Бадамша бездердің қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауру. 1 жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, өйткені олардың бадамша бездері әлі дамып жетілмеген.
Этиологиясы- әр түрлі микробтар.
Клиникалық айқындалуы: Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дене қызуы 38-390 С-қа көтеріледі, басы ауырады, буындары қақсайды, жұтынғанда тамағы ауырады, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, денесі тітіркенеді, жақасты бездері ісініп, ауырады.
Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білімберудің ғылыми негіздері талқыланды. Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам -табиғат" жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады. Осы теориялық ілім қоршаған ортаның проблемаларын кешенді қарастыруды үйретеді. Арнайы экологиялық білім мөн тәрбие беру ғаламдағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға шақырады. Ол экологиялық білімді жүйелеп меңгеруге кешенді пәнаралық байланыс тәсілін қалыптастырып, қоршаған орта жағдайлары мен олармен өзара тығыз мәселерді біріктіре қарастырудың әдістемесін жасайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды бұлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады. ....
Иммунология – медициналық-биологиялық ғылымдарының ең маңыздыларының бірі және осы ғылым қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен үлес қосты. Көптеген инфекция түрлерін алдын алу үшін вакцина қолдану емі адамдарда АВО-антигендер жүйесін ескере отырып қан қуюды қолдану инфекциялық емес иммунология жетістіктері ғана жер шарының миллиондаған адамның өмірін .....
иікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді. Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады. Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады. Ұрғашы киіктер текелерге қарағанда майды көп жинай алмайды. Күйек кезінде орташа ғана семіреді де, төлдер алдында 4,5 келідей іш май жинайды. Бірақ лақтарын емізген кезде тез арықтайды. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз. ....
Далалы аймақ 110 га-дан көбірек жерді алып жатыр, яғни Қазақ- стан территориясының 30 %-ға жуығы. Бұл зонаның ерекшелігі рельефінің жазықтығы болып табылады. Мұнда онша биік емес Мұғалжар таулары және Қазақстан аласа тауларының солтүстік бөлігі оқпіауланады. Орманды далалармен салыстырғанда кли-мат континенталдық өсуімен — жылудың көбеюімен, жауын-шашынның азаюымен ерекшеленеді. Далалы аймақтағы жауын-шашынның жыл- дық орташа мөлшері 200-ден 300 мм-ге дейін. Олардың максималдық мөлшері (60-80%) жылдың жылы мезгілінде жауады. Қаңтар айындағы орташа температура —16°-19° С-дің айналасында (абсолюттік минимум 50° С-ге жетеді), орманды далаға қарағанда жазы барынша ыстық және ұзақ, құрғақшылық жиі болып түрады. Шілде айындағы орташа температура + 18-ден +22° С-ге дейін, кейде күндіз + 35-40° С-ге дейін жетеді. Вегетациялық ксзеңінің (өсіп-өну) ұзақтығы 170-180 күнді құрайды. Қазіргі кездегі (классификация) жіктеу бойынша далалы аймақты үш аймақ астына бөліседі. Топырақтарынын түріне қарай, климатының құрғақтығына және өсімдіктерінің түріне қарай. Кәдімгі топырақты және оңтүстік қара топырақты бірінші аймақ — әр түрлі шөпті-ақселеу, бетегелі далалар; қызғылт-қоңыр және сарғыш топырақты екінші аймақ — бетегелі-ақселеу, қүрғақшылық жерде өсетін әр түрлі шөпті далалар; ақшыл- сары топырақты үшінші аймақ — жусандықау далаларға басым. Мамандар мұндағы өсімдіктерді жиырма негізгі кезеңге (формация) бөледі. Шөптесін өсімдіктер арасында одеттегі топ, оның ішіндегі басымдары ақлеу, бетеге, сүлыбас бірлестігі. Ал бүталы топқа, шайқурайжапырақты тобылғы, аласа бадам, қарақан бірлестігі. Ормандар дала аймағының азғана бөлігін алады. Мұнда кәдімгі қарағай, қайың, орманның жекелеген бөлімдеріыде қара қандыағаш. Қазіргі кезде едәуір өсімдікке бай деген қаулы даланың жағдайы жан ашырлық. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында көп жерлер жыртылған (тың жерлерді игеру кезеңінде). Соңғы онжылдықта игерілген жердің жартысы пайдаланылмаған, арамшөп басып кеткен. Сақталып қалған бөлігінің түрі дамылсыз мал жайылуының өсерінен өзгерген. Дала айма-ғында Наурызым жопе Қорғалжың қорықтары бар, олар Қазақстанның биологиялық алуап түрлілігін сақтауда үлкен рөл атқарады. Төиенде осы аймақта кездесетін едөуір танымал есімдіктердің суреттемесі беріледі....
Ішкі мүшелер (висцеральные органы); (organa viscerales; лат. organ мүше, орган, ағза; visceralis — ішкі) — дене қуыстарында (көкірек, құрсақ, жамбас қуыстары) орналасқан түтік тәрізді және қомақты паренхималы мүшелер. Ішкі мүшелерге организмдегі зат алмасу және көбею процестерін іс жүзіне асыратын мүшелер жүйелері (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелері) жатады.Ішкі мүшелер (висцеральные органы); (organa viscerales; лат. organ мүше, орган, ағза; visceralis — ішкі) — дене қуыстарында (көкірек, құрсақ, жамбас қуыстары) орналасқан түтік тәрізді және қомақты паренхималы мүшелер. Ішкі мүшелерге организмдегі зат алмасу және көбею .....
152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.
153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады. .....
Кіріспе Мәдени және жабайы өсімдіктерден жыл сайын шаруашылыққа пайдаланылатын өнімнің құрамында біраз мөлшерде макро- және микроэлементтер де болады. Сондықтан өнімдерді минералдық элеметтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлығын қалпында сақтау мақсатында жасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен қолданылады. Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін,соның ішінде қоректік элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден өсімдіктен алынатын өнім мөлшерін, оның ішіндегі элементтердің мөлшерін алдын-ала болжау қажет. Осыған байланысты әртүрлі топырақ құрамындағы элементтер мөлшері олардың қосындылар құрамындағы күйлерін, яғни сіңгіштік деңгейін анықтау керек. Тыңайтқыштарды қолданбайынша тұрақты әрі мол өнім алу мүмкін емес. Әсіресе, өсімдіктердің өсе,өркендей бастаған кезінде фосфор өте қажет. Сондай-ақ вегетацияның екінші жартысында да топырақта фосфордың жетерліктей болуы өсімдіктің ауруларға қарсы төзімділігін арттырады. Генеративтік (жатын,гүл, жеміс) мүшелердің шынығуына және өсуіне әсер етеді, жемістердің пісуін тездетеді және қыста сақталған кезде олардың сақталғыштығын күшейтеді. Өсімдіктердің элементтік құрамын анықтау минералдық қоректену теориясының негізін неміс химигі Ю. Либих 1840 жылы «Егіншілік пен физиологияда химияның қолданылуы» деген кітабында жариялады. Фотосинтез процесі ашылған соң өсімдіктердің негізгі органогендерді ауа мен судан сіңіретіні белгілі болса, минералдық қоректену теориясы өсімдіктердің құрамына енетін барлық басқа элементтер топырақтан қабылданатынын көрсетті.....
Акробласт (akroblastus; грек, akros — төбесі, ұшы; blastos — өскін, ұрық) — аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар басындағы сопақша ядронын алдыңғы жағында орналасқан, тығыз дәншелер (гранулалар) жиынтығынан құралған Гольджи кешенінің туынды құрылымы. Акробласт — еннің ирек тұқымдык өзекшелерінде жүретін сперматозоидтардың даму процесі — сперматогенездің қалыптасу кезеңіндегі сперматидаларда түзіледі. Сперматозоид басының қалыптасу кезеңі барысында акробласт мөлшері жағынан ұлғайып, сперматида ядросының алдыңғы жағын оймақ тәрізді қаптайды. Акробласттың орталық аймағында еріту ферменттеріне (гиалуронидаза, протеаза) бай тығыз денешік — акросома орналасады