Сабақ жоспары (ұмж): Ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар: Микробиология және биотехнология
Сабақ тақырыбы: Ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 1. Бактерияларды пайдалану.
2. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы.
3. Зертханалық жұмыс «Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу»
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар үйренеді: «микрағзалар», «штамм» терминінің анықтамасын біледі; адам өміріндегі бактерияларды қолдануды сипаттай алады.
Көптеген оқушылар үйренеді: ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу бойынша экспериментті жүргізе алады. Өткізілген жұмыс бойынша қорытындыны жасай/шығара алады.
Кейбір оқушылар үйренеді: тақырып бойынша қосымша материалдады зерттеп, талдау ажасай алады және эссе жаза алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Кейбір сәндік балықтарды жасанды көбейту ерекшеліктері

Адамзат о заманнан табиғат аясында өмір сүріп, оның мол байлығын мейлінше қажетіне жаратумен келді. Адамның жатса – төсегі, жантайса – жастығы, тоңып-жаураса – баспанасы, үстіне киер киімі, қарны ашса – тамағы, басқа да толып жатқан мұқтаждығы табиғаттан табылды.
Табиғат перзенті – адам, өз анасы – табиғатқа жақсылығымен қоса қиянат жасағанында кешірек сезінді. Адамзат өз ағаттығын кешірек болса да енді аңғарды. Қазір айналадағы ортаны аялап қана қоймай, оны қорғау – бүкіл халықтық мүддеге айналды.
Табиғаттағы ғажайып байлықтың бірі – суасты әлемі. Бірақ ондағы тіршілікті кез-келген адам тікелей көзбен көріп, қолмен ұстай алмайды. Алайда, адам құдіретінде шек бар ма?! Оның да жолы табылды. Мінез-құлығы өте күрделі, пішіні әртүрлі тірі организмдер тіршілік еттетін суасты әлеміндегі құбылыстарды адам өзі басқарып, қажетіне қарай реттей алатын кішкене көшірме – суасты әлемінің терезесі, бейнелеп айтсақ, айнасы, яғни моделі ретінде аквариум дүниеге келді. Аквариумнан бөлмеде отырып-ақ табиғи тоғандар мен көлдер де өтетін биологиялық процестердің барлығын дерлік бақылауға болады. Аквариум – экологиялық жүйе моделі, ол – адамзаттың табиғатпен қашан да етене жақын екендігінің дәлелі. Адам балық және өсімдіктер тіршілігін бақылаумен бірге аквариуммен айналыса жүріп....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Апокринді секреция

Апокринді секреция (көне грекше: арех — төбе, krinos — болемін) — апикальды (төбе) ұштарына жиналған без сөлінің безді жасушалардан (гландулоциттерден) бөлінуі — гландулоциттердің төбе ұштары жағынан жартылай бүзылуы арқылы жүретін процесс. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | БАЛДЫРЛАР ОРТАСЫНЫҢ ӨСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

К I Р I С П Е
Балдырлар - жер жүзіне кең тараған төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы.
Балдырлардың түрлері тұнган су қоймасымен, су ағындарымда кездеседі. Судың, мөлдірлігінің артуынан, олардың саны және су қоймаларын биологиялық жолмен өзін-өзі тазарту қызметін арттыра түседі.
Қазіргі кезде алдыңғы қатардағы әртүрлі әдістердің көмегімен балдырлардың жаңа түрлері айқындала бастаған.
Қоршаған ортаның өзгерісіне шыдамдылығы сонша, кейбір түрлері 65-85 градусқа дейінгі тіршілікке бейімділігін сақтайды. Төменгі температурада, яғни қарлы тау жартастарында кездесетін балдырлар әлемі бар. Балдырлар жылдар бойы әртүрлі климаттық жағдайларға ұшырап, оларға төтеп береді.
Көк-жасыл балдырлар гетеротрофты органдармен бірге ластанған су мен ағын суларды тазалауда белсенді қызмет атқарады. Осыған байланысты су қоймаларында балдырлардың көптеген түрлерін кездестіруге болады.
Көк-жасыл балдырлардың ортаға бөлген сұйықтық құрамының қасиеті, яғни оның өсуді жеделдету белсенділігінің болуы өте маңызды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Андрогенетикалық ұрық

Андрогенетикалық ұрық (көне грекше: ἀνήρ — еркек; көне грекше: ἀνδρός — шығу, шығу тегі; көне грекше: zygotos — ұрық) — жұмыртқа жасушасы ядросын өлтіріп, оның орнына салынған сперматозоид ядросының басқа сперматозоид ядросымен қосылуы нәтижесінде ұрықтанған, яғни екі сперматозоид ядроларының қосылуы нәтижесінде пайда болған ұрық. Тәжірибе (Б.А. Астауров, В.П. Острякова-Варшавер, 1957 ж.) жібек көбелегі жыныс жасушаларымен жүргізілген. Тәжірибеде андрогенетикалық ұрық қалыпты дамыған .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары

Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары



Асқазанның бүл әрекетінің бұзылуы перистальтикасының (грек. peristaltikos — қуыс ағзалардың тегіс еттері жиырылуынан болатын тамақтың қойыртпасын жан-жағынан қоршап, қысып қозғалуы) және еттің тонусының өзгерістерімен, қарыннан тамақты ішектерге ығыстыру бұзылуымен, құсумен көрінеді.

Перистальтиканың ұлғайуы гастрит, асқазанның ойық жара ауруы кездерінде байқалады. Бұл кезде ет талшықтарының кейбір топтарының қатты жиырылулары нәтижесінде асқазанда ауыру сезімі пайда болады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Балапанды өсіру

1 Кіріспе
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан – жақта көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты – құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал - жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық сукцессиялар: бастапқы және екіншілік сукцессия. Өзін өзі реттеу. Экожүйелердің ауысуы. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера және экожүйелер
Сабақ тақырыбы: Экологиялық сукцессиялар: бастапқы және екіншілік сукцессия. Өзін өзі реттеу. Экожүйелердің ауысуы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.4 экологиялық сукцессиялардың үрдісін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
1. табиғаттағы тұрақты экожүйелердің құрылу заңдылықтарын біледі; терминнің мағынасын түсінеді
2. «бастапқыэкологиялық сукцессия»;
3. Биогеоценоздың ауысы нәтижесінен табиғатта болып жатқан себеп-салдар байланысы бойынша өз бітінше ақпарат көздеріне талдау жүргізіп,жұмыс жасай алады;
4. Толеранттығын және тез тіл табыса алу қабілетін дамыта отырып, экологиялық мәдениет қалыптастырады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Бауырлық сарғыштану

Бауырлық сарғыштану



Этиологиясы. 1. жұқпалардың (вирустық гепатит А, В, С, Е, В, сепсис, іш сүзегі), уланулардың (саңырауқұлақтармен, химиялық улы заттармен, алкогөлмен, кейбір дәрі-дәрмектермен) әсерлерінен бауыр жасушаларының тікелей бүліністерінде;

2. ұзақ мерзімде өттің бауырда іркіліп қалуында;

3. ферменттердің гекетикалық ақаулары нәтижелерінде бауырлық сарғыштану дамуы мүмкін.

өттің бір бөлшегі өт шығаратын өзектерге, екінші бөлшегі қанға түседі. Қабынудың нәтижесінде ісінген бауыр жасушалары өт өзектерін қысып, оның ішекке қарай өтуін бұзып, қанға кері сорылуын ұлғайтуы мүмкін.

Бауырлық сарғыштану үш сатыда өтеді:

1. Сарғыштану алды сатысы. Бауыр жасушалары бөліністерінің ең бірінші көрінісі болып қанда және зәрде уробилиногеннің пайда болуы есептеледі.

2. Сарғыштану сатысы. сау жасушаларда өндірілген өт қан тамырларына түсіп, қанда өт қышқылдарының, тура билирубиннің деңгейін көтереді. Тура билирубин бүйрек арқылы зәрге шығады, содан зәрдің түсі қою қоңыр болады.

3. Кома алды сатысы. Бауыр жасушалары тура емес билирубинді тура билирубинге айналдыру қабілетін мүлде жоғалтады. Осыдан қанда тура емес билирубиннің деңгейі көтеріледі, тура билирубин азайады, уробилиноген толық жоғалады. Артынан бауырлық кома дамиды (жоғары қараңыз). .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Азот тотығының бидай алейрон клеткаларының программаланған өліміне әсері

Бидай дәнінің өнуі барысында оның алейрон қабаты бірқатар гидролитикалық ферменттерді (соның ішінде α-амилазаны ) синтездеп, оларды секрециялайды. Бұл гидролазалардың синтезінің индукциясы ұлпада гиббереллин қышқылының (ГҚ) болуына тәуелді. Гиббереллинге – тәуелді гидролазалардың синтезі осы фитогормонның табиғи антагонисті болып табылатын – абсциз қышқылымен (АБҚ) тежеледі [1].
Дәннің алейрон қабатындағы клеткалар онтогенездің келесі кезеңдерінде элиминацияға ұшырайды. Алейрон қабатындағы клеткаларының осы өлімі программаланған сипатта жүреді, яғни генетикалық жағынан детерминацияланған деген болжам бар (апоптоз) [2;3].
Алғашқы жұмыстарымызда біздер бидай дәнінің алейрон қабатындағы және эндосперіміндегі клеткалардың программаланған өлімінің (КПӨ) морфо – биохимиялық белгілері анықтап, сипаттаған болатынбыз [4;5]. Бидай дәнінің алейрон қабатындағы КПӨ-ң орындалуы барысында супероксид (О*), сутектің асқын тотығы (Н2О2) сияқты оттегінің белсенді түрлерінің (ОБТ) және антиоксидантты ферменттік жүйелердің (супероксиддисмутаза, аскорбатпероксидаза, каталаза және т.б. ) маңызды рөл атқаратындығы анықталған [6].
КПӨ-ң реттелуінде азот тотығының (NO) маңызды рөл атқаратындығы белгілі [6]. NO- газтәрізді бос радикал, клеткааралшық зат пен плазматикалық мембранадан оңай диффузияланады. Ол клеткаішілік мессенджерлік жүйенің бір бөлігі бола тұра, NO- ң жануарлар жүйесіндегі физиологиялық үрдістеріне кең көлемді әсер ету қасиетімен ерекшеленеді [7].
Қазіргі кезде әдебиеттерде жинақталған мәліметтерге қарағанда, NО сонымен қатар өсімдіктерде жүретін көптеген физиологиялық үрдістерге қатысатындығын көрсетеді: патогенге жауап реакциясы, өніп-өсу, фитогормондардың мөлшері, сонымен қатар КПӨ (апоптоз). [8]. Соя клеткаларының культурасында NO мен ОБТ арасындағы әрекеттесу нәтижесінде КПӨ-нің орындалатыны белгілі болды. NO жеке өзі клеткалардың өлімін индукциялай алмайды, сонда КПӨ-нің жүзеге асуы NO: супероксид қатынасы арқылы детерминацияланатыны көрсетілген.
Осы мәліметтердің барлығы өсімдіктер клеткасында программаланған өлімнің жүзеге асуы барысында NO ОБТ-ң клеткадағы мөлшерін реттеуде маңызды рөл атқаратындығын дәлелдейді.
Осыған орай бұл жұмыста біздер клеткаішілік оттегі радикалдарының мөлшерін реттеудегі NO рөлін зерттедік. Бидай дәнінің алейрон қабатындағы клеткалардың функционалдық белсенділігінің реттелу механизмдері қарқынды зерттеліп жатқанымен [1-3], әлі секреторлық белсенділікті бақылауда және клеткалардың өліміндегі азот тотығының рөлі толық анықталмаған, тіпті зерттелмеген деуге болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0