Реферат: Биология | Алкмеон Кротондық

Алкмеон Кротондық (б. д. д. VI ғасырдың сонында, V ғасырдың басында өмір сүрген) — морфологияның, оның ішінде анатомияның ғылым ретінде қалыптасып дамуына және оның грек терминологиясының (атауларының) қалыпгасуына үлкен үлес қосқан көне Грекия ғүламасы. Алкмеон адамзат тарихында бірінші болып ғылыми анатомиянын негізін қалаған ғалым, дәрігер, философ, Кротондық медицина мектебінің өкілі. Ол жануарларды ғылыми мақсатта алғаш рет сойып зерттеп, дене мүшелерінің жануарлар организміндегі маңызы туралы сол заманға сай терең мағыналы ғылыми тұжырымдар жасаған. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.3 айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Гүлдің құрылысы және тозаңдану түрлерін анықтайтын болады
Қатысушылардың көпшілігі:
Айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың арасындағы айырмашылықты түсінетін болады
Кейбір оқушылар:
айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттайтын болады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы

Азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе
жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік
молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді.
Ғылым мен техника дамуымен таң қаларлық әр түрлі жобалар
пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнер
тапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді
мақсат етіп қойды.
Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығын, сонымен қоса
олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы
жалпы ғылыми техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға,
жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік
проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.
Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы
көлемінің 55 проценттен астамын, оның ішінде АҚШ 20,5
процентін, Еуропа экономикалық қауымдастығы елдері 18,5
процентке жуығын және Жапония 4 процетке жуығын өндіреді.
Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндіріледі.
Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорынан бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай.
Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер
аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне
жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа жуық
гектарды құрайды. Өз кезінде К. А. Тимирязев айтып кеткендей,
егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш
салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның
барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді.
Бұл үшін тиісті әлеуметтік-эканомикалық және саяси жағдай
керек. Жаппай қарулануды тоқтату, көптеген елдердің
экономикалық және техникалық артта қалуын жою, аграрлық
экономиканы реформалау және басқа жаңғыруларды жүргізу
мәселені шешуде ерекше рөл атқарады.
Азық-түлік жағдайын түпкілікті жақсартпай, нарықтық
тегерішті игеру жөніндегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті
мүмкін емес. Егер өмір барған сайын қиындай берсе, ал халық
қарны тойып тамақ ішпей, қайыршылығын қоймаса, ең тартымды
және көңілге қуаныш ұялатады деген бағдарламаның өзі қолдау
таппай құрдымға кетеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жүректің өткізгіш жүйесі (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биомедицина және биоинформатика
Сабақ тақырыбы: Жүректің өткізгіш жүйесі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жүректің өткізгіш жүйесі туралы түсінік қалыптастыру;
Жүрек автоматиясы механизмі туралы түсінік қалыптастыру;
Бір жүрек циклінің электрокардиограммасының PQRST тісшелерін сипаттау.
Сабақ мақсаттары: Жүректің өткізгіш жүйесін сипаттайды;
Жүрек автоматиясы мезанизмін сипаттайды;
Электрокардиограмма тісшелерін белгілей отырып жүрек жұмысының жүрек жұмысының сызбасын құрастырады;
Сау адамның және денсаулығында ақаулығы бар адамның жүрек электрокардиограммасын ажырата алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Антидиурездік гормон

Антидиурездік гормон (көне грекше: anti — қарсы; көне грекше: diuresis — зәр бөлу) — гипоталамустың алдыңғы бөлімі көруүсті ядросының (супраоптикалық ядроның) ірі мультиполярлы холинергиялық нейроциттері бөлетін нонапептидгік нейрогормоны. Антидиурездік гормонының қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни ол организмдегі тамырлардың бірыңғай салалы ет ұлпасы қабық тарының жиырылуына, сөйтіп, олардың арнала- рының тарылуына әсер етеді. Сондыктан, антидиурездік гормонды .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Тейлериоз індетімен күресу

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның ең бір бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай Қазақстан өз даму жолында жаңа нарыкқа ену босағасында тұр. Онда ол отандық өнімдердің бәсекелестікке қабілетті болуын басымдылықтың бірі ретінде көрсеткен. Олардың сапасы халықаралық талаптарға сай болуға тиіс. Дүниежүзілік ашық саудада саланың тиімділігін қамтамасыз етуді атап көрсетті.Соның ішінде мал шаруашылығына айтарлықтай атап кеткен. Мал шаруашылығы саласында малдардың аурулары және оларды емдеу бізге жүктелген.
Бұл жерде қарастырылып отырған ауру түрі тейлериоз.Тейлериоз ірі қарада жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына жататын қарапайымдылар қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса кауіпті ауру. Мүйізді ірі қара тейлериозы еліміздің оңтүстік өңірінде мал ауруларының арасындағы кең таралған инвазиялық аурулардың бірі. Бұл ауру тек қана кең таралғанымен ғана белгілі болмай, ауырған малдардың өлім-жетімге ұшырауының көптігімен, буаз сиырлардың түсік тастауымен, қысыр қалуымен, сауын сиырлардың сүтінің азаюымен, малдың азып тозуымен, емдеуге және бағып күтуге кететін шығындардың көптігімен, малдардың аурудан жазылғанының өзінде оңалуының қиындылығымен, яғни жалпы мал шаруашылығына өте үлкен зияндылығымен сипатталады. Тейлериоз ауруын емдеуде біршама басылымдарда арнайы химиопрепараттар жоқ деп жазылған. Алайда, көптеген ғалымдар 1927 ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы және жиырылуы (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс
Сабақ тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы және жиырылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу
10.1.6.2 бұлшықеттің жиырылу механизмі
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы мен қасиеттерін біледі.
Көптеген оқушылар: бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар: көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмі арасындағы байланысты талдай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ботулизм

Ботулизм - (лат. botulus— колбаса) — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Аурудың қоздырғышын 1896 ж. голландия ғалымы Э. ван Эрменгем ашқан. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Б-нің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Актомиозин

Актомиозин (aktinomyosin; гр. aktis — сәуле, гр. mys — бұлшықет) — ет жасушасы немесе бұлшықет талшығы (симпласт) цитоплазмасындағы актин және миозин миофиламенттерінен құралған жиырылғыш миожіпшелердің (миофибриллалардың) протеинді кешені. Бұлшықет талшығының (ет жасушасының) жиырылу процесі актомиозиннің аденозинтрифосфатпен (АТФ) әрекеттесуі нәтижесінде іс жүзіне асады .....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауабы (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттеу
Сабақ тақырыбы: Механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауабы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.7.3 механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау
Сабақ мақсаттары: Механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруі (Пачини денешігі) сипаттау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0