БАДЫРАҚКӨЗ, экзофтальм (грек. ex — сыртқы және ophtһalmos — көз) — көздің ұясынан сыртқа ығысуы түрінде байқалатын сырқат. Бадырақкөз шын және жалған болып ажыратылады. Шын Бадырақкөзге көз бен көз ұясының аурулары, ал жалған Бадырақкөзге көздің нашар көруінен болатын аурулар жатады. Шын Бадырақкөз тұрақты, ауыспалы, солқылдақ болып үшке бөлінеді. Тұрақты Б-дің басты себептері: жалпы организм аурулары (лейкемия, тиреотоксикоз, т.б.), бас аурулары (ми ісігі, қан тамырларының кеңеюі), мұрын қуысы ісігінің немесе қабынуының көзге шабуы. Ауыспалы Бадырақкөз тамырдың варикозды кеңеюінің салдарынан пайда болады. Венадағы қан қысымы көбейгенде көз ұясынан алға қарай ығысып, қайтқанда — ішіне түсіп, шүңірейіп тұрады. Солқылдақ Бадырақкөз кезінде ішкі ұйқы артериясы мен көз қуысының арасында қосымша қан тамыры (жалғама) пайда болады. Мұндай жалғама іштен немесе қан тасу аурулары, бастың жарақаттануы салдарынан пайда болады. Бадырақкөзді негізінен операция жасау арқылы емдейді.[1]
Дене шынықтыру жұмысы бала туысымен басталып бала өмірінің барлық кезеңдерінде өткізілуі керек. 1 жасқа дейінгі балаларға дене шынықтыру жұмыстары үйде учаскелік дәрігер мен медсестраның қадағалауымен өткізіледі.
Дене шынықтыру жүрек пен тамырларының жұмысын жақсартады, тканьдерге оттегі мен қоректік заттарды толық жеткізуге, зат алмасуын жақсартуға, организмнің төменділігін күшейтуге себепкер болады. Денелері жақсы шыныққан балалар аз аурады, психикалық дамуы алғыр болады.
Дене шынықтыру әрекеттерін өткізу үшін келесі арнайы шарттар болуы керек:
1. Дене шынықтыру әрекеттері жақсы желдетілген бөлмеде, таза ауада ыңғайлы жеңіл киім кигізіп өткізіледі.
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Эволюциялық даму Сабақ тақырыбы: Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.5.1 К. Линней, Ж.Б. Ламарк еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу; 9.2.5.2 эволюциялық ілімінің қалыптасуындағы Ч. Дарвин еңбектерінің рөлін түсіндіру. Сабақ мақсаттары: • К. Линней, Ж.Б. Ламарк, Ч. Дарвин еңбектерімен танысу; • Олардың негізгі қағидаларын оқып зерттеу.....
Грекше антропос адам логос ғылым деген сөзден құралған антропалогия адам жөніндегі ғылым деген ұғымды білдіреді. Антропалогияның әсіресе адамның пайда болуы туралы мәселені нақтылай түсудегі орны ерекше.Бұл ғылым арқылы ежелгі адамдар-дың бас сүйектеріне қарай отырып олардың сөйлеу ойлай дәрежесі туралы пайымдаулар жасалынады. Сүйектін қалдықтары бойынша адамның ауру әки сау болғандығы, тіршілік ортасы туралы да мәліметтер алуға болады. Сонау ежелгі замандарданақ озық ойлы, білімді адамдар адамдар-дың маймылдарға ұқсас екендігін байқаған. Мысалы, ұлы ойшыл Аристотель маймылдардың дене құрлысын зерттеп, олардың адам-дарға ұқсас екендігін айтты.Ал келесі бір табиғат тарихы туралы көлемді еңбек жазған Үлкен Плиний атты ғұлама:”Маймылдардың барлық түрі басқа жануарларға қарағанда адамға жақын”деп жазған екен. XVIII-XIX ғасырларда өсімдіктер мен жануарлар туралы еңбектер жарық көрді. Маймылдардың бірнеше түрі анықталды.Олардың дене құрлысы, қабілет-қасиеті зерттелді.Бұл зерттеулердің көбі маймылдар-дың адамға ұқсас екенің көрсетті. Тіпті, Жан Ламарк атты қылмысты маймылдардың бірте-бірте дамудың барысында адамға айналуы мүл-кін деген пікір айтты. Бұл кезеңде адамдардың дене құрлысы, денсаулығы туралы да ғылыми түсініктер дами түскен еді. Ол түсініктер де адамның май-мылға ұқсастығын дәлелей түсті. Атақты қылмысты Чарлз Дарвин маймылдардың ең жетілген, дамыған түрі бірте-бірте адамға айнал-ды деген тұжырым жасаған. Осылайша адамдардың дене бітімін басқа жан-жануарлармен салыстыра зерттеу басталды. Соның нәтижесінде адамдардың басқа жан-жануарларға қарағанда маймыл-дарға өте ұқсас екендігі туралы пікір кең таралды. Алғашқы адамдар-дың қалыптасуы, тұрмыс-тіршілігі туралы болжаулар мен көзқарастар жүйесі пайда болды. Ол бойынша адамдардың қалыптуы төменде-гінше сипатталды. Ең алғашқы адамдар маймылдар сиақты болғанымен, олардан ерекше еді. Маймылдар тәрізді үсті-басын жүн басқан олар тобыр-тобыр болып тіршілік етті. Бірақ маймылдар сияқты ағашта емес, негізінен, жерде мекендеді. Тік жүре алатынды. Бұл алғашқы адамдар-дың басқа жануарлардан, маймылдардан да артықшылығы еді. Қолы-мен жеміс жеріп жеді. Тастан, ағаштан, сүйектен еңбек құралдарын, қарулар жасады. Сөйтіп еңбек ете бастады. Бұл олардың басқа жануарлардан үлкен ерекшелігі болатын. Соның арқасында ойлау қабілеті артты. Тобыр болып жүргендіктен бір-біріне бір нәрсені айту, түсіндіру қажеттігі пайда болды.Одан сөз бен сөйлеу келіп шықты. Ойлауы мен сөйлеуінің арқасында алғашқы адамдардың миы жетіле түсті. Ал мидың дамуы олардың дене құылысын, әсіресе, сезу, есту, көру мүшелерін дамытты. Сөйтіп, замандар өте келе саналы адамдар қа-лыптасты. Адамдардың пайда болуы туралы ғылыми түсініктер жүйесі осын-дай еді. Әр түрлі ғылым саласының мамандары бұл жүйені дұрыс деп есептеді. Бірақ ол кезде әлі де нақты, дәлелді деректер болма-ды. Кешікпей ондай деректер табылды да.....
Патологиялық физиология-гректің pathos (ауру, дерт, кесел), physis-(фуекция, қызмет), logos-(uiiM, үғым) деген сөздерінен қүралған. Дерттану физиологиясы деген ұғымды білдіреді. Сонда патологиялық физиология ауру организмнің физиологиясы деген үғым. Қалыпты физиология cay организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін болса, патологиялық физиология ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің жэне түтас организмнің қалыптан тыс өзгерулерінің ең жалпы заңдылықтарын анықтайды. Сонымен патологиялық физиологиялық дегеніміз дерттік үрдістердің пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім.
Жасанды қоректендіру (Искусственное питание) — адам организміне (жұта алмаған кезде, асқазан ауруларында, ессіз жатқан науқасқа және т.б. жағдайларда) қоректік заттарды енгізу. Асқазанға зонд арқылы сұйық тамақты, бұлшық етке немесе тері астына тамыр арқылы белогы заттарды, қанды, плазманы, витаминдерді, глюкоза ерітінділерін, кейбір минералдық заттарды және т.б. енгізеді.[1]
Генетикалық карталар Генетикалық карталар деп — хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе, генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілердің, атап айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан өсімдіктерінің, тышқанның, пішен таяқшасының, т.б. генетикалық карталары жасалған. Болашақта басқа да өсімдіктер мен жануарлардың және адамның генетикалық картасын жасау міндеті тұр. Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Олардың саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болатындығы бұрын айтылған болатын. Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты, жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды. Тіркестік топтар рим цифрларымен І, ІІ, ІІІ, ІV және т.б. болып белгіленеді......
Аксонема (axonema; гр. axon — білік; гр. nema — жіп) - плазмалық жарғақпен қапталған жасуша кірпікшесінің өзегі. Аксонема сақина тәрізді шеңбер бойымен орналасқан тоғыз жұп микротүтікшелерден (дублеттер) және сақина ортасындағы екі жеке микротүтікшелерден (сингалеттер) құралған .....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология Сабақтың тақырыбы: Өсімдік және жануар ұлпалары 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.1 өсімдік пен жануар ұлпаларын жіктеу Сабақтың мақсаты: Өсімдік , жануар ұлпаларының түрлерін білу; Ұлпаларға тән ерекшеліктерді ажырату; Ұлпалардың құрылысындағы айырмашылықтардың себебін түсіндіру;......
Абдуктор (лат. abductor; ab — сыртқа қарай; duko — серпу, яғни денеден алыстатқыш) - адамда қол мен аяқ, ал жануарларда алдыңғы және артқы аяқтар буындарына әсер ету арқылы аталған мүшелерді денеден алыстататын бұлшық ет. Абдукторларға иық буынын денеден алыстататын "қырарты бұлшық еті" және жамбас-ортан жілік буынын сыртқа қарай тартып қозғалтатын "бөксенің терендегі бұлшық еті" жатады .....