Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақ тақырыбы: Гүлді өсімдіктердің қос ұрықтануы Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): гүлді өсімдіктердегі қос ұрықтанудың маңызын сипаттау Сабақ мақсаттары: гүлді өсімдіктердегі қос ұрықтанудың маңызын сипаттау.....
БІРЖАСУШАЛЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және балықтар мен шабақтарға, т. б. су жәндіктеріне қорек болады. .....
Жасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тоғымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаған болса жасалады.
Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі табылады, себебі мұнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, «ауа үрлегіш» - арнайы құрылғысы арқылы жүргізуге болады. .....
Қай дәуірді алсақ та адам өмірі бидаймен тығыз байланыста болған. Осы кезге дейін сақталған кейбір қолжазбаларға көз жүгіртсек, дақыл тарихы тіпті де әріден басталатынын байқаймыз. Мәселен біздің дәуірімізге дейінгі 883 – 856 жылдарда жазылған Ассирия патшасы II – ші Ашурнасиралдың шежіресінде оның Наири еліне жорыққа шығу тарихы баяндалумен қатар, осы елдегі бидай өнімін жинап, бастыру туралы да деректер бар. Бидайдың әртүрлі ерекшеліктері біздің дәуірімізге дейінгі екі мыңыншы жылдары – ақ адамға белгілі болғандығы және сол кездің өзінде – ақ бұл дақыл кең көлемде егіліп, пайдаланылғаны мәлім. Бидайдың бізге белгілі алғашқы түрлері бір дәнділер мен қос дәнділер болатын. Қос дәнділер біздің дәуірімізге дейінгі 7000 – шы жылдары Ефрат пен Тигр өзендерінің аралығында, онан кейін шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 4000-шы жылдары Батыс Азияда, Мысырда өсірілген. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша екі жүз миллион гектардан астам жерді бидай алқабы алып жатыр. Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар егіншілікпен өте ерте заманнан – ақ айналысқан. Қазіргі көзқкарас бойынша бидай полифилеттік жолмен шыққан екі туыстасқа жататын үш түрдің немесе Е.Р.Моррис пен Э.Р.Сирстің жаңа классификациясы бойынша бір ғана Triticum туысына жататын әртүрлі плоидты үш түрдің будандасуы арқасында пайда болған. Бидайдың амфидиплоидтарының пайда болу схемасы кестеде көрсетілген. Н.И.Вавиловтың болжамы бойынша бидайдың шыққан, егіншілікке еніп, таралған ортасы мына аймақтар болып саналады: Алдыңғыазиялық (мәдени жалғыз дәнді, тургидум, қатты, жұмсақ, шығыс және персид, тимофеев, мех және тағы басқа бидайлар), жерортатеңіздік (қос дәнді – эммер, поляк, кәдімгі қос дәнділер және қатты бидайлар), абссиндік (қатты, поляк, тургидум және қос дәнді – эммер бидайлары). Орта азия аймағы аласа және домалақ дәнді бидайлардың алғашқы шыққан жері ғана емес, сонымен қатар жұмсақ бидайлар үшін де қайта қалыптасу ортасы болды. Бидайдың пайда болу және егіншілікке таралған орталары туралы осы айтылған тұжырымдамаларды қазіргі кезде ғалымдардың көпшілігі мақұлдап отыр. Бидайдың шыққан жері – алдыңғы Азия, орталығы – қазіргі Иран, т.б. елдер. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан (Греция, Италия) қатты бидай шықты. И.С.Сүлейменовтың (1973) топшылауынша, біздің елімізде Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834 жылдан өсіріле бастады, XIX ғасырда ол қазіргі Қостанай, Ақмола, т.б. облыстар аумағында себілген, ал XX ғасырдың басынан республикамыздың барлық жерлерінде өсірілуде. Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн/га, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай өндірудегі ірі мемелекеттер қатарына Қытай, АҚШ,ресей, т.б. жатады. Қазақстан республикасында өсірілетін бидай астығының 80% - дан астамы Солтүстік қазақстан аймағының үлесіне тиеді.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақ тақырыбы: Жануарлардың көбею формалары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.1 тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру 8.2.1.1 жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру Сабақ мақсаттары: Тірі ағзаларға тән қасиет көбеюдің түрлерімен танысып, олардың ерекшеліктерін біледі; маңызын түсінеді. .....
Акустика (грек тіліде άχούω, akustikos — естілетін, тыңдалатын) — физиканың ең төменгі жиіліктен (шартты түрде 0 Гц) ең жоғарғы жиілікке (1011-1013 Гц) дейінгі аралығын қамтитын серпімді тербелістер мен толқындардарды және олардың затпен өзара әсерлесуі мен түрліше қолданылуын зерттейтін саласы. Акустика — өте ерте заманнан белгілі. Ол алғаш адам құлағы ести алатын дыбыс туралы ілім ретінде дамыды. Ертеде Пифагор (б.з.б. 6 ғ. естілетін дыбыс тонының биіктігі мен перненің не кернейдің (трубаның) арасындағы байланысты тапты. Аристотель (б.з.б. 4 ғ.) дыбыс шығаратын дененің ауаны қысатындығын, оны сирететіндігін, ал жаңғырық дыбыстың кедергіден кері қарай шағылу құбылысы екендігін түсіндіріп берді. Леонардо да Винчи (15-16 ғ.) дыбыстың шағылуын зерттеді, дыбыс толқындарының таралуы дыбыс көздеріне тәуелсіз болатындығын (тәуелсіздік принципі) тұжырымдады. 17 ғ-дың аяғы мен 18 ғ-дың басында Г. Галилей дыбыс шығаратын денеде тербеліс пайда болатындығын және дыбыстың биіктігі оның жиілігіне, ал қарқыны дыбыс амплитудасына тәуелді екендігін тапты. Ауадағы дыбыс жылдамдыдығын алғаш рет франсуз физигі М. Мерсенн анықтаған. 17 ғ.-дың аяғынан 20 ғ-дың басына дейін Акустика механиканың бір бөлімі ретінде дамыды. Механикалық тербелістердің жалпы теориясы, дыбыс толқындарының (сер-пімді) белгілі бір ортада таралу және пайда болу заңдылықтары, дыбыстың негізгі сипаттамаларын (дыбыс қысымы, импульсі, энергиясы, дыбыстың таралу жылдамдығы, т.б.) өлшеу әдістері Ньютон механикасына, Гуктің серпімділік теориясының негізгі заңына, Гюйгенстің толқындық қозғағалыс приципіне негізделіп жасалды. Сөйтіп дыбыс толқындарының диапазоны кеңейіп, Акустика инфрадыбыс (16 Гц-ке дейін) пен ультрадыбыс (20 кГц-тен жоғары) аймақтарын қамтыды. Ағылшын ғалымы Т. Юнг пен франсуз ғалымы О. Френель толқын интерференциясы мен диф-ракциясы теориясын, аустриялық ғалым X. Доплер дыбыс көзінің бақылаушымен салыстырғандағы қозғалуы кезіндегі толқын жиілігінің өзгеру заңын тұжырымдады. Күрделі тербеліс процесін қарапайым құраушыларға жіктеу әдісінің (Фурье әдісі) жасалуы дыбыс анализін және гармониялық құраушылардан күрделі дыбыс синтезін алудың негізі болды....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология Сабақ тақырыбы: Жасушаның сызықтық ұлғаюын есептеу Сабақтың мақсаты: Микрофотографияны пайдалана отырып, жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Барлығы: микрофотографияны пайдалана отырып, жасушаның сызықтық ұлғаюын есептей алады; Көбісі:әртүрлі жасуша органоидтердің микрофотографияларын пайланып, олардың нақты сызықық ұлғаюын есептейді, негізгі өлшембірліктермен жұмыс жасай алады; Кейбіреулері: микроскоп арқылы көрген жасушаның сызықтық ұлғаюын есептейді......
Неврастения, астения (грек тілінен neuron – жүйке және asthenіa – шаршау, әлсіреу) – невроздың бір түрі; аса күйгелектіктен және тітіркенгіштіктен жүйкенің әбден шаршап, тозуы. Неврастения кезінде ауру адам тез ұйықтап кеткенімен, болар-болмас дыбыстан ұйқысынан лезде оянады; өзін аш сияқты сезінгенімен, тамақты көрсе болды, аштығы басылады; жүйкенің әбден тозуынан науқастың көңіл күйі тез өзгеріп отырады. Бұл айтылған клиникалық көріністер Неврастенияның 1-сатысында байқалады. Егер дер кезінде ем жасалса, науқас дертінен тез айығып кетеді. Аурудың 2-сатысында (аралық саты) жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер дами түседі. Науқаста психикалық қажудың әсерінен ынтасыздық, сәл нәрседен тітіркену (жылауықтық), бұлшық еттері әлсізденіп, саусақтардың, тілдің дірілдеуі байқалады. Аурудың ұйқысы, жүрек және қан тамыр жүйелерінің қызметі бұзылады, басы ауырады. Тамаққа тәбеті болмайды. Неврастенияның 3-сатысы (гипостеникалық) – бұл жағдай науқас организмінің ұзақ уақыт улануынан (алкогольмен, түрлі жұқпалы аурулармен, т.б.), бастан алған жарақаттан, атеросклероздан, ішкі органдардың түрлі ауруларынан болады. Бұл кезде ауру адамның жүрек соғысы жиілеп, денесі біресе ысып, біресе мұздап, басы айналады, организмі әбден әлсірейді (адинамия). Көңілсіздік басып, ауру дел-сал селқос күйде жүреді. Емі: Неврастенияның бастапқы сатысында жұмыс және демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыру, спортпен шұғылдану, таза ауада көп серуендеу. Ал ауру меңдіген кезде психотерапия және аутогенді дене шынықтыру әдістерін, дәрі-дәрмекті қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралардың айрықша маңызы зор.
Жайық өзені- Үйтас жотасындағы биіктігі 637 метр.Өзен Нәжім тауынан басталып (Оңтүстік Орал тауы) Башқұртстан,Ресейдегі Челябинск және Орынбор обылыстарының жерін басып өтеді де Тобыл өзенінен пайда болған өзектердің Мұғалжар және жалпы сырт шоқыларынан аққан суларына қосылып, молайып барып Каспийге құяды. Жайыққа Сакмара, Ор Елек өзендері, Барбастау және Солянка және Шаған өзендері құяды. Жайықтың арнасы 100-200 метрден 300-500 метрге дейін барады, ал жағалауы жар болып келеді. Каспий теңізі- тұйық теңіз. Ол шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына, физика-географиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 шаршы м. орташа ені 320 шақ, жағасының ұзындығы 7 мың шақ. Теңіз ауданның 371 мың шақ, су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025 м. Теңіздің ірі шығанақтары : солтүстігінде Кизляр, Консома,, шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз-Көл, Баку қойнауы,оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері: Құлалы, Тюлен, Чечень, Артем, Жылой, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулақ, Самур, Кура өзендері құяды. ....