Актиномицетов морфологиялық сипаттамасы. (ескі жіктелуі бойынша сәулелі саңырауқұлақтар). Актиномицеттердің саңырауқұлақтардан айырмашылығы жасуша құрылысы прокариоттық, жасуша қабырғасында хитин немесе целлюлозасы болмайды Тек жыныссыз жолмен көбейеді.Актиномицеттерді .....
Қаратау мен Батыс Тянь-Шанның қиылысында, тоғысында орналасқан Түлкібас (Түркібас) ауданы Қазақстандағы, тіпті бүкіл Орта Азиядағы флорасы бай өлкелердің бірі. Ауданның жер ауқымында 2000 - ға жуық өсімдік түрлері өседі. Түлкібас ауданындағы мұндай бай алуан-түрліліктің болуын оның табиғи жағдайларының байлығымен түсіндіруге болады. Өйткені осы ауданның жер ауқымында биік таулық, альпілік шалғындар мен мұздықтарға дейінгі (Ақсу-Жабағылыдағы биік тау, Иірсу) дүние жүзіндегі барлық табиғи аймақтардың үзінділерін кездестіруге болады (субтропикалық) саваналардан бастап Пістелі мен Дәубабадағы тау пістелі бадалшіліктер. Түлкібас ауданының жасыл жамылғысы мен флорасын өткен уақыттарға, дәуірлерге тән флоралардың өкілдері құрайды. Ежелден келе жатқан әр түрлі эволюциялық, табиғи-тарихи қатпарлардың осы өкілдері - Түлкібас жерінің флорасы мен өсімдіктер дүниесінің негізін қалаушылар. Одан бергі уақыттағы табиғи даму, түр құрылу өсімдік түрлерінің таралуы осы негізде жүрген. Тек осы өңірге ғана тән даму үрдісінің белгісі болып табылатын эндемик түрлер. Батыс Тәңіртау (Аспан тау) мен Қаратаудың тоғысындағы Түлкібас (Түркібасы) жері біздің еліміздегі өте маңызды эндемизм орталығы болып табылады. Жердің бетінде тек ғана Қазақстанда өсетін 850 эндемик түрлердің 41%-ы Оңтүстік Қазақстанда кездеседі. Тек Оңтүстік Қазақстан облысында кездесетін эндемиктердің 45%-ға жуығы осы Түлкібас өңірінде. Түлкібастың табиғи байлығы ежелгі уақыттан бері осы өңірді мекендеген ел-жұртың тұтыну қоры, тіршілік көзі болып келеді. Оның себебі - өсімдіктер дүниесі шаруашылыққа пайдалы өсімдіктердің 100-ге жуық түрін осы өңірдегі ел-жұрт кеңінен тұтынады, ал кейбір түрлердің тіпті елеулі өндірістік қорлары да бар. Кеңінен тұтынылатын түрлер мыналар: Сары долана - жемісі өте дәмді витаминге бай, жергілікті халық көп мөлшерде тосап қайнатып алады, соңғы жылдары үлкен қалаларға көптеп шығарылып сатылып жүр; Жабайы алма - Сиверс алмасы - жемісі дәмді, витамин мен пектинге бай, қоры тым азайып кеткен; Жабайы жүзім; Тay пісте; Жаңғақ; Рауғаш - қымыздық. Сонымен қатар, Түлкібас ауданында долананың, итмұрынның, шайгүлдің, жұпаргүлдің, солмасгүлдің немесе шөпшайдың, мыңжапырақтың, қызыл мияның, қылшаның, теміртікеннің, киікотының, тасшүйгіннің және т.б. бірқатар дәрілік және басқалай пайдалы өсімдіктердің жеткілікті қоры бар. Ал кейбір өсімдіктер үшін Түлкібас жері Бүкіл Қазақстан бойынша жалғыз өндірістік база болып табылады. Мысалы, сары долана, қызыл долана, алша, тау пісте. Бұл өңірдің флорасы хош иісті эфирмайлы ....
Иммунитет туралы ғылым XIX ғасырға дейін адамдарды мазалаған инфекциялық ауруларды жеңу үшін қатаң өмірлік қажеттілігі арқасында пайда болған.Мысал ретінде, адамдардың шешекті жеңуі. Ең алғаш шешек пусталарының сау адамғақоңырау арқылы қорғану Қытайда б.ғ.д. мың жыл бұрын, XI ғасырда қолданылды. Кейінірек бұл әдісті Индияда, Кіші Азияда; Европада қолдана бастады. Медиіина тарихына белгілі Шығыс ғылыми Әр-Рази .....
Ангстрем (қысқа таңбасы Å) — микроморфологияда қолданылатын ұзындық өлшемі. 1 Å = 10−10 м = 10−8 см = 0,1 нм. Бұл өлшемді 1868 жылы А.Й. Ангстрем тым ұсақ құрылымдарды өлшеу үшін енгізген. Бұл термин морфология салаларында (цитологияда, гистологияда) электронды микроскопиялық зерттеулерде қолданылады .....
Гельминттер дегеніміз - адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі. .....
Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны — өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік — бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер.Организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды. Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде — Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. Гиппократ жұмыртқа клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биомедицина және биоинформатика Сабақ тақырыбы: Жүрек жұмысы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): электрокардиограмма көмегімен жүрек автоматизациясының механизмін түсіндіру Сабақ мақсаттары: Жүрек-қантамыр жүйесі мен жүрек бұлшықетінің құрылымын білу; бір жүрек циклінің электрокардиограммасын сипаттау; ЭКГ тістерін және олардың белгілерін қоса алғанда, жүректің жұмысын диаграммалау....
Ғылыми жобаның мақсаты Үй өсімдіктер түрлерімен танысу, теориялық білім алып қана қоймай олардың адам ағзасына тигізер әсерін зерттеу.
• Ғылыми жобаның міндеттері: Үй өсімдіктер туралы ақпарат жинау; • Интернеттерден дерек көздерін қарастыру; • Жинаған ақпаратты сараптау, нақтылау; • Үй өсімдіктермен эксперименттік тәжірибе жұмыстарын жүргізу; • Зерттеу жұмыстары арқылы жоспарланған нәтижеге жету;
Ғылыми жобаның өзектілігі Қазіргі арпалыс уақытта адамдардың жүйке - жүйесі жұқарып, денсаулығы нашарлауына байланысты, олардың көңіл – күйін жақсарту факторларын зерттеп анықтау.
Ғылыми жобаның болжамы: Егер “Үй өсімдіктер - адам өмірінде” туралы толық мағлұмат алып, эксперимент түрінде дәлел тапсам, онда алған білімді күнделікте қолданып, өз отбасына қажетті үй өсімдіктерді өсіре аламын Күтілетін нәтиже: • үй өсімдіктер түрлері туралы деректі көздер жинақталады • интернеттен қажетті сайттарды анықтау, ақпаратты алу машығым артады. • эксперименттік жұмыстар жүргізу қабілетім қалыптасады. • сараптамалық, зерттеушілік мәдениетім дамиды.....
Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тері арқылы (термен) бөлініп отырады. Тері газдардың алмасуына қатысады, оттектің сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Тері – сезім мүшесі. Терінің құрлысы. Тері үш қабаттан: сыртқы, ішкі әне шел қабатынан тұрады (1сурет). Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Үстіңгі қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организмдегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады. Терінің ішкі қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және теріге серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты қан тамырлармен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады. Тері бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде – адам салқынды сезеді. Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Тері майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік қасиет береді. Шаш және тырнақ – бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбі болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі ондағы бояғыш заттарға байланысты. Бояғыш заттардың ыдырауынан шаш ағарады.....