Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Эволюциялық даму және селекция негіздері Сабақтың тақырыбы: Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдері Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу Сабақтың мақсаты: Жердегі тіршіліктің негізгі кезеңдерін сипаттау .....
Республикадағы қант өндірісі қант қызылшасын өсіру мен қант-шикізатының оптималды көлемін әкелуді ұтымды үйлестіру негізінде кешенді дамуы қажеттігін атап өту қажет. Бұл келесі себептермен қамтылған, біріншіден «Қазақстан өз мүмкіндіктерін толығымен пайдаланғанда ішкі рыноктың қажетін өз шикізаты есебінен кем дегенде 25-30%- дейін қамтамасыз етеді...»; екіншіден, қызылшадан қантты қайнату процесінің маусымдылығы қант зауытының өндірістік қуатын 6,3 %-дан 36,4%-дейін пайдалануды жорамалдайды, үшіншіден, қант-шикізатын өңдеу халықтың қантқа қажетін, қант зауыты өндірістік қуаты мен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді . Қызылша қант кешені қызметіндегі қолайсыз құбылыстарды жою үшін белгілі уақыт аралығына оның даму концепциясын дайындау қажет. Біздің жағдайда 2015 жылға дейінгі уақыт аралығы ұсынылады. Осы құжаттың негізгі шарттарын анықтар алдында халықтың жан басына келетін қантты тұтыну мөлшерін анықтау қажет. Республикада қантты тұтынудың әртүрлі мөлшері келтіріледі. Сонымен 2002 жылы ҚР ҒҰА тамақтану институтымен қантты тұтынудың мөлшері 35-37 кг көлемінде анықталды, «Тамақтану Қазақстан академиясы» ЖАҚ-мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын дайындауда пайдаланылған, бір адаммен қантты тұтынудың 15,26 кг, ең төменгі стандарты ұсынылды; Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесі (ДДМ) тұтынудың ұтымды мөлшері -20 кг болатындығын анықтады. Халықтың жан басының қантты тұтыну динамикасы орташа статистикалық қазақстандықпен қантты тұтыну ешқашан минималды стандарт-15,26 кг-нан төмен болған емес, қантты максималды тұтыну 1990 жылы-38 кг, 2004 ж-33,6 кг болды. Біздің ойымызша қызылша-қант өндірісінің даму концепциясын дайындауда қантты тұтынудың 35 кг/адам мөлшерін пайдалану жеткілікті негізделген көрінеді, оған қоса бұл мөлшерді авторлар өз зерттеулерінде қолданған болатын . Алдын-ала анықтап алуға қажетті келесі жағдай-бұл қант қызылшасы мен қант-шикізатынан қантты алу мерзімі. Елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қант зауыттары өндірістік қуаттарының ұтымды пайдаланылуын, сондайақ олардың жұмыстарының маусымдылығын бір қалыпты ету үшін, қант қызылшасын өңдеуді күзгі-қысқы уақытта, қыркүйектің екінші жартысынан бастап желтоқсанның аяғына дейін 100-110 күн аралығында, ал құрақ шикізатын өңдеуді қысқы-жазғы мезгілде 160-180 күн ішінде іске асыру қажет. Онымен қоса уақыт бойынша қант қызылшасынан қантты өндіру үлесі ұлғайуы тиіс. Ұсынылған тұтыну мөлшері, халық санының өсуі, қантты алу мезгілі және қант зауыттарының жобалық қуаттары арқылы 2015 жылға дейінгі мерзімге, республикада қант қызылшасы мен қант шикізатынан қантты өндіру мен тұтынуды жоғарлатудың келешегін есептейміз. ....
Әлтерация (лат. alterare — бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық немесе некроздық бүлінулерімен сипатталады. Бірінші әлтерация зақымдаушы қоздырғыштың тікелей әсерінен дамиды. Бұл кезде жасушаның сыртқы қабығы бүлінуімен қатар митохондрийлардың мембраналары зақымданады. Мембраналардың иондық насостарының қызметтері нашарлайды; жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарлайды.
Осылармен қабынудың негізгі белгілері қызару, ісіну мен ауыру сезімін түсіндіруге болады.
Алғашқы әлтерацияның нәтижесінде қан жасушалары (тромбоциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер, моноциттер, лимфоциттер) және тін базофилдері (мес жасушалары) іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін сыртқа шығарады. Осыдан жасуша аралық кеңістіктерде биологиялық белсенді заттар көбейеді. Бұл заттарды қабынудың дәнекерлері (медиаторлары) деп атайды. Олар айналасындағы сау жасушалардың бүлінуіне әкеледі. Сонымен, бірінші әлтерация қабыну шақыратын қоздырғыштың тікелей әсерінен пайда болады. Ал, екінші әлтерация тіндерге лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың (қабыну медиаторларының немесе дәнекерлерінің) әсерлерінен дамиды. .....
Қатты бидай Қазақстанның маңызды дәнді дақылдарының бірі болып табылады. Қатты бидай T.durum L генефондтық сорттарының идентификациялануы мен тіркеуі негізінен морфологиялық белгілері және қорлық белоктар бойынша жүргізілген. Өсімдіктердің сорттары, биотиптері және популяцияларын идентификациялауда молекулалық маркерлер эффективті (белоктық және ДНҚ-маркерлер). Қазіргі кезде генетика және селекцияның әртүрлі мәселелерін шешуге ондаған полиморфты жүйелер пайдалануда. Изоферменттер ферменттердің генетикалық детерминацияланған көптік формасы ретінде белгілі болғаннан бергі уақытта селекция үшін өздерінің ақпараттығы, хромосомалық маркер ретінде тұрақтылығы және анықтау әдісі бойынша басқа да биохимиялық маркерлерген қарағанда қарапайым әрі олармен салыстырғанда анағүрлым нақтылығымен және тұқым қуалауы бойынша кодаминантылығымен т.б артықшылықтарымен көзге түсті. Молеклалық маркерлердің бұл класы қазіргі кезде туыстарды, түрлерді, сорттарды және линияларды идентификациялауда морфологиялық және басқа да генетикалық маркерлермен бірге кеңінен қолданысқа ие болды. Жұмыс Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі, «Ұлттық биотехнология орталығы», Өсімдіктер Биологиясы және Биотехнологиясы Институтының «Өсімдіктер молекулалық генетикасы» зертханасында жүргізілді.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсу және даму Сабақ тақырыбы: Өсімдіктің ұзарып және жуандап өсуі (зертханалық жұмыс) Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерістерін зерттеу Сабақ мақсаттары: • Бұршақ өскіндерінің биіктігін өлшеу арқылы өскіндердің өсу графигін құру; • Бастапқы және екінші реттік өсу арасындағы айырмашылықты көрсету; • Жылдық шеңбердің сызбасын салу......
Жиі гүлдері жалғыз, бірақ көбіые бір сабақта 10-ға дейін болады. Бұл түрдің тамыры өте ерекше — жуан, ақ, цилиндр тәрізді, ұзындығы 60 см, шеңбері 8-10 см; көптеген жіңішке тамыршалары бар. Қазақстан жерінен тыс Еуразияның орманды аймақтарында (Сахалинге дейін), Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда кең таралған, Ылғалды мүк басқан шатқалдарда, шөгінді тастар арасында, биік таулы тасты тундраларда, сирек орманды белдеудің жоғарғы бөлігінде өседі. Көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік, споралар арқылы және жоғарғы жапырақ қындарында орналасқан өскін бүршіктер арқылы көбейеді. Негізінде мұның ашылмаған гүл себетінде сантонин болады. Ол медицина мен мал дәрігерлік ісінде іштегі құртты айдап шығаратын дәрі ретінде кең қолданған. ХП ғасырда Италия көпестері Орта Азия мен Каспий маңы даласынан жиналған бұл шикізатты сатқан болатын. Елдің бәрі біле бермейді, біздін Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сорт дипломын алды. Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақгың 300-ге жуық мәдени сорты алынды. Аллохрузаны Орта Азияда 1927 жылдан бері даярлайды. "Түркістан сабынды тамыры" деген атпен көп мөлшерде шетелге жіберідді. 1960 жылдардың басында Қазақстанда жылына 700-800 тамыр дайындалатын. Ерте гүлдейтін сәндік түр, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде жазықтықтан субальпі белдеуіне дейін өседі. Екі ұршық тәрізді қосалқы түйнекшелері бар жұмыртқа пішінді түйнегімен ерекшеленеді. Алматы қаласы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда кең таралған. Тұқымы арқылы көбейеді, өздігінен тұқым шашып та өседі. Кирсанов ботаника қорықшасында қорғалады.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу Сабақ тақырыбы: Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі. Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Оқушылар орындай алады: 1. Холинергиялық синапстың құрылысын түсінеді. 2. Холинергиялық синапстың қызметінің бірізділігін сипаттай алады. 3. Кальций каналадырының, натрий каналдарының қызметттерін және олрадың жұмыс жасау принциаптерін талдай алады. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: Холинергиялық синапстың құрылысын біледі және қызметін түсінеді. Оқушылардың көбі орындай алады: Холинергиялық синапстың жұмыс жасау принципін және бірізділігін дұрыс сипаттайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Логикалық тапсырмаларды немесе күрделілігі жоғары болатын тапсырмаларды /олимпиадалық деңгейде/ орындай алады және оларды басқа оқушыларға түсіндірі бере алады.....
Аран немесе ауызжұтқыншақ — ас (азық) қорыту жүйесінің дененің бас аумағында орналасқан бөлімі. Ауызжұтқыншақ екі бөлімнен: ауыз қуысынан және жүтқыншақтан тұрады. Ауыз қуысын (көне грекше: cavum oris, көне грекше: cavum — қуыс, көне грекше: оr — ауыз) — жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты және жұмсақ тандай, тіл, сілекей бездері құрайды. Ауыз қуысында ас механикалық өндеуден (шайнау, сілекеймен жібіту, араластыру) өтеді және сілекей .....
Аборальдық (лат. ab -дан, -ден, -нан, -нен; лат. or — ауыз) — адам мен жануарлардың бас аумағында қолданылатын халықаралық морфологиялық термин. Термин "ауыздан артқа немесе кері қарай" деген магына береді.
Тамырлар тонусының бұзылыстары 2 типте өтеді. Вегетативті тамырлар тонусы бұзылыстарының гипертоникалық және гипотоникалық формалары.
Вегетативті тамырлар дистониясының гипертоникалық типі жалпы мектеп жасындағы балалардың 5-10 %-де кездеседі. Аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар: тұқым қуалаушылық (ата-анасында немесе жақын туысқандарында гипертоникалық аурулардың болуы., стресстік ситуациялар, үйдегі кері психикалық жағдайлар, мектептегі оқу программасының ауырлығы, қосымша сабақтарға көп қатынасу, күн тәртібіндегі бұзылыстар-гиподинамия, тамақ режимінің бұзылыстары-артық салмақтың болуы, инфекциялық-аллергиялық факторлар, созылмалы инфекция ошақтарының болуы т.б. Артериялды гипертензиялар көбінесе жасөспірім балаларда жиі кездеседі. Көп жағдайда қан қысымының көтерілуі алғаш рет мектептегі профилактикалық тексерулерде анықталады. Науқастардың шағымдары өте сирек, кей кездерде ашуланшақтық, басының ауыруы, жүрек тұсында жағымсыз сезімдердің пайда болуы, тахикардия, тыңдағанда-систоликалық шу, кейіннен жүрек шекарасының кеңеюі байқалады. Қан қысымы нормалық көрсеткіштерден артық. Үлкендермен салыстырғанда балаларда гипертоникалық криздер болмайды.
Гипертензияның алдын алуы мына бағыттарда жүргізіледі: