Микоплазмалардың морфологиялық сипаттамасы. Микоплазмалар- жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты липопротеидті цитоплазматикалық мембранадан тұрады. Микоплазмалар пішіні бойынша шар, сопақша, жіпшелі, жұлдыз тәрізді болуы мүмкін. .....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс Сабақ тақырыбы: Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Бұлшықет талшықтарының жиырылыу механизмін түсіндіру Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: Бұлшықет ұлпаларының құрылымдық және қызметтің ерекшеліктерін сипаттай алады; Оқушылардың көпшілігі: Бұлшықет ұлпаларының қасиеттерін түсіндіре алады; Кейбір оқушылар: Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмін түсіндіре алады.....
Саңырауқұлақтардың морфологиялық сипаттамасы. Саңырауқұлақтар және қарапайымдылар эукариоттарға жатады. Саңырауқұлақтар ірі бактериялар, эволюциялық жағынан өсімдіктерге ұқсас ( жасуша қабырғасында, хитин немесе целлюлоза , вакуолі жасушалық шырынмен, ауысуға қабілетсіз). Саңырауқұлақтардың ядролық материалы цитоплазманың ядролық мембранасынан бөлек. Ащытқы саңырауқұлақтар жеке сопақшалы торшалар түзеді. .....
Секіртпе (Bradsot) — қойда болатын өте жұқпалы ауру. Ауру малдың аяқ асты өліміне соқтырады. Қоздырғышы — спора түзетін анаэробты микроб (Clostrіdіum septіcum). Секіртпе кенет пайда болады. Аурудың аса жедел түрінде мал қалтырайды, іші кебеді, аузынан көбік ағады, мұндай жағдайда 10 — 15 минуттың ішінде қой өліп кетеді. Секіртпенің аса жедел түріне ем қонбайды. Ал жіті түрінде — малдың мойын тұсында және тамағының астында ісік пайда болады, кейде тістерін қайрап, бір орнында айналшықтайды, қалтырайды. Ауру қозған кезде қойлар аяқтарын алға созып, бастарын шалқайтып құлайды, 2 — 12 сағаттан соң өледі. Секірпемен көбіне 2 жасқа дейінгі жас төлдер ауырады. Ауруды негізінен ауру және қайта ауырған қойлар қоздырады. Секіртпемен ауырған малдың 90%-ы өледі, өлген малдың өлімтігін өртейді. Емі: ауру созылмалы болса, көпәсерлі антибиотиктер, иммунді қан сарысуы қолданылады. Секіртпе шыққан отардың қонысын өзгертеді.
Аксоплазма (axoplasma; гр. axon — білік, ось; гр. plasma — қалыптасқан) — нейроцит аксонының цитоплазмасы. Аксоплазмада эндоплазмалық тордан туындайтын базофилді (хроматофилді) заттың кесекшелері болмайды, митохондриялар және жүйкелік медиаторларға толған мөлшері әртүрлі көпіршіктер болады. Ал гранулалалы эндоплазмалық тордың, яғни олардын қабырғаларындағы рибосомалардың болмауына байланысты нейроцитгін арнайы протеинінің синтезі жүрмейді. Аксоплазмаға керекті протеиндік масса нейроцит денесінен (перикарионынан) тәулігіне 1 мм жылдамдықпен ағып келіп отырады. Ацетилхолин көпіршіктері мөлдір болып келеді. Олардың мөлшері 30-50 нм. Норадреналин көпіршіктерінде тығыз келген түйіршіктер болады. Олардың мөлшері ірілеу — 50-90 нм-ге тең.....
Авторадиография (autoradiographies грек, autos — езім, өздігінен; лат. radio — сәуле; грек, grapho — жазамын) — зерттеу нысанындағы (жануарлар немесе өсімдік жасушалары, үлпалары, ағзалары) белгіленген радиоактивті изотоптардың жинақталу мөлшерін талдауға арналған цитологиялық әдіс. Зерттеу нысандарына енгізілген радиоактивті изотоптар жасушалардың, ұлпалардың немесе түрлі ағзалардың жұқа жонындылары бетіне қойылған радиоактивті сәулеленуге сезімтал фотоүлбір эмульциясы қүрамындағы бромды күмістің күмістенуіне, яғни таза күмістің түзілуіне эсер етеді. .....
Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы
Жердің затымен төмендегі негізгі үш түрлі ішкі процестер үнемі жүрген және қазір де орын алып отыр:
1. Біз атқылаған вулкандардан лава түрінде бақылайтын, балқыған тау жыныстарының (магмалардың), ыстық заттардың қозғалысы.
2. Біз жыныстардың жоғары, төмен немесе жан-жаққа қозғалыстары арқылы ой - қорытынды жасай алатын қатты жынытардың қозғалысы.
3. Жердің терең қабатында орналасқан жыныстардың аса жоғары қысым және температура әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырауы (бір түрден екінші түрге айналуы).
Сыртқы үрдістер Жердің қозғалмалы екі қабаты - гидросфера мен атмосфераның әсерлерінен жүреді. .....
Жемісті культураларды генетикалық жақсартудың негізгі шарттарының бірі – шаруашылыққа құнды белгілерге ие өсімдіктердің жабайы формалары мен мәдени түрлерінің генофондын сақтау болып табылады. Қазіргі кезде өсімдіктердің генетикалық материалын сақтаудың бірнеше тәсілі бар. Бәрінен бұрын, бұл далалық гендер банкі мен помологиялық коллекциялар. Әлемдік практикада генетикалық материалды сақтаудың дәстүрлі формаларын толықтыру ретінде баяу жүретін метаболизмді қамтамасыз ететін, гермоплазма үлгілерін in vitro криоконсервациялаудың биоинженерлі әдістері кең қолданылады. Криоконсервацияның артықшылықтары: егу аудандарын үнемдеу, вирустар мен патогенді микроорганизмдерден таза өсімдік алу, көбею коэффициентін мың есе арттыру, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктердің сорттары мен формаларының генофондын ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігі [1]. Криосақтау – бұл өсімдік ұлпаларын, мүшелерін және клеткаларын терең мұздату және өте төмен температурада сақтау әдісі (-1960C). Бұл обьектілердің генетикалық сипаттамаларын кез келген мерзімде сақталуына мүмкіндік береді. Бұл әдіс арқылы әр түрлі материалдарды, бөліп алынған протопласттардан бастап ұрық пен тұқымдарға дейін сақтауға болады [2]. Жұмыстың мақсаты алманың селекциялық құнды сорттары мен формаларының криогенді коллекциясын жасау және алма гермоплазмасын сұйық азотта сақтау ұзақтығының әсерін анықтау болып табылады. Міндеттері: - пробиркалық өсімдіктердің апикальды меристемаларын бөліп алу және культивирлеудің әдістемелерін жетілдіру; - алма меристемаларын криосақтау әдісінің оптимизациясы; - алма гермоплазмасының коллекциясын жасау. ....
Бұлшық еттердің қызметі мен физиологиялық қаситтеріне қарай оларды екі топқа бөледі: көлденен жолақты бұлшықеттер, бірыцғай салалы бұлшық еттер. Барлық бұлшық еттерге тән қасиет - олардың тітіркендіргіштер әсерінен жиырылу қасиеті. Көлденең жолақты бұлшық еттер.Олар адамның барлық қозғалыстарын қамтамасыз етеді. Көлденең жолақты ашық еттердің жиырылуынан барлық қозғалыстар,қимылдар жүзеге асады. Көлденең бұлшық еттер саны 400-дей. Қаңқа бұлшық еттерінің жолақтары қосылып 1, 2,3-ші реттік шақтарды құрайды.Әрбір шақ дәнекер ұлпа деп аталатын қабат арқылы бір- бірінен бөлініп тұрады,ал барлық бұлшық еттің сырты қапталған. Бұлшық еттер сіңірлер арқылы сүйектерге бекиді.Сіңірлер мен дәнекер ұлпалардың жиырылғыштық қасиеттері болмайды. Орналасқан орнына және атқаратын қызметіне қарай бұлшық еттер төмендегідей болып бөледі: • Шеңберлі бұлшық еттер (қоз, ауыздың айналасындағы бұлшық еттер); • Жалпақ бұлшық еттер(құрсақ, арқа, кеу бұлшық еттері); • Ұзын бұлшық еттер (қол мен аяқ бұлшық еттері); • Қысқа бұлшық еттер (омыртқа, қабырға аралық бұлшық еттеріне бөлінеді). Бұлшық еттер атқаратын қызметіне байланысты бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттерге бөлінеді. Олар бір-біріне антогонистік немесе синергестік сипатты болады. Қол қарының екі басты және үш басты бұлшық еттері бір-біріне антогонистік, ал белгілі бір әрекетті орындайтын шынтақ буынның бүгілдіретін бұлшық еттері синергистік болады.....
Ерте кездегі зерттеу жұмыстарының қорытындысына қарағанда дүние жүзіне көп тараған дақылдардың бірі күріш деп есептелінеді. Күріш аса бағалы дәнді дақыл ретінде 110-ға жуық елінде 150 млн.га жерге егіліп оның 90% -ы Азияда, 4%-ы Америкада, 2% Африкада, 4%-ы басқа құрлықтарда өсіріледі. Азия континентіндегі ең көне әрі өте маңызды азық-түлік дақылдарының бірі күріш. Бұл дақыл әлемнің 112 елінде 145 млн. гектардан астам жерде өсіріледі. Күріш дәннің жалпы өнімі 1990 жылы 426,6 млн. тоннаға, 1995 жылы 433,0 млн. тоннаға жетті, ал кейінгі 10 жыл ішінде күріш өндірісінің жылдық орташа көрсеткіші 560 млн. тоннаға жеткен. Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвистикалық мәліметтер қарағанда, күріш өте ерте , көне заманнан бері егіліп, екпе дақыл түріне айналған. Күріштің жабайы түрлерін мәдени (екпе) түрге айналдыру 20 мың жыл және оданда бұрын Солтүстік Үнді Қытайда жүзеге асқан. Бұл аймаққа Бирма, Лаос, Тайланд, Солтүстік Вьетнам және Юньнанидың оңтүстік бөлігі жатады. Үнді Қытайдан күріш Қытайға жеткен, одан Маньчжурия, Корея, Жапония елдерінде тарап, егіле бастаған. Индияның оңтүстік-батысында да жабайы түрлерін екпе дақыл ретінде егіп өсіру аталған аймақтармен қатар жүзеге асқан. Вьетнамда және онымен көрші елдерде жүргізілген археологиялық қазбаларда табылған күріш үлгілеріне қарап, Вьетнам ғалымдары бұл дақыл Азия елдерінде бұдан 50 ғасыр бұрын егілген деген тұжырымға келіп отыр. Өйткені халық селекциясы шығарған күріштің көптеген көне сорттары және жабайы түрлері Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бар. Де-Кандольдың (1883,1885) пікірінше, күріштің шыққан жері Индия және Қытай. ....