Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су және органикалық заттар Сабақ тақырыбы: Органикалық заттар көмірсу май нәруыз Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Оқушылар орындай алады: Органикалық заттар түрлерімен танысу Тағам құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар екендігін анықтап, дәлелдеу Сабақ мақсаттары: • Азық-түлік құрамында кездесетін органикалық заттар түрлерін анықтайды. • Азық-түлік құрамындағы органикалық заттардың болуын анықтайтын тәжірибелер орындайды. • Оқушылар жасалған тәжірибе негізінде нәтижені берілген нұсқаулық картаға толтырып, қорытынды жасайды. ....
Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар. Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі организмдерге вирустар мен фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм ені 0,2-1 мкм (1 мкм – 10-6м). Темекіде теңбіл (мозайка) ауруын туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм -10-9 м), ені 15 нм. Ал бактериофагтардың көлемі 50-100 нм аралығында. Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де ергежейлі өте майдалары мен алыптары бар. Мысалы, тұщы сулардың бетінде қалқып жүріп тіршілік ететін көпжылдық кіші балдыршөптің жапырақ тақтасының диаметрі 5-10 мм болса, су өсімдігі вольфияның жапырақ тақтасы 1-1,5 мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы құрлық өсімдіктерінің ішіндегі ірісі — секвойядеңдронның биіктігі 100 м-ден асса, діңінің диаметрі 10 м-ге жетеді. Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі өте ұзақ әрі күрделі эволюциялық даму барысыңда үнемі өзгеріске түсуден және орта жағдайларына бейімделуден болса керек. Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік алдымен суы бар ортада — дүниежүзілік мұхиттарда пайда болған. Олар: тіршіліктің қарапайым формалары клеткаланбаған, «ядросыздар», сол сияқты ядролылар - бір клеткалылар және колониялылар. Бұлардан кейін құрылымы едәуір күрделі көп клеткалылар пайда болды. Тірі организмдердің, жаңа формаларының пайда болу процесі сулы ортада баяу жүреді, бұл Дүниежүзілік мұхиттарда орта жағдайларын түзетін экологиялық фактор элементтерінің ауытқушылығының төмендігіне, бірыңғайлығына байланысты. ....
Құрсақішілік герпестік инфекция – анасынан ұрыққа герпестік инфекцияның антенатальді кезеңде (ұрықтану кезеңінде) немесе босану кезінде жұғуы. Кездесу жиілігі 0,5 - 2,5%. Герпестік инфекциялар - болашақ ана үшін, болашақ нәресте үшін үлкен мәселе болып табылады. Жиілігі бойынша 7500 туытқа 1 туа біткен герпестік инфекция келеді. Жыныс ағзаларының герпестік инфекциясының екі типін ажыратамыз. Көбінесе инфекцияны ІІ типті генитальді вирус шақырады. Бұл тип инфицирленген әйелдерде 50-70% жағдайда кездеседі. І-тип көбінесе тері мен шырышты қабаттарды, көз және т.б. зақымдайды. Инфекцияның негізгі резервуары ерлерде зәр – жыныс жолдары арқылы, әйелдерде жатыр мойны арқылы. Аутоинокуляция (инфекцияны өзіне-өзі жұқтыру) – адам вирусты сау жерге зақымданған жерден жұқтыру. Вирус жыныс ағзалары арқылы беріледі, инфекция көзі науқас адам немесе тасымалдаушы бола алады.
Инфекцияның жұғу жолы: 1. Анасының қаны (вирусемия) 2. Босану жолдары арқылы
Жүкті әйелдің қаны арқылы инфекция ұрыққа плацента арқылы (трансплацентарлы жол) еніп, плацентада инфекциялық ошақ дамиды, ары қарай хорион залалданып, плацентаның фетальді бөлігінде қабыну процессі дамып, амнион сұйықтығы инфицирленеді. Екіншісі нәресте босану кезінде босану жолдары арқылы инфицирленеді. Инфекцияның ауырлығы инфицирлену кезінде жүктілік мерзіміне байланысты. Жүктіліктің бірінші триместрінде вирус гематогенді жолмен еніп, спонтанды түсікке немесе даму ақауларына әкеледі. Фетальді кезеңде қанайналым бұзылыстары, дистрофиялық өзгерістер гидронефроз, гидроцефалия, микроцефалия, хорионретинит, торлы қабаттың дисплазиясы, қарашықтың күңгірттенуі, жүрек ақаулары, гепатоспленомегалия, вирусты пневмония және т.б. процестер дамиды. ....
Саят құстары және олардың жаратылыстағы ерекшеліктері
Академик Әлкей Марғұлан… Дала данышпанының таяуда табылған "Саят құстары” атты зерттеу мақаласы өз өмірінің қысылтаяң тұстарында жазылған. 1934-1939 және 1947-1953 жылдары академиялық іргелі ғылыммен айналысудан шеттетіліп, қазақ эпосы мен тарихы туралы зерттеулері саяси қағажуға ұшыраған кезде Әлекең елден бойын аулақ салып, "тасада жүріп” деректер жинап, ұлтының ұмыт қалған өнерін зерделеп, қағазға түсірген екен. 1954 жылдан кейін тарих, этнография, археология, шоқантану ісіне бүтіндей бет бұрған кезінде бұл еңбек тартпаның түбінде қалыпты. Жарты ғасыр бойы жарық көрмесе де мақала саятшылар мен орнитологтар үшін ғылыми мәнін әлі жойған жоқ. Ал "Саят құстарындағы” атаулар мен сирек сөздер тіліміздің мәйегін ұйытатыны сөзсіз. Сондықтан да біз бұл еңбекті "Егемен Қазақстанның” қалың оқырмандарына ұсынып отырмыз.
Тұрсын ЖҰРТБАЙ, "Отырар кітапханасы” ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор. .....
Эндемия (грек. endon – ішкі және demos – аумақ, ел) – тиісті әлеуметтік және табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір аумақтағы адамдар арасында жұқпалы аурудың қалыптасқан тұрақты түрі. Э-лық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғыш (микроб) пен ие (адамдар мен жануарлар) арасындағы әрекеттестік көптеген сыртқы көріністермен сипатталады; процестің саны мен сапасының өзгеруіне ішкі реттелу механизмінің тікелей ықпалымен қатар, әлеум.-табиғи факторлар әсер етеді. Олар осы процестің білінуін, сандық тұрғыдан таралу ерекшеліктерін (аумақтық, маусымдық, жылдық, т.б.) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен Э. – аумағы шектелген жердегі тұрғындар арасында ұзақ уақыт бойы тіркеліп отыратын, бірден бұрқ етіп көбеймейтін жұқпалы аурулардың таралуы болып табылады. Мұндай жағдай табиғи-ошақтық зооноздық (малдардан жұғатын) инфекцияларға тән. Дегенмен кейбір антропоноздардың (адамдардан жұғатын) таралуы белгілі бір аумақпен шектеледі (мыс., тырысқақ). Ал безгек індеті көбінесе осы аурудың .....
Истерия (грек. hystera – жатыр), ұстамалы сырқат – адам мінез-құлқының, қозғалысының, сезімталдығының, ішкі органдар қызметінің бұзылуынан болатын психикалық ауру. Ежелден гректер истерияны жатыр ауруларының салдарынан болатын тек әйел дерті деп санаған ("истерия” аталуы содан). Бұл аурудың негізгі себептері, көбінесе, жүйке жүйесінің бұзылуы, психикалық қайғы, аурудан жүдеу, ми жарақаттары, дұрыс тәлім-тәрбие болмауы, т.б. И.Павловтың айтуынша, жоғары жүйке жүйесінде тежелуден гөрі қозу басым болғанда ғана истерия пайда болады. истерияның белгісі әр адамда әр түрлі, көп жағдайда ұстамалы дерттің белгілері байқалады; истериялық талма кезінде адам кенеттен құламайды, құласа да еш жерін жарақаттамайды, тілін тістемейді, аузынан көбік ақпайды, тек көз қарашығының көлемі өзгереді. Мұндай көріністі эпилепсиялық ұстамамен шатастырмаған жөн (қ. Қояншық). Негізінен, истерия кезінде адам денесінің жартысына жуығы өзгеріске ұшыраса, кейде мұндай құбылыс аяқ-қол немесе бетте ғана байқалады. Кейде истерия кезінде жылау мен күлкі бір мезгілде келеді, тынысы тарылып, бір нәрседен қорқып шошиды, киімін жыртып, шашын жұлады. Беті қызарып, көруі нашарлап, құлағы естімей, қол-аяғы жансызданып, дауысы қарлығады, құсады, кекіріп, есінеп жөтеледі. Ал егер бір нәрсе қатты ұнаса, көңілі көтеріліп, ақтарыла жарылып, көңіліне жаққан адамды, дүниеде одан артық жан жоқтай көреді. истерияның ауыр жағдайында адамның көз алды қарауытып, галлюцинация басталып, бұл – науқастың сандырақтауына ауысады. истериядан алдын-ала сақтанудың бірден-бір жолы – отбасында, мектепте, қоғамдық ұйымдарда дұрыс тәрбие беру; адам мінез-құлқына әсер ететін жағдайларды болдырмау. истерияны психотерапия (адамның өзіне және өзін қоршаған ортаға саналы да сын көзбен қарап, әділ баға беруі); еңбек терапиясы (қара жұмыс жасау); жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрілер ішу; физиотерапиялық шара қолдану арқылы емдейді.
Күріштің бастапқы тұқым шаруашылығын оригинаторлар және аттесатталған тұқым шаруашылықтары жүргізеді. Олар жоғары репродукциялы және элита тұқымдарын өсіріп белгілі бір аймаққа сатады және күріш өндіретін шаруашылықтарға консалтингтік көмек көрсетеді. Масақты дақылдардың бастапқы тұқым шаруашылығы жүйесі толығымен қайталанады. Қазақстанда аудандастырылған күріш сорттары: Авангард, Алтынай, Арал 202, Златый, Қарақалпақстан, Кубань-3, Краснодарский 424, Лазурный, Лиман, Мадина, Маржан, Опытное, Пак-Ли, Солнечный, Уз Рос 7-13, Уз РОС 59, Уш-Тобинский.
Өндірістік тұқым шаруашылығы аттестатталған тұқым шаруашылықтарында жүргізіледі. Олардың міндеттері: күріштің жоспарлы егістік көлеміне жеткілікті, сорттық және егістік көрсеткіштері жоғары тұқым өндіру. Жоғары сапалы тұқым өндіру жүйесі: - сұрыптау питомниктері; - тұқымдық питомниктер; - алдын ала көбейту питомниктері; - суперэлита, элита питомниктері; - бірінші, екінші және үшінші репродукция егістіктері.
Бірнеше қайтара сепкеннен кейін күріш тұқымының сапасы күрт төмендеп кетеді, сондықтан 3 жылда бір рет сорт жаңарту жұмыстары жүргізіліп отырады. Жаңа, элита немесе бірінші репродукциялық тұқымдар, көбею коэффициентін ескере отырып, барлық егілетін егістік аумағының 10%-на егіледі
Тұқымдық егістіктер агротехникасы. - алғы дақылдар: көп жылдық шөптер, екпелі сүрі жер, күріш егістігіне енгізілген жаңа жерлер. Тұқымдық егістіктер үшін тұзды жерлер мүлдем жарамсыз; - жоғары сапалы тұқым: 1-ші классқа (өнгіштігі 95%-дан жоғары) сорттық тазалығы 1-ші категорияға жататын; - себу мезгілі: жердің 3-5 см тереңдігі 14-160С қызған кезде - тұқымды себуге даярлау: себуге 3-5 күн қалғанда ауамен қыздырып өңдеу, себуге 2-3 апта қалғанда ауруларға қарсы химиялық өңдеу - себу мөлшері: сортқа байланысты 4,5-6,0 млн/га өнгіш дән. Элита көбейтілетін егістіктерге 4-5 млн/га өнгіш дән себіеді. Жақсы толысқан тұқымдар гектарына 3,0 млн мөлшерінде 30,0 см қатараралықпен себіледі. Күріштің тұқымдық егістіктері минералды қоректік заттармен толығынан қамтамасыз етілуі керек Өсіріп баптау технологиясы. А л ғ ы д а қ ы л. Күрішті бір орынға екі, әрі кетсе үш жылдан артық егуге болмайды, өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Сондықтан күрішті суда өспейтін жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырудың үлкен маңызы бар. Сонымен қатар, топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп, күріштің өсуіне зиян келтіріледі. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі күріштің ең жақсы алғы дақылы жоңышқа екенін дәлелдеді. Одан кейінгі алғы дақыл жоңышқа қыртысының аударылған алқабы. Күріш ауыспалы егісіне екпе немесе таза сүрі жер енгізген дұрыс, одан кейін күрішті бір-екі жыл егуге болады. Сүрі жерлерге екпе ретінде ас бұршақ, үрме бұршақ немесе беде егіледі. Қазақстанда негізінен күріштің 7 танапты ауыспалы егісі игерілген. Ондағы дақылдар келесі тізбекте орналасады: 1, 2-ші танаптар жоңышқа 3, 4-ші танаптар-күріш, 5-ші танап екпе немесе таза сүрі жер кейде сүрлемдік жүгері, 6-7-ші танап-күріш. ....
Балықтан және балық емес тағамдық өнімдердің сапалы, эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болып шығарылуын нұсқау бойынша бақылап отыру керек. Дайын өнімнің сапалылығын микробиологиялық жағынан қарағанда белгілі дәрежеде өндірістің санитарлық деңгейіне байланысты болып келеді. Нұсқауда кулинарлық, тұзды өнімнің, белоктық өнімдердің және балдырлардың қайта өндірілу өнімінің санитарлықмикробиологиялық бақылауы көрсетілген болуы қажет. Өндірістің санитарлық жағдайының деңгейінің технологиялық процестің дұрыстығын, өнімді өндіру кезіндегі бұзылуларды анық көрсетуге көмегін тигізеді. Санитарлық-микробиологиялық бақылаулар негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді. Негізгі санитарлық-микробиологиялық бақылау өнімді бақылау және өнімнің санитарлық жағдайын қамтамасыз етеді.Ол систематикалық, өндірістік лабораториялардың бактериологтарымен санитарлық эпидемиологиялық қызмет жүргізеді. Ал өнімнің қосымша микробиологиялық бақылауы дайын өнімнің жоғары обсементтік жағдайда болғанда лаборатория меңгерушісінің шешімімен, санитарлық микробиологиялық көрсеткіштер бойынша аға бактериологтың шешімі бойынша жүргізіледі. Жоғары дайын өнімді алу үшін өндірістік орындар Мемлекеттік санитарлы органдар шартарына сүйенеді. Микробиологиялық бақылауда оның қандай өнім алуына байланысты мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер (МАФАнМ), ішек таяқшасының бактериалық топтары (ІТБГ) коли формалы сары түсті стафилакокктар сульфидтейтін клостридиялар, ашытқы саңырауқұлақтары мен ашытқылар, протей туысының бактериялары, патогенді микроорганизмдер, сонымен қатар сальмонеллалар мен вибриондар. Микробиологиялық бақылаудан басқа күнделікті шикізат пен қосымша материалдарды бақылап отырады, және нағыз құрылымға сай өндірістің санитарлық жағдайын сақтайды. Құралжабдықтардың, инвентарға, цехтағы тазалыққа, дезинфекциялайтын заттармен пайдаланатын шикізат пен қосымша материалдардың сапасына кезекші шебер жауап береді. Санитарлы-микробиологиялық қорытындыларды кезекші мастерге ол лабораторияның басқарушысына және өндірістің қол астындағы жұмысшыларға жеткізіледі, олар өз кезегінде өндірістің санитарлық және технологиялық деңгейін жоғарылатуға ат салысады. Нұсқауда бактериалдық тұқымдануына қор матифтері жүргізіледі: шикізатқа жартылай фабрикаттарға, қосымша материалдар, дайын өнімнің, бақылау периодтылығына микробиолигиялық анализ әдістеріне және кейбір жеткіліксіздікті жояды. Өндірістің санитарлық жағдайын сақтау. Нормалар мен өндірістік санитарлық жағдайдың сақталуы қатерсіз бүтін өнім алудың ең бір және негізгі шарттары болып табылады. Санитарлық режимнің бірқалыпты сақталуы, дезинфекция мен санитарлық талаптарды жүргізу тәсілдері соның ішінде санитарлық-микробиологиялық жұмыс басталар алдында және санитарлы өңдегеннен кейін күнде бактериолог өндірістің санитарлық жағдайлары мен эффективтілігін қадағалап отырады. ....
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу Сабақтың тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин ) 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу Сабақ мақсаты: • көлденең жолақ бұлшықет құрылысын сипаттау; • миофибрилла құрылымы зерттеу ....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері Сабақ тақырыбы: Адам – экожүйенің бір бөлігі. Антропогенді фактор. 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау Сабақ мақсаттары: адам – экожүйенің біртұтас бөлігі екендігін түсіну; адамның экожүйеге жағымды әсерін түсіндіру және сараптау;.......