени өсімдіктер мен үй жануарлары қолтұқымдарының құнды қасиеттерін сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Қара шіріктің минералдануы топырақтарда гумус баланысының мөлшерін теңдесуін қалыптастыру

Қара топырақ тегі-жаралуы (гензис) туралы үш болжамды көзқарас (гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық және құрылық-өсімдік.
Зерттеушілер теңіздік болжамды гипотеза бойынша қара топырақты теңіз орнында қалған лайы деп санаған (Паллас 1799, Пецольд 1851). Мурчисон болса (1842) оны юра дәуірінің мұз сулары шайып кетуінен қалған балшықты қара тақта тастар азығы деп есептеген. Бұл болжамдардың қазір тек тарихи маңызы бар. Батпақты болжамды жақтайтындар дала аймағы бұрын аса батпақтанған тундра болған деп жорамалдаған. Бірақ кейін климаттың жылынуына және ыза деңгейінің төмендеуіне байланысты, лай батпақ орнында тундра өсімдігі ығыстырылып (Эйхвальд, 1850), жергілікті дала өсімдіктері дамуы арасында (Борисяк,1852) қара топырақ қалыптасқан. Құрылық- өсімдік (растительно-наземное) пікір бойынша қара топырақ пайда болуын шабынды-далаалық және далалық шөптесіндермен байланыстырады. Осы пікірге Ф.Рупрех «Қара топырақ геоботаникалық зерттеулер» (1866) атты еңбегінде бірінші негіздеме берген, яғни қара топырақ құрамын шөптесіндер қалдықтарының ыдырауынан жаңа күрделі органикалық зат-қара шірінді түзілуімен түсіндіріледі. Аталған пікірді В.Докучаев «Орыс қара топырағы» (1883) атты еңбегінде толық дамытып қалыптастырған, яғни қара топырақтың құраушы жыныста қара шірінді шоғырлануынан пайда болғанын дәлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ шөптесіндер дамуына, қалдықтарының ыдырауы жылдамдығы мен бағытына және қара топырақ құрамына дала климатының ықпалы ерекше екенін айтқан.....
Рефераттар
Толық
0 0