Теміреткі - (грекше lіchen – жұқпалы) – этиологиясы әр түрлі көптеген тері ауруларының жалпы атауы. Теміреткінің негізгі белгісі – денеде ұсақ түйіндер пайда болып, адам қатты қышынады. Теміреткімен барлық жастағы адамдар ауырады, әсіресе 40 – 60 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Дерттің дамуына әр түрлі инфекцияның түсуі, организмде жүйке және иммунды жүйелердің бұзылуы, улану және аллергия жағдайлар әсер етеді. Теміреткі алғашқыда дененің кез келген жеріне қызарып, бөртпе болып шығады. .....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспарлар бөлімі: Тұқымқуалаушылқ пен өзгергіштік заңдылықтары Сабақ тақырыбы: «Түр түзілу» ұғымы. Түр түзілудің тәсілдері мен механизмдері. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.5.6 түр түзілу үдерісін түсіндіру Сабақ түрі Өткен материялды жалғастыру Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: - түрдің пайда болуының екі тәсілін атау және олардың ерекшеліктерімен танысу; - себептерін түсіндіру; Көпшілік оқушылар: - сурет арқылы түрдің пайда болуының тәсілдерін көрсету; - жаңа түрді қалыптастыру барысында жағдайлардың дұрыс реттілігін анықтау; Кейбір оқушылар: - көшбасшылық қабілеттерін дамыту......
Оба — ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру. Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді. Тарихы. Оба адамзатқа ерте заманнан қаһарлығымен белгілі, көп көлемді жерлерді ойрандатушылығымен танымал. Көп жерлерге таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы (көп құрлықтарға тараған ауруды осылай атайды) болып өтті. Бірінші тарихқа "юстинианов обасы" (531-580 ж.ж.) деп аталды. Ол Египетте басталып Жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Европа елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млн.ға жақын адам өлген. Екінші пандемия XIV ғасырда "қара өлім" аталды, 1334 жылы Қытайда басталып, кейіннен Индияны, Африканы және Европа елдерін қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адамдар өлген. Сонда оба ауруы Ресейдің солтүстік - батысына, орталық және оңтүстік - шығыс облыстарына кірген. Обаның үшінші пандемиясының басталуы 1894 жылға жатады. Кантоне және Гонконгте басталып 100 мыңнан астам адамдар өлген Соңғы 10 жылдары оба ауруы 87 порттағы қалаларға негізгі пароходтар жүретін барлық құрлықтарға тараған. Ең адамы көп өлген Индия болыпты, өлген адамдары 12 млн-нан асқан. Оба ауруы Ресейдің Одесса қаласында 1901, 1902 және 1910 жылдары болғаны байқалған. Обаның үшінші пандемиясы зерттеген ғалымдардың өте үлкен жаңалық ашқандарымен танылды: қоздырғылық тапты, егеуқұйрықтың (крыса) жұқпалы ауруды үзбей жалғастырып отыратын маңызы дәлелденген. Орыс ғалымдары Д.С.Самойлович, Г.И.Минх, Н.Ф.Гамалея, Д.К.Заболотный, И.И.Мечников, Н.Н.Клодницкий, В.А.Хавкин и Д.А.Деминский оба ауруын зерттеп мың жылдық адамзаттың жауымен күресіп, батырлық еңбектерін тарихтың бетінде қалдырды.....
Акросомалық реакция — ұрықтану кезеңінде сперматозоид басының жұмыртқа жасушасына жанасуы кезінде акросома қабықшасының еріп, акросомалық жіпшелердің жұмыртқа жасушасы қабықшаларына ену реакциясы. Электронды микроскопиялық зерттеуге дейін, "акросома ұрықтану процесі кезінде жұмыртқа жасушасы кабыкшаларын қандауыр тәрізді тесіп өтеді" деген жаңсақ ұғым болған. Шын мәнінде, жұмыртқа жасушасындағы ұрықтану төмпегінің пайда болуы осы акросомалық реакцияға байланысты .....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақ тақырыбы: Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.1.1 –адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау Сабақ мақсаттары: -адамның жыныс жүйесінің құрылысын біледі; -аталық және аналық жыныс жүйесінің құрылысы ерекшеліктеріне қарай атқаратын қызметін сипаттайды; - аталық және аналық жыныс жүйесінің құрылысына сай қызметінің ерекшеліктеріне талдау жүргізе алады......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс Сабақ тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылысы (саркомерлер, актин, миозин ) Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмінің өзара байланысын түсіндіру Сабақ мақсаттары: Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмінің өзара байланысын сипаттау....
Популяциялық генетика — популяциялардың генетикалық көпүрлілігінің және осы көптүрліліктің ұрпақтар жалғасыңда, ареалдың әртүрлі бөліктерінде өзгерулерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика саласы болып табылады. Популяциялық генетиканың мақсаты - популяциялардың генетикалық құрамын және оның өзгеруіне алып келетін факторлар әрекеттерін сипаттау болып саналады. Популяциялық генетика ғылымының негізін қуалаушылар — орыс ғалымдары С.С.Четверяков және оның шәкірттері: Н.В.Тимофеев-Рёсовский, Б.Л.Астауров, Е.Н.Балкашина, Д.Д.Ромашов, С.М.Гершензон т.б. Олар XX ғ. 20-30 жылдары дрозофила шыбынының табиғи популяцияларының генетикалық құрамын анықтап, онда рецессивті мутациялар концентрациясының өте жоғары деңгейде болатынын анықтады. Сол сияқты, А.С.Серебровский, Н.П.Дубинин, П.Ф.Рокицкий, Н.К.Беляев т.б. - және шетел ғалымдары - Р.Фишер, С.Райт, Дж.Холдейн теориялық популяциялық генетиканың дамуына және табиғи популяциялардың генетикалық құрамын зерттеуге көп үлес қосты. XX ғ. 30 жылдары теориялық және эксперименттік популяциялар генетикасының дамуы нәтижесінде генетика мен дарвинизм идеялары қосылып, заманауи эволюциялық теорияның — эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуына мүмкіндік туды. Адам популяцияларының генетикасы — адам популяциядағы патологиялық гендердің динамикасын зерттейтін генетиканың бір саласы болып табылады.....
Иммунологиялық төзімділік дегеніміз – белгілі бір антигенмен шақырылған және осы антигенге арнайы иммунологиялық жауаптың болмауы (ареактивтілік). Ал басқа антигендерге қалыпты иммундық жауап сақталады. Төзімділік иммундық тапшылық жағдайлардан мүлдем өзгеше, себебі иммундық тапшылық жағдайлар кезінде иммундық жүйенің бұзылыстары салдарынан көпшілік антигендерге иммундық жауап қалыптаспайды немесе төмендейді. .....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология Сабақтын тақырыбы: Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.3.4 гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау Сабақ мақсаттары: • Гмо-ның артықшылығы мен кемшілігін түсіндіру; • Гмо-ны қолданудағы туындайтын этикалық көзқарастарды талқылау......