Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология Сабақ тақырыбы: Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымдарын түсіндіру Сабақ мақсатары: «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» ұғымдарын түсіндіру. Құрылымдық деңгейлердің қызметтерін анықтау.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалар патшалықтары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар патшалықтарына сипаттама беру Сабақ мақсаттары: Патшалықтарға бөліну себебін түсіну Патшалықтарға тән ерекшеліктерді анықтау Патшалықтар арасындағы ерекшеліктерді сипаттау.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жүйесі. Ферменттер әсері. Оқыту мақсаттары: адамның асқорыту процесін сипаттау. 9.1.2.2 асқорыту процесіндегі органикалық заттар мен тиісті ферменттердің арасында байланысты орнату. Сабақтың мақсаты: Адамның асқорыту процесіндегі органикалық заттар мен тиісті ферменттердің арасында байланысты орнатуды қалыптастыру. .....
ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ТӘН ОРТАҚ БЕЛГІ Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар: Жануарлар дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни олар өз ағзасына қажетті қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май тәрізді заттарды өсімдіктен алады. Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын ауыстырады (отырықшылары да бар). .....
Автофлуоресценция (грек, autos — өзім, өздігінен; fluoris — жарық; лат. escent — әлсіз эсер) — гистологиялық жонындыларды флуоресцентті микроскоппен ультракүлгін, күлгін немесе көкшіл сәулелермен зерттеу кезінде, жануарлар организмі үлпаларының құрамындағы заттардың сөулелі қуат әсерінен қозуы нәтижесінде зерттеу нысанының өздігінен қысқамерзімдік жарықтану қабілеті. Нысанның жарықтануы жарық спектрінің көрінетін көгілдір түсті аймағында байқалады .....
Аппозициондық өсу (көне грекше: appositio — қабаттану) — адам мен жануарлар организмдері ұлпалары мен дене мүшелерінің сыртқы жағынан жаңа қабаттар түзу арқылы қабаттана жуандап өсуі. .....
Аусыл (лат. Арhtae epizooricae, ящур, ағыл. Ғоot аnd тоuth disease-FMD) аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы. Тарихи деректер. Жануарлардың аусылмен ауыруы туралы бірінші жазба деректі 1546 ж. Италияда Д. Фракастро берді. Бұл аурудың қоздырушысы вирус екенін неміс ғалымдары Деффлер мен Фрош (1898), ал вирустың бірнеше түрге бөлінетіндігін француз ғалымдары Валле мен Карре (1922) анықтады. Аусыл Австралиядан басқа барлық құрлықтарда кеңінен тараған. Бұл аурудан ұзақ уақыт бойы тұрақты АҚШ, Жапония, Канада сау болып есептелінеді. Европа мен Азия құрлықтарында аусыл жиі байқалып тұрады. Осы екі құрлықты толықтай дерлік қамтыған соңғы лаң 1966 ж. болды. Қазір ТМД мемлекеттерінде шектеулі ғана территорияларда оқтын-оқтын байқалып қалады. Қоздырушысы - Aphtovirus- РНҚ-лы, Aphtovirus туыстығына, Pikor-naviridae тұқымдастығына жатады. Вирионның мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Антигендік қасиеті бойынша серологиялық типке: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, А - 32, С - 5, САТ-1 - жеті, САТ-2 - үш, САТ-3 - төрт, Азия-1 - екі. Бұл тармақтары мен варианттарының бір-бірінен иммунологиялық айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады. Аусылдың вирусы бейім жануарлардың эпителий ұлпаларының торшаларының өсінінде белсенді көбейеді және оның нәтижесінде ЦПӘ байқалады. Вирустың уыттылығы жаңа туған тышқан үшін өте жоғары. Оны лабораториялық жануарлардың (теңіз тышқаны, бала тышқан мен қоян көжегі) денесі арқылы өте оңай пассаж жасауға болады. Жануарлар денесінде вирус бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, преципитациялаушы антиденелер түзілуіне түрткі болады. Бүл антиденелер қоздырушының әрбір серологиялық типіне тән болады. Сондықтан ҚГАР, БР, КБР, сарысумен қорғау реакциясы мен айқыш иммунитет аусыл вирусының серотиптері мен варианттарын ажырату үшін қолданылады.....
Ұзақ уақыт бойы медициналық генетика адамдағы тұқым қуалайтын аурулардың генетикалық негізін анықтаумен айналысты. Жаңа туған нәрестелердің және ұрықтың мұндай ауруларын анықтау үшін диагностикалық тесттер құрастырылды және осы тесттердің нәтижесі бойынша мұндай ауруларға шалдығу мүмкіндігі көп отбасыларда генетикалық сұхбаттар жүргізілді. Бұл сұхбат бойынша отбасыларға кейін олардың ұрпақтарында осы аурулар көрініс беруі мүмкін екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар бұл адамдарға кей жағдайда медициналық терапия, қан ауыстыру, диета ұстау сияқты алдын алу шаралары арқылы ауруды жеңілдету мүмкіндіктері болды. Организімнің қалыпты жұмысын өзара байланысқан көтеген гендер қамтамасыз етеді, және олардың біреуінің өзіндегі мутацияның соңы әртүрлі болады. Сонымен, бірге ферменттің активтілігінің өзгеруі нәтижесінде клетканың қалыпты дамуы үшін қажетті таксинді субстраттың мөлшерден артық болып кетуі, қосылыс тапшылығы-мутация д.а. Сонымен қатар бір ұлпадағы геннің мутациясы басқа бір ұлпа үшін қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы: фенилаланнің түсінуге айналуын тоқтататын бауыр ферменті фенилаланиндегидроксиларның гендік мутациясы нерв жүйесіне кері әсер етеді (ақыл-ес жетілмей қалады). Бұл туа пайда болатын ауру-фенилкетанурия еврейлерде 10000-ның бірінде кездеседі. Сонымен қатар бүкіл организмді қамтып алатын мутация да болады: бұлшықет, көз, бауыр, сүйек, бүйрек, жүрек, нерв жүйесі, тері, ми, асқазан, қан айналу жүйесі. Нәрестелерде қанның биохимиялық спецификалық анализін жасау арқылы анықталатын фенилкетонурия ауруына қарсы аланинсіз диетаны қолданады. Белгілі бір белоктың ауытқуы нәтижесінде пайда болған ауруларды жеңілдету үшін осы белоктың функциональды түрін (иммундық жауап туғызбайтын) тамыр арқылы енгізеді. Мұндай «орынбасу» терапиясын немунотапшылық туғызған гемофилия (SCID – ағыми. server combined inmunodeficiency) және Гош ауруларын емдеуде қолданады. Ал кейде сүйек кенігінің және басқа мүшелердің трансылантациясы қолданылады.Өкінішке орай мұндай күрделі емдеулер адамның тек басқа шығар жолы жоқ жағдайында ғана жүргізіледі және адамның өмірі тек біраз уақытқа ғана созылады. Және мұндай адамдардың азы ғана қартайып өледі және балалы бола алады. Көп жағдайда емдеуді бірталай рет қайталауға тура келеді, ол қымбатқа түседі әрі ұзақ, сондықтан да терапияның жаңа түрлерін ойлап табу қажет.....
Жарғақ (мембрана) — жасушаларды, олардың ядролары мен цитоплазмасындағы жарғақты органеллаларды шектеп түратын жұқа қабықша. Жасушадағы зат алмасу процестері жарғақтың қатысуымен жүреді. Сондықтан, оны биологиялық жарғақ деп те атайды. Жарғақ жасушадағы протеиндер мен липидтердің молекулаларынан құралған. Оның қалыңдығы 6-10 нм-дей. Биологиялық жарғақ жасуша плазмолеммасы мен ядро кариолеммасын, Гольджи кешенінің, митохондриялардың, лизосомалар мен пероксисомалардың, .....